«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастың ролі



бет3/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#9831
1   2   3   4

Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастың ролі

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.

Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.

Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.

Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.

Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.

Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.

Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және әдепті.

Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең жоғарғы құндылық ретіндегі адамның өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге асырылады; олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-аналардың ықпалымен дамып отырады.

ТАБИҒАТ – адам ең алдымен табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе өмір сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы да табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап, көмек көрсетеді.

МӘДЕНИЕТ – барлық жағынан көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер мен заттар (адамның материалдық мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме, сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде, мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени құндылықтарға қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен етене жақындасу балаларды өмірлік құбылыстарды бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.

Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның кәсіби, шебер, мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйікті ісі. Баланы жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат алатындай, нәтижелі, пайдалы іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі арқылы қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы қажет. Ол үшін барлық іске шығармашылықпен қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі балалардың қабілеттерін дамытады.

ҚОРШАҒАН АДАМДАР – адамның тек қана досы, тек қана анасы немесе тек қана баласы, тек сүйікті адамы ғана болып коймайды. Адамда олардың барлығы да болуы керек. Әртүрлі дәрежедегі жақын адамы, сондай-ақ құрбылас, туыстас, қызметтес және ортақ ісі бойынша таныстары, жолдастары болады. Мектептегі құрбыластарымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын кезең, осындай қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады. Сонымен қатар балалар ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымең, туған-туыстарымен қарым-катынас жасайды.

Қоршаған адамдармен қарым-қатынастан бала не алады? – дегенге келсек, бұл тек ақпараттармен алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен карым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, сенімге ие болады; қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе жинауға болады; жаңа әрқилы және қызықты нәрселерді білуге болады. Қарым-қатынас дегеніміз – бұл адамдарды тану, өз өміріңде, іс-әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді, әртүрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген – өмір. Қарым-қатынассыз өмір сүру мүмкін емес.

«МЕН» өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құрметпен сезіну. Жеке тұлғаның «МЕНІ» үйде, мектепте айтқанды қалт еткізбей орындау, темірдей тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен ережелер көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне және өзінің болашағына сенбейді, ортақ іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып қалады, өзін көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол себепті де баланы қарым-катынасқа үйретуде өзіндік «Менін» дұрыс жолға қойып, мақсатты түрде бағыттап отырған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды адами қарым-қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.

Қорыта айтқанда, өзін-өзі танудың түпкі мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру арқылы жан-жақты жетілген және үйлесімді дамыған адам тәрбиелеу болып табылады.

Адам өміріндегі достықтың мәні.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады дейтін түсінік жоқ…


Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз талабынан шыға алса болды. Ол талап еш жерде айтылмаған, жазылмаған. Оны адам достықтың мәнін сезіп, білген кезде түсінетіндей. Және біз дос болайық деп те айту – достықтың табиғатынан алыстау көрінеді маған. Себебі, достықты сөз емес, сезім орнатады. Қиындықта қасыңнан табылып, қуанышыңды сенімен тең бөлісе алса – сол сенің нағыз досың деннің өзі кейде достықтың нақ мәнін аша алмайтын сияқты. Өйткені, мұндай іс сенің ең жақын жолдастарыңның да қолынан келеді. Ал нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың.
Адамның нағыз досының болуы міндетті емес. Бірақ болмауы өкініш. Алайда адам өзі балалы болмайынша ата-ананың қадірін білмейтіні сияқты, досы жоқ адам да өмірінде достықта болып көрмеген соң немесе басқамен нағыз достықтың отын тұтатпағаннан кейін де ол өкініштің мәнісін де білмейді. Оны нағыз досыңды тапқанда ғана «егер мен бұл досыммен кездеспеген болсам, онда бұл да бір өкініш болғандай екен ғой» деп ойлап, сезесің.
Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Егер әлденені оған айтуда да көңіліңізде қандайда бір тозаңдай күдік болған болса, онда ол сіздің нағыз достық сеніміңіздегі адам бола алмайды. Досқа деген сенімнің болғаны сондай, оған өміріңнің тізгінін де сеніп ұстатуға да болады. Досыңмен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырыптағы дүниелерді еркін, айқын айту – достықтың бір парызы саналғанымен, жолдастармен мұндай тақырып қозғау кейде ыңғайсыздау болуы мүмкін. Достың жолдастан айырмасы осы.
Досардың (тағдырдың жазуы солай болса) бірге жүрмеуі – достықты әлсірете алмайды деп ойлаймын. Өйткені, берік сенім орнаған соң жер алыс болса да, достық сезім бір-бірінен бір сәт те алыстай алмақ емес. Туған бауырыңдай қашан да саған жақын болады. Кемшілігін туғаныңдай түсінікті тілмен қысылмастан жеткізесің немесе өзіңнің қателіктерің мен ұсыныс, талабыңды оған айта да аласың…Достықадамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Жалған достықты қалай анықтаймыз?

Британиялық кітапжегіш ғалымдардың айтуынша және Гвинеялық адамжегіш залымдардың дәлелдеуінше жалған достық былай басталады: 1-бөлім (Ми тоңқайту): Қыз жігітпен ойнап, қылығын көрсетеді. Жігіттің есі кетіп, тасын домалатып, назына жауап қайыра бастағанда, қыз аяқ астынан суып кетеді. Жігіт мән жайды түсінбей, «мен бірдеңе бүлдірдім бе?», «артық „движение“ жасап қойдым ба?» деп, тасын кері домалатып, көтін қысады… Қыз тап сол мезетте жігітті қайтадан өзіне тартады. Осылайша әрі-бері қыз ойыны басың айналып, миың шайқалғанша қайталана береді. 2-бөлім (Қаужау) Жоғарыда айтылған үздіксіз ми тоңқайту барысында, жігіттің назарын жоғалтып алмау үшін, қыз оған түрлі қыртыған мәнсіз сөздерді айтып, ұзын арқан кең тұсаудан шығармауға тырысады:



  • «Түсінгеніңе рахмет, сен нағыз азаматсың!»

  • «Неге жігіттердің барлығы сен сияқты болмайды екен, осы??»

  • «Сен сондай сүйкімдісің!»

  • «Менің жігітім нағыз оңбаған… шіркін сен идеал жігіт болар едің.»

  • «Сен маған ұнайсың» немесе «Сен ең керемет адамсың!»

  • «Сен маған ағам сияқтысың!»

  • «Егер менің жігітім болмағанда, мен сенімен жүруші едім.»

  • «Тууу, негізі менің талғамым нашар, неге мен сен сияқты жігіттермен кезікпедім екен?»

Сөйтіп жүріп, өзіне қыртым-сыртым сатып алып беруді, немесе басқалай қыдыртып, көңіл көтертуді меңзеп қалады, мақау жігіт сүмеңдеп айтқанына көніп, барын шашады. Қысқасы, ақшаға, назарға, уақытын бөлуге, жылауық әңгімесін тыңдатуға қаужай отырып, миын тоңқайтуды ұмытпайды. Жігіт қыздың өтірік шырмауында кептеліп, өмір бойы достық аймағынан шыға алмай мына жігітке айналады.

Сылтаулары (және оның аудармалары):

  • «Сен менен көп жас үлкенсің (қаусаған осырақ шалсың) немесе керісінше, сен менен тым кішкентайсың, (өйткені маған табыс табатын ағашкалармен „мутить“ еткен ұнайды).

  • Сен мені „анандай“ жағынан қызықтырмайсың (Сен сияқты ұсқынсыз жігітті көрсем көзім шықсын!)

  • Мен дайын емеспін, алдымен өзімнің ішкі дүниемді реттеп алуым қажет! ( сенсіз де мақау жігіттерім толып жатыр!)

  • Менің жігітім бар (мысығымның атын „Жігіт“ деп қойғам)

  • Мен әріптестермен жүріс жасамаймын (саған тіпті әртүрлі қалада жұмыс істесекте жоламас едім)

  • Мәселе сенде емес, менде (мәселе менде емес, сенде)

  • Мен қазір бар көңілімді жұмысқа бөлуім керек (зеріктіргенің соншалық, сенімен кездескенше, қызықсыз жұмысымды істегенім артық).

  • Мен биыл жеке өмірімді жоспарлаған жоқпын (Әсіресе, сен сияқты мұңайған боқ жоспарыма қалайда жоспарыма кірмейді)

  • Дос болып қалайықшы (мен сенімен қатынасты үзбей, ара-тұра өзімнің көңілдес жігіттерім жайлы айтып, керек кезінде мылжыңымды тыңдайтын тегін құлағым болғаныңды қалаймын, жылағым келгенде мұрын боғымды сүртіп, сүйеу болатын иығың керек, ұйқым келгенде басымды қойып, жастанатын боқ қарның керек)

  • Сен мен үшін тым жақсысың, мен саған лайық емеспін! (Былай тиісетін мін таба алмадым, бірақ бәрібір шопақ жегізіп нахқа жібергім келіп тұр)

Дін - рухани мәдениеттің бөлігі ретінде. Адамның діни сеніміне құрмет - оның таңдауына құрмет ретінде.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды».

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.

Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеггіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ьщырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды.

Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсәфи негіздерді қамтитын ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған...

Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Ислам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі береді. Мәселен, исламият адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.


Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Әлеуметтік ғылымдардың ұлттық мінездің бар екені мәлім. Ол туралы өте жақсы көлемде түсиндірілген Г.Д.Гачев «Халықтың ұлттық мінездемесі, ойлауы, әдебиеті өте «қу» және қиын «материя» болып табылады. Оның бар екенін сезгенімізбен айыруға тырысамыз. Бұл қауіптен құтылып қашуға болмайды, тек әрдайым түсінуге және онымен күресуге болады, бірақ жеңе алмайсың». Алғашқы «ұлттық мінездеменің» сипаты, яғни түсінігі алғашқыда әдебиеттерде,халықтардың өмір сипатын зерттеу мақсатымен барған саяхатта пайда болды. Айта келгенде авторлар ұлт мінездемелерін қортындылай келе, ең алдымен темпераментке және басқа да жеке тұлғаларына,үшіншіден,құндылық қарым –қатынасына көңіл бөледі. Мәдениетті болжауда,толық поттернді» зерттеуде ең басты мәдениеттегі жеке тұлғаның жаңа терминдері (мәдениеттің конфигурациясы, жеке тұлғаның ерекшелігі және модальдық ерекшелік) пайда болады, одан ол қайтадан «ұлттық мінездеменің» түсінігіне оралады. Бірақ қазір қайткенмен де әр түрлі көзқарас кездеседі. Дегенмен де олар өте құнды болып есептеледі ме, жеке тұлғаның элементі яғни әлемдегі барлық адамдарды біріктіреді немесе диференттік бір-біріне ұқсас жеке тұлға болып табылады. Жағдайдың қиындығының себебі, біздің кезіміздегі мінездің ерекшелігі, психолог түсінігі немесе жеке тұлғаның түсінігі. Дегенменде ұлттық мінездемені қарастыра келе, зерттеуші мынандай түсінік береді - өзінің методологиялық және теориялық көзқарасында - сондағы психологиялық ерекшеліктер бір елдің екіншісінен айырмашылығын анық принциппен көрсетеді. Біріншіден, мүлдем анық этностық мінезді көрсетсе - басқа көрсеткіштер мүлдем басқандайын көрсетеді Мұнда тағы да еңбекқорлық халықтың ортақ құндылығы болып табылады, бірақ та сол елдің тарихи құндылықтары сол елдің санасына, мәдениетіне әсер етеді. Әлеуметтік–тарихи интерпретация ұлттық мінездің бізге белгілі «Мәдениет және тұлға» жұмысында орын алды. Мысалы базалық тұлғаның түп тамыры, жеке тұлғаның әр түрлі мәдениет ортасына әсер етеді. Толық мысалда келтірілген «Құпия орыс жанының» зерттеу жұмыстарында алынған. Себебіне қарай оңай түсіндіруге келетін, орыс ұлттарының мінезі екінші дүниежүзілік соғыста, яғни соғыс заманында байқалған.

Оның ерекшеліктері жоғарыда айтылғандай британдық мәдениет антропологы Дж. Горердің жалғасу болжамынан шығады. Бірақ та, болжамды жақтаушылар нәрестелерді қатты байлап қою тәжірибесін патшалық және сталиндік кездегі автократтық саяси интитуттың негізгі себебі болып табылатынын және осы құбылыс орыс халқының маниакалды-депрессивті базалық тұлғаның қалыптасуына әкелетіндігін айтпайды. Керісінше, олар себептің бір жақты тізбегімен шектелмеуін сұрайды. Ал Эриксон, қатты байлап қою әлеуметтік мәдениеттердегі әмбебап дәстүр екендігін түсініп, оны дәл сол Ресейде одан сайынғы алға басқандығын айтады. Осылайша, оның ойы бойынша, орыс адамдардың қалыптасуына шаруа өмірлерінің суық климаттағы толық пассивтілік пен қызметсіздік әсер ететіндігін айтады. Н.А.Бердяев «орыс жанының формалды негізіне екі қарама –қарсы бастау: «Табиғи, тілдік дионистік стихия мен аскеттік–монахтық провасловие» әсер ететіндігін айтады. Неміс философы В.Шубарт та орыс мәдениетінің соңын батыс мәдениетінің ортасымен салыстыра отыра, орыс жанының негізін православие ерекшеліктерінен аңғартады. Психологиялық антропологияда тек қана орыс емес, сонымен қатар басқа да ұлттық мінездердің зерттеу тәсілдері бар екендігін ашты (балаларды тәрбиелеу тәсілі және балалардың тәжірибелерінің ерекшеліктерін бөліп шығару арқылы). Осылайша, Р.Бенедикт жапондық мінездің қарама-қарсылығын өзінің «Хризантема және қылыш» кітаптарында түсіндіруге тырысты. Бұның себебін ол Жапониядағы әлеуметтану ерекшеліктерінен тапты. Мәдениантропологтар ұлттық мінезді зерттеу кезінде неғұрлым «обьективті» әдістер қолданғанда, олар халық мінез туралы жалпы түсінігін жоғалтып, психологтар сияқты қасиеттердің жиынтығын құрастырады. Соңғы кезде «ұлттық мінез» түсінігі базалық және модальдық тұлға түсініктері сияқты психологиялық және мәдениантропологиялық әдебиеттер беттерінен жоғала бастады. Оның орнына этникалық қоғамдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін «менталдылық» түсінігі енді. Сонымен қатар этнопсихологияның қалыптасуының алғашқы қадамдарынан-ақ оның ірі өкілдері дәл сол менталдылықты зерттеп, бірақ басқа атпен атаған. Мысал ретінде О.Даунның «Швед менталдығы» кітабын қолдануға болады. Бұнда сандық (психологиялық тест және репрезентативті таңдауларда алынған сұраулар) және сапалық (терең интервью, мәдени-антропологиялық бақылау) әдістері арқылы алынған мәліметтер бірін-бірі толықтырады. Талдау жасау нәтижесінде Даун шведтерді сипаттайтын белгілерді мұқият түрде сипаттады: коммуникация орнатудан қорқу, жасқаншақтық, ұстамдылық, шындарлық, тәуелсіздік, эмоционалды суықтық және мұң. Бірақ «Анналдар» мектебінің тарихшылары менталдылықты қасиеттердің жиынтығы емес, оны бір-бірімен байланысқан түсініктер жүйесі ретінде түсіндірген .

Қалыптылық және ауытқу мәселесі.

Айтылған және басқа да этникалық психоздардың белгілері – еуропалық бақылаушы үшін экзотикалық қасиеттер, интерпретация мүмкіндігі тек олардың туғызған мәдениеттен екендігі.

Мәдениет психикалық ауытқуларды толғанудың формасын береді, әмбебап аурлардың белгісін шарттай отыра және мәдени-спецификалық аурулар пайда болуына жол береді. Қалыпты емес мінез-құлық сферасындағы мәдениет рөлін мойындау диогностика тәсілдерімен индивидтерді емдеуді қайта қарастыруы қажет.


Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Этносаралық қарым-қатынастар түрлі көзқарастар жағынан талдана алады, сондықтан қатынастарға қатысты мәселелерді зерттеумен көптеген ғылымдар-мәдениантропология, саясаттану, әлеуметтану,экономика, тарих, психология айналысады. Ал біз болсақ олардың тек әлеуметтік-психологиялық талдауымен шектелеміз .

Оқу құралының бірінші бөлімінде айтылғандай, этносаралық қатынастар психологиясы этноспсихология салаларының арасында ерекше орынға ие, өйткені әлеуметтік психологияның құрылымдық бөлігі болып табылады және мәдениантропология, сол сияқты психологияның басқа салаларымен тек жанама байланыста. Тек қана этносаралық қатынастарға тән ерекше психологиялық құбылыстар мен процестердің болмайтындығын есте сақтау қажет; олардың барлығы кітаптың бұл бөлімдегі біз сүйенетін топаралық қатынастар үшін универсальды болып табылады.

Топаралық қатынастардың тұлғааралық қатынастарға ықпал ету деңгейі онда қосылған адамдардың өздерін және басқаларды, ең алдымен, қандай бір топ мүшелері ретінде қаншалықты қабылдайтындарына байланысты. Осылайша, этникалық аз мөлшерлі топ мүшелері оларға деген айналасындағылардың көзқарасы олардың аралық сипаттарының емес, топтық мүшелігінің қабылдауына негізделген деп жиі санайды және көп жағдайда онысы дұрыс. Мысалы, 1995 сауалнама жүргізілген Петерден антипатияның дәл ұлтттық мотивті бойынша кезіккенін баса айтты.

«Адамдар» ұғымындағы көп мөлшерлі этнонимдер де осыны көрсетеді, мысалы, Сібір мен Шығыс халықтары-наанйлықтарда, нивхтерде, кеттерде және басқаларының көпшілігінде. Ал чукчаның өзіндік атауы – луораветландар - «нағыз адамдар». Бөтендерге деген осыларға ұқсас қатынасты, біз өз-өзіндерін deutsch деп атайтын халықтың орысша атауынан табамыз. Көне орыс тілінде неміс сөзімен анық емес, түсініксіз сөйлеген адамды қалай атаса, осылайша шетелдікті де: орысша сөйлемейтін келемсектер негізінен мылқау ретінде қабылданады, олай болса, адам болса да негізінен зияншыл ретінде.

Егер әлемдік әлеуметтік психологияда кең таралуға ие болған британ зерттеушілері А.Тэшфэл мен Дж.Тернердің жіктеу торын қолданғанда Поршнев концепциясында сөз әлеуметтік идентификциялау мен әлеуметтік дифференцияциялауды жіктеу («біз» және «оларға») процестері туралы болып отыр. Түрлі терминдерді қолдана отырып, олар жалпы писихологиялық принципті ұсынады, оған сәйкес жіктелетін топтардың дифференциациясы (бағалық салыстыру) басқа когнитивті процесс-топтық иденфикациямен (топқа тәуелділікті түсіну) үздіксіз байланысты. Поршневтің дәл айтып келтіруі бойынша: «түрлі қарама-қарсылықтар біріктіреді, түрлі бірігулерд қарама-қарсы қояды, қарама-қарсы қою шегі бұл бірігу бірігулер шегі».

Қоса кетсек, ең жалпы мағынада әлеуметтік ұқсастық өз тобын басқа әлеуметтік қоғамдастықтармен салыстыру процесінің нәтижесі болып табылады.

Этностық ұқастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамдас бөлігі деп санай отырып, жаңа заман зерттеушілері дәл сол уақытта тек оған ғана тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік жасауда . Осылайша, америккандық этнолог Ж.Девос этностық ұқсастылықты мәдени дәстүрге айналған және осы кезге немесе болашаққа бағыттталған басқа формаларына қарағанда өткенде қалған ұқсастылық формасы ретінде қарастырған. Этностық ұқсастылықтың тағы бір ерекшелігі мифологиялылық болып табылады, өйткені «оның басты тірегі – жалпы мәдениет, құрылу, тарих туралы миф немесе идея» деген Г. У Солдатовамен келісуге болады.


Қазіргі жастардың адамгершілік идеалдары: өзіндік ой-пікірлер, көзқарастар мен әрекеттер үшін жауапкершілік сезімі.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру бірлігі.Тұлға сана мен мінез-құлықтың қоғамдық формаларын игеруі негзінде қалыптасады. Адамгершілік сана деп – кеңес ғылымында адамдардың өзара қарым-қатынастарын, олардың қоғамдық іске, қоғамға қатынастарын реттеп отыратын, адамгершілік принциптері мен нормаларының адам санасында бейнелеуін түсіндіреді. Балаға өзі үшін жаңадан пайда болған ситуаияда мінез-құлық тәсілдерін таңдау кезіндегі бағдарлар ретінде адамгершілік түсініктердің үлкен көлемі, адамгершілік білімдердің қоры қажет. Бірақ адамгершілік түсініктерді игеру, адамгершілік сананы қалыптастыруда және дамытуды маңызды рөл атқара отырып, өзінен өзі адамгершілік мінез-құлықты қамтамасыз ете алмайды.Жеткіншектердің адамгершілікті даму мәселесі тәрбиенің теория және тәжірибенің өзекті мәселелерінің бірі.М. Неймарктің айтуы бойынша «адамгершілік деңгейі балалардағы физи-калық және саналылық мүмкін-діктеріне дейін жеткен жоқ», бұл дегеніміз қиындықтардың бар екендігін көрсетеді. Жеткіншек ересек болғысы келеді және болуы керек. Бір жағынан ол тәуелсіз, еркін, өзін табуға тырысады. Екінші жа-ғынан мақсатқа байланысты қоғам норма-лары, әлеуметтік рөлдерге байланысты қоғамдағы өз орнын тапқысы келеді. Басқа сөзбен айтқанда ол «азамат» болуы керек.



Үлкендердің тәрбиесін жеткін-шектерге саналы түрде жеткізу керек. А. Харче дұрыс айтқан екен, жеткіншектердің «психологиялық терри-ториясында» байланыс орнату керек. Оған өзін көрсетуге көмектесіп, соған жағдай жасау керек. А. Власкинаның ойы бойынша егер оны жұмыспен қызық-тыратын болсақ, мүмкін ол жұмысты табыспен орындауы мүмкін. Жеткіншектің моральды пси-хологиялық бейнесінің қарама-қайшы келуі, оның әке-шешесі және тәрбиешінің тарапынан талап-тарының сәйкес келмеуі. Кейбіреулері асыра бағаласа, ал екіншілері оның мүмкіншіліктерін мүлдем баға-ламайды. Мұндай олқылықтар неміс психологы А. Пассаковскийдің психо-логиялық зертте-улерінде жақсы талданған. Оңтайлы өзін-өзі бақылау – бұл бұкіл тұлғаның қызметі. Бірақ психо-физиологиялық көзқарас жағы-нан екі механизм ерекше қажетті көрінеді: «инстинкті-эмоционалды механизмдердің толу деңгейі немесе эмоционалдық толу, тағы да танымдық салалардың бірлігі және теңдігі» деп жазады польшалық психолог Я. Рейховский.Сонымен қатар жеткіншектік әлеуметтік-адамгершілік бейімделу проце-сінде жыныстық жетілудің әсер ету мүмкіншілігін ұмытпауымыз керек. Бұл көбіне буржуазды психологтарға тән мінез. З. Фрейдтің әсер етуі арқылы оқылатын оқуларда психологиялық концепцияларда ерекше бұл тенденция байқалады.Нефрейдтік концепциялардың әсер етуі, әсіресе, батыс психологиясында қатты байқалады. Мысалы, француз психологы Г. Мендель осы мәселеге байланысты көзге ерекше түсетін екі оқулық басып шығарды: «Әкеге қарсы көтеріліс», «Ұрпақ дағдарысы». З. Фрейд тағы да танымал болды. Ол баланы әлеуметтік даму мәселе-сін қарастырып, жыныстық иденти-фикациясына көп көңіл бөлді. Ұл бала идентификация кезеңінде әкесімен болуы тиіс. Сонда ғана онда «сверх-Я» қалып-тасады (моралды сана). Жеткіншектің адамгершілікті тәуелсіздігі, біріншіден ақпаратты-бағалаушы сана аймағында байқалады (адамгершілік түсінігі, көрініс, идеалар). Жеткіншектердің моралды түсініктерін зерттеген В.А. Крутецкийдің айтуы бойынша бұл жаста «жоғары адамгершілікті сана деңгейі» байқалады екен. Бұл жаста адамгершілік идеалы, жалпыланған көріністер бірлігі ретінде көрінеді. Рационалды-моралды идеалы бар тұлға адамнан көп жоғары тұрады. Тұлғада жоғары идеалдардың қалыптасуы, раци-оналды ойлау және терең эмоционалды негіздің дамуын шамалайды. Адам-гершілікті баға идеалдардағы ойлау мен сезім бір-бірімен өзара әсер ету арқылы байланысқан. Бұл байланыста қыздар мен ұлдар идеалдарының нақты ерекшеліктері көрсетіледі. Жеткіншек ұл балаларда идеал ережеге сай жалпыланған мінез көрсетеді, рационалды ойлауға көп сүйенеді. Қыздар көбіне өзін қоршаған ортадан идеалын табады. Ал ұлдар үлкен, кең диапазонда із-дейді. В.А. Сухомлинскийдің айтуы бой-ынша шындық сезімі ар дауысына сүйеніп, оларда терең болып келеді.Л.М. Архангельский көрсеткендей “идеалда қоғам мен тұлғаның жетілуінің обьективтілігі қажеттілігі көрсетіледі. Сондықтан “идеал” түсінігі шындықтың жалпылама көрінісінің идеалдарынан көрінеді. Бұл жағдайда идеалдың саласы ойлану мазмұны және нақты - тарихи мазмұнымен бітпейді. Абстрактілі логика болып қалып, идеал, ертегі кейіпкерін, яғни үлкен, орасан, зор күшке ие, бірақ ол күшін жұмсай алмайды, өйткені қайырымды өмірге әсер ету күштерінен айырылған – ерлерді еске түсіреді, оларға белгілі бір табиғи күш әсер етіп, халыққа көмектесіп, шын ниетімен жұмыс істеуі көрсетіледі. Адамгершілікті идеал – образында да, осы жағдайға ұқсас сюжет. Нақты көріністерді көрсететін адамдық белсенділікке ие “образ” болуы керек. Идеал тек ғана ойланып қоймайды, индивидтің эмо-ционалды-сезімтал жағдайында өтеді. Адам идеалды, өзінің жеке рухани жылылық мөлшері етіп қалайды. Одан өзінің “мен” көрінісін көреді. Тек осындай жағдайда ғана, адамгершілікті идеал тұлғаның қалыптасуында, ерекше орын алады. Адамгершілік идеалдық “саналылығын” іздеу жолында. Әрбір тарих бұрылысында идеал, адамның, екінші бір кісіге деген, саналы принциптерінің қарым-қатынасы ретінде қызмет еткен. Идеалсыз тұлғаның әлемдік дамуы, яғни әлеуметтік тәжірибесінің жалпылығы жоқ болар еді.А.Н. Леоньтев бойынша заттық сезімдердің пайда болып дамуы «эмоционалды константтың» әр түрлілігін, эмоционалды қатынастардың қалып-тасуының мықтылығын көрсетеді. Міне осындай қорытындылардан кейін сезім әртүрлі түрлерге бөлінеді. Адамгершілік сезімі туралы айтатын болсақ, ол адам шындықты қабылдаған кезде интел-лектуалды сезім іс-әрекеттің түрлеріне эмоционалды көріністер. Г.С. Абрамова бойынша идеал толық өмірдің пайда болуын шегендейді. Бұл жеткіншектердің күш салудың арқасында жүзеге асады.Жеткіншектердің «есею сезімінің» пайда болып, оның қатаюына, физикалық және рухани күшінің өсуіне көмектеседі.Идеал – кәсіби әрекеттің пайда болып, таңдауда елеулі әсер етеді. Ол өзінің күшіңді жұмсау керек аймағын ажыратып алу.Идеал – адамгершілік құнды-лықтарды таратып, қолдау кезінде макси-малды жалпылама көрініс көрсетеді. Кей кездері ол «жағымсыз» ретінде шығарады. Ал бірде мүлдем шынайы емес түрде көрінеді. Көптеген психологтар мен философтар моралды сананың дамуын негізгі үш топқа бөледі: ішкі моралды деңгей, мұнда бала эгоистикалық түсі-ніктерден шығып, белгіленген ережелерді орындайды; конвер-генционалды мораль – сыртқы мінез-құлық нормаларынан бағыт-талған және автономды мораль, яғни ішкі автономды қағидалар жүйесіне бағыт-талған. Алайда бір кезеңнен екінші кезеңге өту қиын, әрі қарама-қайшылықтарға толы. Моралды сананың күші – оның негізгі постулаттарының категориялылығы мен универсалдылығында. Адамгершілік ағза-ларын меңгере алуы үшін балалар – альтернативті, дихотомикалық ойлай білуі керек: жақсылық пен жамандық, жақсы немесе жаман және үшіншінің болуы мүмкін емес. Қарапайым адамгершілік нормаларын меңгере алмаған бала еш-қашан қандай да болсын ережелерде де, адамгершілікті адам болуы мүмкін емес. Бірақ адамгершілік тиым салумен тіркеу жүйесіне қосылмайды. Моральдық норма мен ережелердің бастаулары қайдан шыққан болса да, адамгершілік шешімі мен онымен байланысты жауапкершілік пен тәуекел тек жеке дара болады. Адам-гершілігі бар ересек адамдардың өзі бала-ның «ненің жақсы?» «ненің жаман?» деген сұрағына бір нақты жауап бере алмайды, яғни бір жағдай оның контексіне қара-мастан әртүрлі бағалануы мүмкін осыдан барып бағалау немесе өзіндік бағалау, моральды таңдау қиындығы туындайды. Нағыз адамгершілікті адам өзіне қатты талап қойғыш, сонымен қатар басқаларға төзгіш, әрі жұмсақ болады. Басқалардың келеңсіз әрекеттерін талдай отырып, сол әрекетті жасаушы адамға теріс баға беруден қашып, оның орнына өзін қойып, жағдайын жеңілдететін жолдарын іздес-тіреді. Ал керісінше жазулы моралистер басқаларды қатал сын айтып, өзіне жұмсақ қарайды. Бұл оның ойлау стиліне байланысты. Адамгершілік тұлғасына сәй-кес моральді мінез-құлық стилін қалып-тастыру бірнеше ретті автономды алғы-шартқа сүйенеді. Ол біріншіден нақты ақылдың дамуы, қабілет, қабылдау сәйкес норма және қылықтарды қолданып, бағалау деңгейін; екіншіден қабілетін қайғыруға қосу арқылы эмоционалды даму; үшін-шіден өзіндік тәжірибе және дербес мо-ральды қылықтар мен оларға еруші өзіндік бағалаудың жиналуы; төртіншіден әлеу-меттік ортаның әсері, ол балаға адам-гершілік және адамгершіліксіз мінез-құлыққа байланысты нақты мысалдар келтіреді.

Тұлғаның моральды дамуының көптеген жалпы бөлігі, яғни бүкіл өмірлік жолы және эксперименталды тексеруге тартылған когнетивті-генетикалық тео-риясы көптеген елдерде американдық психолог Лоренс Колбергке жатады. Ж. Пиаже шығарып, Л.С. Выготский ұстанған идеяны, яғни баланың моральдық сана-сының дамуы, ақыл-ойының дамуымен параллель жүреді деп Л. Колбергке осыдан бірнеше фаза бөліп шығарады.

«Ішкі моральді деңгей» бірінші сатыға сәйкес келеді. Мұнда бала тыңдайды, жазалаудан қашу үшін және екіншіден өзара тиімділік үшін бала эгоистік ойларын басшылыққа алады.

«Конвенционалды мораль» үшінші сатыға сәйкес келеді. «Жақсы баланың» модельді, басқалардың қолдауы үшін деген қозғалыстағы ниет және төртінші белгі-ленген тәртіп және анықталған ережелерге сүйену (ережелерге сәйкес келгендердің барлығы жақсы).

«Автономды мораль» - моральді шешімдерді тұлғаның ішіне ауыстырады. Ол бесінші А сатымен ашылады. Жеткіншек адамгершілік ережелерінің салыстырмалы және талаптылығын түсініп және логикалық дәлелденуін талап етіп, жағымдылығын қарастырады. Бесінші В сатысында релятивизм, көпшіліктің қызығушылық танытатын жоғарғы заңға бағынады. Тек осыдан кейін ғана (алтын-шы кезең) тұрақты моральды қағидаларды қалыптастырады.

Қазіргі кездегі жеткіншектері ешқан-дай негізсіз олардың эмоционалды еркін-дігі кейде олардың адамгершілігінің босаң-суының өсуіне әкеледі. Бірақ та үлкен-дердің тәртіптілігі олардың керекті тың-даушыға айналдырып, азаматтық күшінің аздығы, «жоқ» деп қатты айтуға қабілетінің жоқтығына әкелген.

Педагогикалық жұмыс стилі – адам-гершілікті сана мен мінез-құлықты қалып-тастырудағы маңызы. Баланың психи-касы, санасы мінез-құлқына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – ол, мектептегі жұмыс стилі, жағдай, режим және дәстүр. Мектептегі жағдай оқушының сезіміне, мінез-құлқына әсер етеді. Сол арқылы адамгершілік қасиеті, мінезі қалыптасады. Мектептегі әрбір бұрыш, бөлме, зал, сынып бөлмесіндегі әрбір зат оқушы жүрегіне жылулық ұялатуы керек. Ол мектеп табалдырығын аттағанда, тіпті түстердің өзі оған әсер етуі тиіс. Социологтармен дәлелденген қабырғаның түсінің эстетикаға сай тиімді таңдап алынуы оқу еңбегін 10-13% өсіреді. Мектептегі тәртіп және күн тәртібі – жинақылық, оқушыдағы адамгершілік қасиет, жауапкершілік, сыйламдылық, парыз сезімінің қалыптасуына әкеледі. Тәртіптілікте – адамгершілікті мінезі бар, егер қоршаған адамдарға деген үлкен сыйласымдылықты түсінуден туындаған жағдай да болады. Тәжірибелерде көрсе-тілгендей егер теріс қылықтар тиылмай көңіл бөлінбесе, онда кейін тұлға дамуында моральді төмендеу немесе қылмысқа әкеледі. Жеткіншектік жаста оқушы өзінің есейіп келе жатқанын сезеді. Олар тек жанұяда ғана емес, қоғамда өзінің рөлін білгісі келеді. Бақылау процесі кезінде қоршаған адамдар өмірі және әдеби шығармалар кейіпкерлерін танып біліп, олар әр адам әртүрлі ойланып, мақсат идеяларының бірдей еместігін түсінеді. Мәне осы кезеңде жеткіншектерде адамгершілікті идеал, яғни жоғарғы адамгершілікті сананың қалыптасқаны байқалады. Сондықтан осы жас кезеңінде адамгершілікті дамуды педагогикалық басқару қажет болып саналады.

Жеткіншектерге жағымды адамгер-шілікті қалыптастырып, жағымсыз нашар әдептер құтылу үшін, көмектесуде мұғалімнің де, оқушының үлкен күш жұмсауы да талап етіледі. Сонымен қатар әрбір айтылған тәрбие сөзі жеткіншектің ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Адам-гершілікті тәрбиелеудің негізгі фактор-ларының тағы бір түрі – түсіндіру. Мысалы, өзіңнен кіші оқушыларды ұруға болмайды, өйткені оған ауыр тиуі мүмкін, егер сені біреу соқса, ол жақсы болар ма еді? деп түсіндіру қажет. Жеткіншектердің адамгершілікті білім алуы жүйелі мақсатты бағытта болуы керек. Егер оқушы адамгершілік түсінігін, категориясын және принциптері туралы анық және нақты көріністерді білмесе, оған тұлға өмірі мен қоғамдағы моральдың рөлін түсінбейді. Сөзбен әсер етудің келесі формасы – сендіру. Сендіру түсіндіру мен нандыруға қарағанда өз мазмұнына қарай бөлек болады. Жеткіншек санасының дамуының нақты деңгейін көрсетеді. Сендіру – логи-калық мысалдар мен дәлелдер жүйесінде құрылады. Мысалы, егер оқушыларға мінез-құлық нормасы туралы әңгіме өткізсек, оның адам өміріндегі рөлі мен әлеуметтік мәнін ашуы тиіс. Тағыда бір мысал сыныпта мұғалім оқушының дұрыс емес мінез-құлқының нәтижесінің, оның нашар етіп көрсететінін дәлелдеуі керек. Педагог жеткіншектерді сендіру арқылы өзінің және айналасындағылардың мінез-құлығына сын көзбен қарап, таңдау жасауын түсіндіруі керек. Міне сондықтан сендіру сезім, ниет, әрекетіне талдау жасау арқылы ұстамды моральді қалыптасуына көмектеседі. Сұрақтарға оқушылар логи-калық жауап қайтаруы тиіс.

Обьективті және субьективті фактор-лардың бірлігі мен өзара әрекеті, адам-гершілікті сананы қалыптастырудағы еле-улі мәселе. Мектептегі қарама-қайшы-лықтар жеткіншекке басқаша әсер етеді. Жеткіншектің адамгершілік санасы мен мінез-құлығына кері әсер ететін факторлардың бірі - ол мектепте және жеке тұлғалардың мінез-құлығынан қалып-тасатын адамгершілікті идеалдар ара-сындағы келіспеушілік. Күнделікті өмірде адамгершілікті әрекеттермен қатар өтірік айту, қаталдық, дөрекілік сияқты факторлар кездеседі. Моральді білімнің аздығы, психологиялық, эмоциялық сауат-сыздық нәтижесінде кейбір ересектер жеткіншектер алдында жағымсыз әрекеттер және дөрекі сөйлеуі мүмкін. Бұл мысал балалардың оларға еліктеп, жаман жолға түсуіне әкеледі. Жағымсыз әрекеттерді дұрыс әрі ақылмен қабылдап, тұлға дамуында жақсы әсермен қалдыруға тырысуы керек. Бұл көзқарасты Г.А. Медынский «Трудная книга» оқулығында былай деп қарастырады: „Зұлымдықты білу, оны мойындау емес, оған қарсыласып, алдын алуымыз керек. Міне бұл жақсылықтың міндетті жағы, адам тұлғасының нағыз сенімі“. Адамгершілікті тәрбиелеуде теория мен тәжірибенің шынайы сын көзқарасын Я.С. Турбовский өз мысалдарында қарама-қайшы жақта көрсетеді. Өз жұмысында әрбір адамгершілікті қасиетке сай жағымсыз қасиеті көрсетеді. Мысалы, жақсылық пен зұлымдық, жақсы мен жаман.

Жеткіншектер 14-15 жаста өз құрдас-тарының іс-ірекеттері туралы ғана емес, өз іс-әрекеттері туралы да, содан кейін қандай оймен жұмысқа араласатыны туралы да көп ойланады. Жеткіншек өз тобын-дағыларға жеке шығармашылықпен қа-райды. Олардың әрқайсысы өз ерек-шеліктерімен ерекшеленеді (қабілет, бел-сенділік, ақылдылық). Жеткіншектер әрбір жасалған іс-шараларға өте сезімталдықпен қарайды. Оларды ұстап, уақыттарын алуды көздеп, ұйымдастырылған шараларды тез түсінеді. Ұжымның өмірі мен іс-әрекеті жеткіншекті егер оның қызығушылығына сәйкес келіп, әсер алған жағдайда ғана толғандырады .

Адамгершілікті адам шынайы іс-әрекет арқылы басқалармен қарым-қатынасқа түсуден алады. Жеткіншектік жаста адамгершілік және идеал жайлы белгілі бір бейне әрекетін түсініп және таңдап дамытудан пайда болады. Біз бұрын әдетті ғылыми зерттеу арқылы жалпы адамгершілік процесін жекелей бөлсек, енді адамгершілікті таңдау кезінде сөз және іс, адамгершілікті білім және бұл білімді қолдана алу қабілеттің қажеттілігін түсінеміз. Сонымен адамгершілікті таң-дауды дұрыс орындау - тұлғаның адамгершілікті дамуында негізгі жай. Жеткіншектердің адамгершілікті дамуына қатысты жалықтырмайтын зейін – бүгінгі күнгі негізгі талап. Мұнда Л.И. Божовичтің ойынша баланың нақты бейнелерге байланыста қандай қатынаста бола-тындығы шешуші рөлге ие.

Жеткіншектердің идеалына ұнайтын бейнелерге келсек, мұның өзі түрліше кездеседі. Жеткіншектің идеалы көркем әдебиеттердегі кейіпкерлер, не өзінің жақсы білетін, жақсы көретін адамы да болуы мүмкін. Егер идеалы кейіпкерлер болса, осы тек бір кейіпкердің бейнесі емес, жинақты бейне түрінде жүзеге асуы мүмкін. Әр кейіпкердің ұнамды жақтарын жинап, біртұтас жинақты бейне жасап, кейін соған еліктейтіні кездеседі. Елік-тейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, барлық күшін, оның ісіне еліктеуге салып, ақылын, сөзін тыңдауға ұмтылады.

Жеткіншектерде идеал - өзін-өзі тану және өзіндік шыңалуда қажеттілік тудырады. Идеал түсінігін дұрыс қабылдау қажет. Тек осы жаста ойдағы идеалға еліктеу процесі жүреді. Міне бұл жеткіншектік жастың басты ерекшелігі. Алайда өз идеалыңды дұрыс табу оңай шаруа емес. Жеткіншек өмірі жайлы ойланып, өз жолын таңдау керек екенін сезеді және түсінеді. Жақсы оқу, тіпті жақсы мінез-құлықтың жеткіншекке аздық ететінін түсінеді. Мұғалімдер жоғары адамгершілікті идеалды ұсынады. Жеткін-шектер идеалында, мысалы қыздарда-қыздарға тән, ал ұлдарда-ұлдарға тән ортақ қыр және қасиеттер міндетті түрде болуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу түрткісі ретінде идеалдың алатын рөлі ерекше. Жеткіншек өз-өзіне талдау жасауда жақсы немесе жаман екенін анықтап ғана қоймайды. Алдыңғы айтылғандарды қорытындылай келе, келесі нәтижеге келеміз:

- жеткіншектік жастағы идеал, бұл өзін-өзі тәрбиелеудегі күшті түрткі;

- өзін-өзі тәрбиелеуді жақсы ұйымдастырып жеткіншек алдында идеал-ды көрсетуде, ойластырып, дифферен-цияланған келіс болуы қажет;

- жеткіншектерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістері үйретілмеген жерлерде, тұлғаның даму процесі қиындайды.

Жеткіншектің зиятты дамуы және адамгершілікті идеалының дамуы - өмір ережесі ретінде анықталады. Идеалға ұмтылу жеткіншектік жастың ерекше белгісі. Адамгершілікті идеал адам өмірінің түрткісі болып саналады: «біріншіден баланың адамгершілікке тырысуына тұрақты және жиі жүйе құрайды, екін-шіден, егер идеал саналы, түсінікті болса, онда жеткіншекке адамгершілік эталоны қасиеті ретінде болады. Адамгершілікті идеалды түсіну әрқашанда оның әрекет-тілігін көрсете бермейді. Адамгершілік идеал жоғары бағаланып, таңдану сезімін тудырса, көбінде тұлғаның дамуына әсер етпейді. Идеал жеткіншек дамуына елеулі әсер етуі үшін, идеал – абстрактілі, арман сияқты болмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет