Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет2/5
Дата02.12.2019
өлшемі434,5 Kb.
#52850
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 сынып сабақ жоспары2



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№4 орта мектеп №__5__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып:Білім – өмір шырағы.

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық

Сабақ мақсаты: оқушыларға білім туралы түсінік бере отырып, білімнің ізгілікке бағытталуының дұрыс әрекет болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Білімді ізгілікке, жақсылыққа бағыттауға үйрету;

  • Жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту;

  • Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Қазына» ел аузынан 18 бет оқу.

  • Бұқар жырау неліктен «Қазына білімдінің басында» деп айтты?

  • Білімді адамда қандай қасиеттер болғанда қазынаға айналады?

  • Өмірде біліміңді пайдаланып дұрыс жол тапқан кездеріңді айтып беріңдер?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Білім - өмір шырағы» Халық даналығы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Ақылды етікші

     Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне: 

 -  Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға: 

 -  Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқаныңыздай орнына келтіретін болды, - дейді. Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн болған соң үстіне бөтен, ескі киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып тұрған үйге келсе, үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыны көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы: 

 -  Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың? «Ешкім басына пайда қылмасын және шам да жақпасын», - дегені қайда? - дейді. Сонда етікші: «Сенің онда не жұмысың бар? Сондай әмір қылып отырған патша да ақымақ. Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда қыламын да, төрт теңге зиян қыламын. Міне, мен сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», - дейді. Патша бұған жауап қайтармастан үйіне келеді де, ақылды төрт уәзірін шақырып алып: Сіздерді басқалардан ақылы көп деп, өзіме уәзір қылып едім. Енді менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын. Сол пайдам мен зияным не? Үш күн ішінде соны табыңдар. Таба алмасаңдар, бастарыңды аламын! Өздерің таппасаңдар да табатын кісі тапсаңдар, жазадан құтыласыңдар! - депті. Уәзірлер үш күннің ішінде өздері де шеше алмай және табатын кісі де таба алмаған соң, енді патшаға көрінбей, қашпақшы болып жүргенде, баяғы етікші уәзірлерге келіп: 

-  Мен патшаның сұраған сауалын тапсам, сіздер маған не берер едіңіздер? - дейді. Уәзірлер төрт мың ділда бермекші болады. Етікші уәзірлерден төрт мың ділданы санап алып, олармен бірге патшаға барады да: 

 -  Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт сом зиян қылам. Ол былай: бір сомды қарызға беремін. Бір сомды ескі қарызымды төлеуге беремін, бір сомды құдыққа тастаймын, бір сомды әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - депті. 

Сонда патша: 

 -  Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақшаға бәріміз де түсінеміз, қалған үш сомның жұмсалған орнын анықтап түсіндір, - депті. Бұл сөзге етікші былайша жауап қайырыпты: 

 -  «Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда өзімді асырар», - деп балама беремін. «Бір сомды ескі қарызыма беремін» - дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі әкем мен шешеме беремін. «Енді бір сомды құдыққа тастаймын» - дегенім: күйеуіне тұрмай, қайтып келіп отырған қызым бар, соған беремін дегенім, - депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір қылған екен. 



  • Патша қандай хабарды жариялауды бұйырды? Неліктен?

  • Етікші патшаға не деп жауап берді?

  • Етікші өзінің тапқан төрт теңгесін қалай жұмсайды?

  • Етікшінің бойында қандай қасиеттер бар?

  • Сендер өз теңгелеріңді қалай жұмсайсыңдар?

Интернет желісінен

  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Суретке назар аударыңдар. Рухани бай, білімді болу үшін өздеріңе қажетті қасиеттерді оқып, естеріңе сақтап алыңдар.



2-тапсырма.

Берілген кітаптарды қайсысын таңдар едіңдер№ Неліктен?



3-тапсырма.

Сөйлемдерді аяқта. Жауаптарыңды жеміс ағашына жаз.



  • Барлық қиындықты абыроймен жеңуге көмектесетін қаситеттер:

  • Оқып, білуге талпындыратын қасиеттер:

  • Бастаған ісіңді нәтижелі аяқтауға көмектесетін қасиеттер:




  1. Топпен ән айту.

«Мұғалім - ол біздің» 23 бет.

Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

«Бізге сабақ болған бата ...» Жазира Жайлаубекқызы

20-22 бет оқу.






  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__6__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып:Білім – өмір шырағы.

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық

Сабақ мақсаты: оқушыларға білім туралы түсінік бере отырып, білімнің ізгілікке бағытталуының дұрыс әрекет болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Білімді ізгілікке, жақсылыққа бағыттауға үйрету;

  • Жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту;

  • Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Бізге сабақ болған бата ...» Жазира Жайлаубекқызы

20-22 бет оқу.



  • Оқушылар неліктен атайдың батасын түсінбеді?

  • Атайдың батасынан қандай құндылықтар мен қаситеттерді байқадыңдар?

  • Мұғалімнің «Кім болсақ та, біздің жақсы адам, жақсы дәрігер, жақсы қаржыгер болғанымыз маңызды» дегенін қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің үлкендерден қандай бата алдыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Білім - өмір шырағы» Халық даналығы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

«Шоқан» Г.Потанин

Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да,үлкен кісідей болатын.Шоқан өз жұртын қатты сүюші еді.Қолынан келсе,қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын,еліне қызмет етубар мақсаты еді.Ол әрдайым: «Мен ең әуелі қазағымды сүйемін.Одан кейін Сібірді,одан кейін Ресейді,одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін»,-дейтін.

Осыған дейін ауыл мектебінде қазақша оқып,хат танып келген Шоқан өзінің алғырлығы мен туа біткен қабілет,дарынының арқасында кадет корпусына түскен алғашқы жылдың өзінде-ақ орысшаны бір кісідей біліп қана қоймай,сабақ жөнінен де алдыңғы қатардан көрінді.

Ауылда ешкім бетіне келмей,ерке болып өссе де,ол корпустың қатал талабы мен ашқұрсақ тәртібіне көп қиналмастан тез көндігіп кетті.Олар тұруға бұйрық берілісімен жылы төсектен секіріп-секіріп түсіп,тез киініп дене шынықтыру жаттығуларын жасайтын.Содан кейін тізіліп асханаға баратын.Сол жерде балаларға бір-бір тілім нан беріледі.Ертеңгілік тамақтың бары осы.Соны қаужап болғансын кластарға барып,түске дейін сабақ оқиды.Түстік астың түрі де әрдайым біркелкі.Ашыған капустадан жасаған сорпа мен май ботқа.Түстен кейін тағы үш сағат сабақ.Кешкі ас та қалайы тостағанға салып беретін май ботқа мен квастан тұрады.Содан кейін кадеттер ұйқыға кететін.

...Осындай сергек тәрбиенің ықпалы әуелден алғыр Шоқан үшін аса бір пайдалы болғаны өзінен-өзі түсінікті.Ол өзінің зеректігінің арқасында екі-үш жылдың ішінде-ақ,шәкірттер мен мұғалімдердің назарына ілікті.

Сұрақтар:

1. Бұл әңгімеденқандай ой түйдіңдер?

2.Шоқанның жетістікке жетуіне қандай қасиеттер ықпал етті?

3.Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?





  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. 22 бет.



  • Сендер қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің білімді қайдан аласыңдар?

2-тапсырма.

Төменде берілген пікірлерді басшылыққа алла отырып, «Мені жақсылыққа бастар жол» тақырыбында күнделік жазыңдар.



  • Жақсы болыңдар.

  • Жақсылықты ойлаңдар.

  • Жақсылықты айтыңдар.

  • Жақсылықты тыңдаңдар.

  • Жақсылықты көріңдер.

  • Жақсы әрекет жасаңдар.

  • Жақсылыққа жеткізер жол – осы.

3-тапсырма.

Жұмбақтардың шешуін дұрыс тапсаң, саған оқу-білім үйренуге көмектесетін адамдар мен заттардың аттары шығады. Олардың суреттерін сал.






  1. Топпен ән айту.

«Мұғалім - ол біздің» 23 бет.

Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

«Менің мектебім» Жазира Жайлаубекқызы 24 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__7__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Мектеп – біздің ортақ үйіміз

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік, құрметтеу

Сабақ мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Мектептегі мінез-құлық ережесінің мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып, ұғындыру;

  • Ұқыптылық, жауапкершілік қаситеттерін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Тыныштық мезеті

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің мектебім» Жазира Жайлаубекқызы 24 бет оқу.

  • Атайдың өз мектебін мақтаныш етуінің себебі неде?

  • Атасы мектебіне нені (кімді) асқақ, жарық, таза деді? Неліктен?

  • Сен өз мектебіңде нені (кімді) асқақ, ең жарық, ең таза дер едің? Неліктен?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Мектеп – кеме, білім – теңіз, барар жерге тез жатаміз»

Қасым Аманжолов

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Табанды  бала Аңыз әңгіме

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. 

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.

Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.  

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.

Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.

Сұрақтар:

·  Бала өз мақсатына қалай жетті?

·  Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

·  Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?





  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Бұлттағы мінез сипаттары екі оқушының қайсысына тән деп ойлайсыңдар? Неліктен?



2-тапсырма.

«Менің мектебім» тақырыбында шағын әңгіме жаз.






  1. Топпен ән айту.

«Ақылшым – мұғалім» 30 бет

Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!»

Михаил Водопьянов 26-27 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__8__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Мектеп – біздің ортақ үйіміз

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік, құрметтеу

Сабақ мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Мектептегі мінез-құлық ережесінің мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып, ұғындыру;

  • Ұқыптылық, жауапкершілік қаситеттерін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!»

Михаил Водопьянов 26-27 бет оқу.

  • Леваға жақсылық жасауға сыныптастарын не итермеледі?

  • Сыныптастардың іс-әрекетінен қандай құндылықтар мен қасиеттерді көруге болады?

  • Өздеріңе сыныптас достарыңның жасаған жақсылықтарын естеріңе түсіріп, әгімелеп беріңдер? Сол кезде не сезіндіңдер?

  • Сендер бір-біріңе қалай көмектесесіңдер?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Мектеп – кеме, білім – теңіз, барар жерге тез жатаміз»

Қасым Аманжолов

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Менің ұстазым

Мен мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап менің алғашқы ұстазым пайда болды. Ол ұстаз Кыдырбергенова Гүлзира. Менің ұстазым қолымнан жетектеп алғашқы орындыққа отырғызып әліппе кітабын ұсынды. Әріп емілесін салуды үйретті. Қанша қателік жіберсекте қабағын шытпай шыдамдылықпен, ыждағатпен оқып үйретті. Қандай адам тіпті қандай ақын, жазушы ғалым болсада ұстаздан білім алған. Қазақ халқының ең алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамызды мақтан тұтамын. Ыбырай атамыз балаларды оқуға шақырып білімін арттырған. Иә, ұстазға қанша алғыс айтсақта жеткіліксіз. Біздің өміріміздің алғаш кірпішін қалаған адамға бас имеуіміз үлкен қателік. Ұстаз бізді өмірде адаспай, дұрыс жолмент жүруге бағытттайды. Ұстазды сыйлау біздің міндетіміз.

Ол біз қуансақ қуанып, ал қайғырсақ қайғырады. Сен өмірден ұстаздан артық адам таба алмайсың. Ұстазды тыңдасаң өскенде жақсы маман иесі болып, өмірден өз орныңды табасың. Ұстаз біздің екінші анамыз сияқты болып кеткен.

                                   Ұстаздар мейірбан,

                                   Нұр құйған санама.

                                   Тілегің болсын түлекке,

                                   Үлпілдеп тұрған жүрекке.

деп ұстазыма өлең жолдарын арнаймын.



  • Ұстаздың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттерді көруге болады?

  • Өздеріңнің ұстаздарыңның бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Мектептегі достық, жолдастық ережесін жасаңдар.



2-тапсырма.

Сені рухани бай болуға жетелейтін үш қасиетті жұлдызшаларға жаз, боя.



3-тапсырма.

«Таза мектеп ауласы» акциясының жоспарын жасап, жүзеге асырыңдар.



4-тапсырма.

Тарау бойынша білімді бекітуге арналған тестілеу сұрақтары.






  1. Топпен ән айту.

«Ақылшым – мұғалім» 30 бет

Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

«Жүре алмайтын бала» Василий Сухомлинский

32-33 бет оқу.






  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__9__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Өзіңді жақсылықпен таразыла

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

  • Оқушыларды қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Жүре алмайтын бала» Василий Сухомлинский 32-33 бет оқу.

  • Павлик Василекті қалай қуантты?

  • Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық жасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?

  • Жақсылық жасау арқылы адам нені үйренеді?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Жүрек жарасы – жамандықтан

Аңыз

Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адамбаласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр »,- дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді: «Әке, мен  енді  ешкімге  жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ ».Сонда әкесі былай дейді: « Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр »,- дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа қараса, ол  тесік – тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: « Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады »,- дейді.



Талқылау сұрақтары:

? Әкесінің баласы қандай болып өскен ?

? Әкесі қандай амал ойлап табады ?

? Баласы өз қатесін түсіне алады ма





  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма

Кестені толтырыңдар. Оларға қандай жақсылық жасар едіңдер?



Әкеме




Анама




Ағама




Әпкеме




2-тапсырма

Жағдаятты шешіңдер. Сахналап көрсетіңдер.

Теледидардан сүйікті мультфильміңді көріп отыр едің, досың телефон шалып, үй тапсырмасын орындауға көмектесуді сұрады.

Сенің әрекетің?



3-тапсырма.

Кімнен жақсылық жасауды үйреніп жүрсің? Сол адамға не сыйлар едің, суретін салып, боя. Сыйға тарт.






  1. Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай» 38 бет

Өлеңін және сөзін жазған: Айымгүл Меңжанова






  1. Үй тапсырмасы.

«Сәтемір хан» Ы. Алтынсарин 34-35 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__10__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Өзіңді жақсылықпен таразыла

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

  • Оқушыларды қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Тыныштық мезеті

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Сәтемір хан» Ы. Алтынсарин 34-35 бет оқу.

  • Сәтемірге құмырсқа қандай сабақ берді?

  • Қоршаған ортадан жақсылыққа үйренуге болады ма? Мысал келтіріңдер.

  • Өздерің қоршаған ортадан үлгі алған кездерің болды ма? Мысал келтіріңдер.

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?





  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Суретке қараңдар. Ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? Айтып беріңдер.



2-тапсырма.

Бүгін қандай жақсы істердің куәсі болдың? Жаз.






  1. Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай» 38 бет

Өлеңін және сөзін жазған: Айымгүл Меңжанова






  1. Үй тапсырмасы.

«Ананың сүйіспеншілігі» Өсиет әңгіме 39-40 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__11__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Адам жақсы ісімен көрікті

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: ізгілік, адалдық, сыйластық

Сабақ мақсаты: отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Отбасындағы ізгі қарым-қатынас жасауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Адалдық, сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • Ізгілкке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Тыныштық мезеті

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Ананың сүйіспеншілігі» Өсиет әңгіме 39-40 бет оқу.

  • Осы өсиет әңгімеден қандай сүйіспеншілікті байқадыңдар?

  • Мәтінде ананың сүйіспеншілігі неліктен жанған шырақпен салыстырған?

  • Өз ата-анаңның сүйіспеншілігін неге теңер едіңдер? Себебін түсіндіріп бер.

  • Өз отбасыңдағы жақындарыңның мейірі мен сүйіспеншілігін неден, қалай сезінесіңдер?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Үлкен алдында жас парызы,

Ата алдында бала парызы – әдеп пен сый»

Мұхтар Әуезов

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Әдепті  сөз
          Менің атам:   «Әдептілік сөзден білінеді. Әділет ағаңа ұқсап,әдепті сөзді үйреніп ал,балам»,-деп маған өсиет айтады. Ағатайым  институтта оқып жүр. Ол жақында каникулға келді. Мен оның әрбір ізетті,инабатты іс-қимылдарына назар аудардым. Әдепті сөздерін  ұғып, жадымда  сақтадым.  Өзім  де әдепті сөздерді қолдана бастадым .
     Әділет ағатайым  келем  деген  уақытынан  кешігіп келді.  Ол танадай  көздерінен нұр шаша күлімдеп, атамды аймалай  құшып амандасты:
          -Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім....
          -Айыбы жоқ,балам, «Жолаушының жолы біледі»деген.
           Ғафу етіңіз, Сізге сыйлайтын сый-сыяпатым да көңілдегідей емес.
Оқасы  жоқ, ботам! «Ізетке найза бойламайды»  деген
Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.
-Қош келдіңіз! Куаныштымын, -дедім мен. 
Ағатайым бетімнен сүйіп: 
-Атамның тілің алып жүрсің бе?-деді. 
-Маған сеніңіз,-дедім мен.
-Атасының жанашыр қамқоршысы,күні ғой бұл-жарығым!-деп , атам мені мақтай бастағанда,асыра мақтауды жөнсіз көріп,іштей қысылдым.Кейбір  «еркелігім» есіме түсті.

Ағатайым анам, әкем,аталарыммен кездескенде қандай әдепті сөздер айтар екен деп,оның әрбір қимылына,әсерлі сөзіне ықылас қойып,қасынан қалмай жүрмін.


-Балам,шкафтағы кітаптарды сәндеп,реттеп қой,-деді көкем.
-Құп болады,-деді Әділет ағатайым.
-Әділжан,мына жуылған киімдерді үтіктеші,-деді апам.
-Сізге қызмет етуге әзірмін,апа,-деді ол.
-Мына ініңе әдептілік,имандылық,ианабаттылық дегеннің не екенін үйрет,бала,-деді атам.
-Сөзіңізге құлдық,ата, «Кішіден ізет,үлкеннен парасат» деуші едіңіз ғой...
  Мен ағатайымның әдепті сөздерін өзімнің өнегелі сөздері жазып жүрген дәптеріме жаза бастадым.Әдепті сөздерді мен осылай үйрендім.

  • Әділжан әдептілікті кімнен үйренді?

  • Әділжан ағасының бойында қандай қасиеттер бар?

  • Әдепті адамның бойыңда қандай қасиеттер мен құндылықтар болады?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Отбасыңдағы өз міндеттеріңді жазыңдар. Оны қалай орындап жүргендеріңді әңгімелеп беріңдер.



2-тапсырма.

Отбасы бақытты болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: көтеріңкі көңіл күй, парызды орындау, сыйлықтар, дәмді тағам, жайлы жағдай, жақсы ниет, жақсы тілек, жақсы көру, сыйлау, құрметтеу, сабырлылық, тыңдау, ақылдасу.

3-тапсырма.

Отбасы мүшелерінің туған күндерін есіңе түсір. Ашық жолдарға олардың туған күні мен айын жаз.






  1. Топпен ән айту.

«Бала тілегі» 42 бет.

Өлеңін жазған: Фарида Жолдасова

Сөзін жазған: Сержан Молдасанұлы





  1. Үй тапсырмасы.

«Аурудан аяған күштірек» Ы. Алтынсарин 40-41 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__12__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Адам жақсы ісімен көрікті

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: ізгілік, адалдық, сыйластық

Сабақ мақсаты: отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Отбасындағы ізгі қарым-қатынас жасауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Адалдық, сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • Ізгілкке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Аурудан аяған күштірек» Ы. Алтынсарин 40-41 бет оқу.

  • Сейіт неліктен ауруды сезінбеді?

  • Әңгіме неліктен «Аурудан аяған күштірек» деп аталады?

  • Сейіттің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?

  • Өздерің жақындарыңды қиналтып, уайымдатпау үшін не істей аласыңдар? Не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Үлкен алдында жас парызы,

Ата алдында бала парызы – әдеп пен сый»

Мұхтар Әуезов

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Бұлақ сылдыры М.Көккөзов

Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді.

Керуеннің шыққанына бірнеше күн болған.Ұзақ жүрістен,ыстықтан,желден шаршаған керуендегілердің бірі ояу,бірі түйе үстінде мүлгіп келеді.Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні жолай аштықтан,шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі.Ес-түссіз жатыр екен.Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өте берді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп , ессіз жатқан адамның қасына барады.Жатқан адам: «Су...»-дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық,аңызақ желмен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады.

Шал торсығын алып ,жатқан адамның беті-қолын жуып,су ішкізеді.Әлгі адам есін жиған соң,шал оның алақанына қарап: «Сен менің жауым екенсің.Бірақ шөлде бәріміз туыспыз.Мен қартайдым. Сен жассың,су іште, өмір сүр»,-дейді де,түйесіне мінгізіп,керуеннің соңынан жіберіпті. «Өзіңіз қайтесіз?»-десе, «Менің демім санаулы»,-дейді шал. Жолаушы керуенді қуып жетуге ентелейді.Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая кетпесе екен дегендей, ұзақ аялдайды.Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді.

Шал ақ мақтаға оранып,құмға жата кетеді.

Күндер,айлар өтіп, керуен кері қайтады.Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді.Таяп келсе,көл жиегі көкорай шалғын ,қамыс екен.Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды.Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі.Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты.Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.

Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.


  • Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар? Сендер солай жасай алар ма едіңдер?

  • Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?

  • Сендер қанадай жақсылық істедіңдер?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Сен үшін «Жақсы отбасы» қандай болу керек?



2-тапсырма.

«Біздің отбасымыздағы адамгершілік құндылықтар» тақырыбында үлкендермен бірге шағын әңгіме жазыңдар.






  1. Топпен ән айту.

«Бала тілегі» 42 бет.

Өлеңін жазған: Фарида Жолдасова

Сөзін жазған: Сержан Молдасанұлы





  1. Үй тапсырмасы.

«Ғажайып адам» Ертегі 43 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__13__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Адал және ақкөңіл болу

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: адалдық, шынайлылық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: адалдық және ақкөңілділік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адалдық және ақкөңілділік ұғымын дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Адалдық, шынайлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • Адалдыққа, шынайлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Ғажайып адам» Ертегі 43 бет оқу.

  • «Ғажайып адамның» ғажайыптығы неде?

  • Сен ғажайып адамды кездестірсең, қандай үш тілек тілер едің?

  • Неліктен ғажайып адам баланың тілектерін орындады деп ойлайсыңдар?

  • Ғажайып адам болғың келе ме? Неліктен?

  • Сенің айналаңда осындай ғажайып адамдар бар ма? Әңгімелеп бер.

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Үш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:

– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.

– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

– Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:

– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.
· Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

· Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?







  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Төменде берілген тапсырманың кілтін пайдаланып, әріптерді орындарына дұрыс қойсаңдар, сабақтың дәйекі сөзі шығады.



2-тапсырма.

Төменде берілген сөздерден нақыл сөз құрастырыңдар, мағынасын түсіндіріп беріңдер.






  1. Топпен ән айту.

«Келші, келші, балашым» 47 бет

Өлеңін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов

Сөзін жазған: Ескендір Хасанғалиев





  1. Үй тапсырмасы.

«Аманатқа қиянат жасама...» өсиет әңгіме 44-45 бет оқу




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет