Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет4/5
Дата02.12.2019
өлшемі434,5 Kb.
#52850
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 сынып сабақ жоспары2



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№20 №22 сабақ

Мерзiмі:

Мұғалiм:

Сынып:

Тақырып: Дос болуды үйренеміз

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер:адалдық, жауапкершілік, қамқорлық

Сабақ мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • «Дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру.

  • Адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту.

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқолық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына саяхат»
Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол(бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Құм мен тас Өсиет әңгіме 71 бет оқу

  • Жігіт неліктен ренішін құмға жазды?

  • Жақсылықты тасқа жазуының себебі неде?

  • Бұл оқиғадан қандай сабақ алар едің?

  • Өзің достарыңмен қарым-қатынаста өкпе-ренішті қалай жеңесің?

  • Адамдарға қалай өкпелеп, ренжімеуге болады? Әңгімелеп беріңдер.

Ескерту

Үнтаспа



  1. Дәйексөз.

«Достықты достық шақырады» Абай Құнанбаев

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу Мұғалім сыйы

Достар


Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

  • Екі достың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Екі достың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?

  • Сендердің осындай достарың бар ма? Досың туралы әңгімелеп беріңдер.




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

Түстерді таңдау арқылы топтарға бөлінеміз

1-тапсырма.

Досыңның жақсы жақтарын, оған тілейтін жақсы қасиеттер мен құндылықтарды естеріңе түсіре отырып, дәптерге досыңа тілек жаз.



2-тапсырма.

Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар.



Достық ережесі

  • Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттармен бөліс.

  • Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір.

  • Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату бол, мақтанып кетпе.

  • Жолдасыңның жетістігіне қуан.




  1. Топпен ән айту.

«Ағайынбыз бәріміз!» 72 бет

Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев

Сөзін жазған: Малғаждар Әубәкіровд

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос – бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.
Қайырмасы:

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша – бау.

Болсын жер мен суда ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ.


Қайырмасы:

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.





  1. Үй тапсырмасы.

Шынайы сүйіспеншілік Лариса Кобзева 74-76 бет оқу




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет