II тарау
Франция баспа ісінің дамуындағы басты ерекшеліктері
Францияның баспа ісіне қарасақ, әр ғасырда аттары тарихта қалған үлкен-
үлкен баспагерлерін көреміз. ХVІІ ғасырда Антуан Витренің үлкен
баспаханасы болған, мұнда Библияның 10 томы жарық көрген. ХVІІ ғасырда
Франсуа Амбруаз Дидоның (1730-1804) баспаханалары ерекшеленді, оларда
да бұл іс әкеден балаға жалғасып келді. Ал 1826 жылы Франциядағы ең
үлкен Ашетт баспасы құрылды. Бас кезінде ол ағартушы баспа ретінде пайда
болды. Луи Франсуа Ашетт (1800-1864) басында өз жұмысың шағын кітап
дүкенінен бастаған. Ол өзінің маңайына іскер адамдарды жинап, әуелі білім
беру саласының кітаптарын басып шығаруды бастаған. Келе-келе
басылымдардың бәрін басатын әмбебап дәрежеге жеткізеді. Бұл кезде
бәсекелес баспалар пайда бола бастайды да, 1865 жылы Парижде баспагер
«Ларусс» «ХІХ ғасырдың үлкен әмбебап сөздігі» 15 томын шығарады.
Бүгінгі күнде Франция баспа ісі, полиграфия және кітап саудасы іріленген
фирмаларда шоғырланған. Бірақ сонымен бірге аз ғана кіріспен жұмыс
істейтін шағын фирмалар да бар, олар аз ғана кітап шығарып үлгереді де,
көбінесе үлкен фирмалармен бәсекеге төтеп бере алмай банкротқа ұшырап
отырады.
Францияның «Ашетт», «Ларусс», «Галлимар» үлкен баспа концерндері
мемлекеттің үлкен қаржы және өнеркәсіп концерндерімен де байланыста
болды. «Ашетт», «Франс Суар», «Пари-Пресс» газеттерін және «Франс-
Диманш», «Журналь дю Диманш» апталықтарын шығаратын ең үлкен газет
бірлестігі «Франпар» фирмасына иелік етеді.
Францияда 1847 жылы француз кітап ісі саласын жетілдіруде «Баспагерлер
мен кітап таратушылар қоғамы» құрылған. Оның бастапқы кезеңін баспагер-
кітапбасушы Амбруаз Фирмен Дидо жетекшілік етті. Бүгінде «Қоғамда»
кітап басу мен таратуға байланысты барлық мамандық түрлері
қарастырылған. Ол баспагерлер, баспахана, қағаз фабрикалары мен кітап
таратушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырады. Сонымен бірге
авторлық құқықты реттеу де қарастырылған. 1857 жылдан «Қоғамға»
Франция баспа өнімдерін тіркеп отыратын «Франция библиографиялық
көрсеткішін» шығару жүктелген.
1892 жылы «Француз баспагерлерінің ұлттық синдикаты» одағы құрылды,
оған Француз баспагерлерінің көпшілігі мүше болып енді. Синдикаттың
міндеті француз баспа корпорацияларының жұмыстарын және кәсіби
мәселелерін шешу болып табылады. Синдикат кез келген баспагерді
қабылдай бермейді, оған баспа саласында біраз кітап шығарып, белсенділік
көрсеткен баспагерлер ғана мүше болып ене алады. Синдикаттың
жүйеленген секциялары болады, олар: классикалық әдебиет, жалпы
тақырыптық әдебиет, фантастика, медицина әдебиеттері, діни кітаптар т.б.
түрлерден тұрады.
«Француз кітап дүкендерінің кәсіподағы» әртүрлі деңгейдегі 600 дүкен
басын біріктіреді. Францияда кітап таратушылардың барлығын біріктіретін
одағы жоқ, сол себепті кітап саудасымен қанша дүкендер айналысатынын тап
басып айту қиын. Соған қарамастан үлкен-үлкен кітап таратушылар фирмасы
бар. Соның бірі - 1920 жылы құрылған «Француз кітап үйі». Оның басты
міндеті - кітап таратушыларға көмектесу, оларға керек кітаптарын тауып
беру, шыққан басылымдар туралы ақпарат беру т.б. Тапсырыс беру де
орталықтандырылған, ұсақ кітап таратушыларға тасу дәстүрі бар, бұл көлік,
есеп-қисап жағынан үнемділік береді, аймақтық баспаларға үлкен қалаларға
басылымдарын алып келгенде сақтайтын орындар ұйымдастырады.
Кейінгі жылдары барлық дамыған Европа елдеріндегі сияқты, қалта
кітапшалары шығарыла бастайды. «Карманный форматтың» жаңа ғасыры
1953 жылы «Ашетт» пен «Галлимар» баспаларынан басталады. Бұл басылым
тек қана кітап дүкендері ғана емес, барлық жерлерде, дүкен, супермаркет,
дәріхана, киоскілердың бәрінде сатыла бастайды. Тақырыбы да әртүрлі
болып келеді. Мысалы, «Галлимар» поэзия сериясын шығарды.
Франция -халықаралық нарыққа кітап шығаратын үлкен экспортер. Оның
кітап жіберетін мемлекеттері - Бельгия, Люксембург, Швейцария, Канада,
Алжир, Марокко. Кітап экспортының 73 % осы мемлекеттерге тиесілі.
Экспортқа шығаратын ҡітаптарының тақырыбына келсек, әдеби, әмбебап
тақырыптағы әдебиеттер, оқулықтар, анықтамалық әдебиеттер, ғылыми
техникалық әдебиеттерді құрайды.
1948 жылы ерекше синдикат - «Ұлттық француз әдебиетінің комиссиясы»
құрылды. Оның міндеті - экспортталған француз әдебиетінің жағдайын
зерттеп білу. Баспагер-экспортерлердің өздері де бірігіп одақ құрған. Бұл
ұйымдардың барлығының мМіндеті: шетелдерде француз әдебиетін
насихаттау. Ол үшін көрмелер, конференциялар, француз кітаптарының
апталығы, мектептерде, кітапханаларда, институттарда кездесулер, көрмелер
ұйымдастыру т.б. көптеген жұмыстар атқарады.
1950 жылы «Шетелдегі француз кітаптарының тұрақты комитеті»
құрылады. Оның құрамына баспагерлер, жазушылар, әдеби қызметкерлер
кірді. Олардың міндеті - француз кітапТарын шетелге тарату жөнінде
кеңестер беру. Сонымен бірге Мәдениет министрлігінде баспа ісін қолдайтын
«Кітап және кітап оқу» арнайы басқармасы бар. Ол жалпы мемлекеттік
деңгейде кітап ісін реттеу жұмысымен, сонымен қатар француз әдебиетін
экспорттау және француз әдебиетін аудару жұмыстарымен айналысады.
1946 жылы құрылған Ұлттық кітап орталығы - авторларды, аудармашылар
мен баспагерлерді, кітапхана саласын, әдеби кештер ұйымдастыратын
мекемелерді, қысқасы, баспа саласындағы барлық ұйымдардың басын
біріктіре отырып, сол саладағы іс-шаралармен айналысады, жас авторларға
демеушілік етеді.
Франция француз тілінде сөйлейтін мемлекеттердің бәрімен, сонымен
бірге Африкалық мемлекеттер: Того, Конго, Камерун, Тунис, Марокко,
Алжирмен тығыз халықаралық қатынас орнатқан.
Францияда 1982 жылдан бастап кітап бағасын реттейтін заң күшіне енген,
бұл заңның талабы бойынша кітап басылымына 5 % артық үстеме баға қоя
алмайды, бұл кітап нарығында баға саясатын тұрақтандыруға үлкен үлес
қосады. [3, 125-128]
Француз баспасының құрылымы көбінесе мынадай болып келеді:
1.
Әдеби бөлім немесе авторлық бөлім. Бұл бөлім, негізінен,
қолжазбаны іздеу және жинаумен айналысады.
2.
Техникалық немесе өндірістік бөлім.
3.
Коммерциялық бөлім.
4.
Секретариат бөлімдердің арақатынасын реттеп отырады.
5.
Жарнама бюросы және кітап шығару мен таратуға байланысты
басқа да қызметтер.
Әдеби бөлім немесе авторлық бөлім баспаның иесіне тікелей бағынышты
болады. Кітапты шығару мәселесін сол шешеді. Бұл бөлімде сонымен бірге
аударма бөлімі, жалпы қолжазбамен атқарылытын жұмыстардың қызметі
ұйымдастырылады. Басқа бөлімдер жұмыстарының біздегі баспалар
жұмысынан айырмашылығы шамалы, тек коммерциялық бөлімде алдын ала
жарнама жұмыстары жүргізіледі. Шығатын кітап туралы «Библиографиялық
көрсеткішке» енгізіледі, мерзімді басылымдарда жарнамалар беріледі және
негізгі баспа каталогына енгізіледі. Францияда баспаларды 4 түрге бөлуге
болады:
1.
Басылымдарын тікелей дүкендер арқылы сататын баспалар;
2.
Кітап тарату жолының басқа түрлерін ұйымдастыратын
баспалар, мысалы бірнеше баспалардың өнімін тарататын «Форум»
кооперативі сияқты;
3.
Өз өнімдерін басқа баспа фирмалар арқылы немесе басқа да
ұйымдар арқылы тарататын баспалар;
4.
Өз дүкендері бар баспалар. [2, 8-9]
Францияда алдыңғы қатарлы алпауыт баспалар көптеп саналады: Ашет,
Casterman, Gallimard, Actes sud, Flammarion, Fa yard, Verdier, Seuil т.б.
баспалар.
Ірі әмбебап баспа «Ашетт» («Ля либрери Ашетт») фирмасы саналады.
Бәсекелестік күресте фирма ірі-ірі француз баспалары мен кітап сатушы
фирмаларды жолында қалдырды. Ол ілгеріректе өмір сүрген 75-100-дей
француз және бельгия фирмаларының капиталын бақылап отырады. Біріккен
үлкен американдық және еуропалық баспалармен жұмыс атқарады. «Ашетт»
тобы Францияның кітап экспорты мен кезеңдік баспаларының 63% жүзеге
асырады.
1985 жылы оның тауар айналымы 12 млрд. долларды құрап, фирманың
кітап шығарушы бөлімінде 2,7 млрд. франкты айналдырды. 1986 жылы
«Ашетт» «Куртиус Сиркюлейшен Компани» фирмасының 90% акциясына
қол жеткізіп, содан соң кезеңдік басылымдардың таратылуымен
айналысатын әлемдегі ең алып фирмалардың біріне айналды.
1988 жылы американдық «Гролье» баспасының сатып алу салтанаты өтті.
Нәтижесінде «Ашетт» тобы энциклопедиялық әдебиет шығаратын әлемдегі
ең ірі баспагерге айналды. Фирманың баспагерлік қызметінің ауқымы үнемі
өсіп отырды. Көп сериялар Еуропа мен Америкада кең танымаллылыққа қол
жеткізді. «Ашетт» мемлекетте шығатын жалпы кітаптың 20% шығарып,
газеттің 10%, барлық басылатын балалар кітабының 50%, мектеп
бағдарламасындағы кітаптарының 18% шығарып тұрды. «Ашетт» керемет
безендіріліп берілетін баспалар мен фирмаға үлкен табыс көзіне айналатын
«қалталы кітаптары» басты.
Екінші алып баспа - 1945 жылы іргетасы каланған «Пресс де ля Сите». Ол
«Ашеттпен» біріккенде фирмаға елдегі баспалардың жылдық айналамының
20% келеді.
Фирманың негізін қалағін - Свен Нильсен - бұқаралық оқырманға арналған
аударма жэне француз әдебиетіне бейімделді. Фирманың баспагерлік
айналымы 480 млн. франкты (1974) құрап, Еуропада сегізінші орынды
иеленген. Концерн 9 фирманың жұмысын бақылауға алып, француз және
шетел баспаларының бақыланатын акция пакеттерін иеленеді. Сондай-ақ
концернге кітап таралымына байланысты және мерзімді - «Мессажери де
ливр» баспасөз бойынша ірі фирма құрамына кіреді. Батысгермандық
«Бертельсман», «Пресс де ля Сите» баспасымен одақтасып, тепе-тең
бастамаларға негізделген «Франс-Луазир» кітап клубын ашты.
Еуропалық жоғарғы деңгейдегі «Фламмарион» баспаханасынан шыққан
кітаптар танымал болып келеді. «Фламмарион» ертеректе 600-дей кітап
шығарған. Осы кезден толыққанды француз классиктерінің туындыларының
жинақтары шыға бастады. Фирмадағы өнімнің айтарлықтай орыны
суретшілердің өмірбаяндары, жазушылардың, мемлекеттік қайраткерлердің,
сондай-ақ поэзия, эссе, романдары жинақталған - «Невыдуманные романы»
сериясына тиеді. Тағы да үлкен танымалдылыққа ие болып жүрген
«Классики ХХ века», «История мирового кино» сериялары табылады.
«Фламмарнон» соңғы уақыттағы баспаларының ішінде «Новая философская
библиотека», «Гомо сапиенс», «Сельская энциклопедия», «Спорт и туризм»,
«Биографии великих людей», «Рыболовство и охота» серияларын еске салып
кеткен жен.
Әр жыл сайын баспахана «Фламмариондағы» шетелде кітап басуға толық
құқығын алу үшін 250-дей келісімшартқа отырады екен. Совет кезінде
баспаханалармен «Фламмарионнын» өзара қатынасы сәтті жалғасын табуда.
Заманауи ірі фрацуз фирмаларының біріне «Галлимар» фирмасы жатады.
Баспадан шыққан алғашқы кітаптар 1911 жылы пайда болды. «Галлимар»
көркем әдебиет, проза, драматургия, өнер саласы, дін, тарих, жағрафия,
сондай-ақ энциклопедиялық және балалар әдебиетін шығарды. Бәрінен де
бұрын бұл көркем әдебиетті шығаратын ірі әрі беделді баспа болды.
«Галлимардың» бөлімшелері «Депоель», «Меркюр де Франс», «Пресс д
ожурдюи» секілді баспалар еді. Ал фирманың өзінің жылына шығаратын
басылым саны 500-дей болатын. Баспахана елдегі ең белгілі жұмсақ
қапсырмамен шығатын қалталы «Фолио» сериясын шығарып тұрды.
«Библиотека Плеяды» сериясында әлемдік әдебиеттің шедеврлары басылып
тұрды.
Көне әмбебап француз баспаларының қатарына «Эдисьон Гарнье Фрер»
(1833 жылы негізі қаланған) баспаханасы жатады. Оның баспаларының
арасында көркем ҡлассикалық әдебиеттер, өмірбаяндар, жастар әдебиеті
ерекше орын алады. «Классики Гарнье» сериясы француз поэзиясының
антологиясынан, Аристофан, Аристотель, Корнель, Бальзак және т.б. тұрады.
«Коллекция Селекта» әлемдік әдебиеттің жабдықталған алғы сөздерімен,
ескертпелермен, жеткілікті көркемделіп беріліп алынған шедеврларды
ұсынады.
Эдисьон Альбен Мишель 1901 жылдан өмір сүрген. Оның баспалық өнімі
расында көптүрлі. Бұл философия мен ағарту, ғылым мен техника, көркем
әдебиет пен өнер, жастарға арналған кітаптар, география, гастрономия, т.б.
«Эдисьон Альбен Мишель» баспасында Р.Роллан, Г.Мопассан, А.Барбюс,
О.Мирбо, Ф.Морнака, Веркор, Ш.Вильдрак және т.б. көптеген романдары
басылды. Сонымен қатар әдеби-көркем сериялардың қатары көбейді. [4, 97-
100]
Париждің «Casterman» баспасы 1870 жылы құрылған. Алғашында тек
техникалық кітаптарды ғана шығарса, кейін оқу, философия, өнер кітаптарын
шығарды. Балалар сериясынан «Алтын тармақ», «Сен кімсің, жас адам?»
танымдық кітаптарын, «Әлемдік нәтиже» энциклопедиясын шығарған.
1911 жылды құрылған «Gallimard» баспасы - Францияның ірі
баспаларының бірі. 1953 жылы «қалта кітабы» сериясын қолға алып,
Францияда қалта кітабының ғасырын бастады. Барлық сериялары үлкен
сұранысқа ие. Әлем әдебиетінің інжу-маржаны - «Әлемдік кітапхана»
сериялар, сын, әдебиеттану «Ең жақсы кітапхана», жас жазушылардың
алғашқы туындысы жарияланатын «Жастар прозасы» деген сериясы, басқа да
сериялары бар. Францияда бүгінгі күнде жұмсақ мұқабалы, қалта
кітабыпейпербеки ең көп оқылатын болса, покетбук шағын басылымдары да
сатылым нарығынан өз орнын алған.
Мамандандырылған «Larousse» -«Ларусс» баспасы 1865 жылы құрылған,
педагог, жазушы, лексикограф Пьер Ларусс оның негізін қалаған. Алғашында
оқу құралдарынан бастап,
кейін энциклопедиялық-анықтамалықтар
шығаруға көшкен. Франция энциклопедия шығарудың отаны болмаса да,
атақты басылымдары баршылық. Д. Дидро мен Д. Аламбердің
«Энциклопедия немесе Ғылым, өнер және қолөнердің түсіндірме сөздігін»
атасақ та жеткілікті. Сонымен бірге бұл баспа салалық энциклопедияларды
да көп шығарады. Осы баспамен бәсекелестікке түсе алатын -
«Энциклопедиялық сөздік Кіе» баспасы ғана.
Францияда католиктердің баспаларынан «Мате» баспасы XVII ғасырдың
аяғында құрылған, Европада үлкен беделге ие болған Альфред Мамның атақ-
абыройын пайдаланған. Ал Париждегі Шарль Мамның баспасы француздың
романтиктері -де Сталь, Шатобриандардың еңбектерін шығарумен белгілі
болған.
Францияда балалар әдебиетіне көп көңіл бөлінеді. Бұл жағынан үздік
баспалар - «Ф. Леру», «Лэколь де луазир» баспалары. Олар жаңа басылымдар
ойлап табады. Мектеп оқулықтарымен қатар ойын-сауық басылымдарын қоса
шығарады. Әртүрлі ұрандар ойлап табады. «Олар кім?», «Олар не істейді?»
деген атпен екі кітапты бір футлярда шығарып, жас оқырмандарын әртүрлі
қызмет адамдарымен таныстырады
Францияда ғылыми басылымдарды мемлекет, қоғамдық ұйымдар,
меценаттар қаржыландырады. 1939 жылы ашылған «Ұлттық ғылыми зерттеу
орталығы» ғылыми баспалар мен лабораториялардың басын біріктірді.
Осыған байланысты 1959 жылы шыққан декретінде «ғылымның барлық
саласының дамуын, бағытын, болашағын болжауға және Франция
ғылымының даму барысын үкіметке хабарлап отыруға міндетті» делінген.
Шығаратын кітаптары әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Сонымен бірге
жоғары оқу орындарының оқулықтарының сапасын зерттейтін де
орталықтары бар.
Францияда кітап зерттеу ісімен қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар,
кітапханалар, институттардың ғылыми-зерттеу орталықтары айналысады.
Кітапханатану және библиография, сонымен бірге кітаптану мен кітап
тарихы саласында үлкен зерттеу жүргізетін орталық зерттеу ұйымдары -
Француз ұлттық кітапханасы және Француз кітапхана ассоциациясы болып
табылады.
Француз ұлттық кітапханасының қорында ХV ғасырдаң француз короліне
тиісті коллекциялардан басталатын өте бай қор сақталған. «Баспа өнімдерінің
ұлттық кітапхана шығарған жалпы каталогы. Авторлық серия» деген көп
томдық көрсеткіш шығарады. Бірінші томы 1897 жылы шыққан. 220 томнан
тұрады. 1811 жылы Ұлттық кітапхана «Франция библиографиясын»
шығаруды бастаған. 1957 жылдан «Библиографиялық құжаттар бюллетенін»
шығарады. Сол сияқты көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Француз
кітапхана ассоциациясы 1906 жылы құрылған. Жыл сайын ұлттық сьездері
өтіп тұрады. Оның қорытындысы «Ақпараттық бюллетеньдерінде»
жарияланып тұрады. «Кітап оқу және кітапхана» тоқсандық жинағы,
«Кітапхана дәптері» т.б. көптеген мерзімді басылымдары шығады,
барлығында да кітап шығару, кітап оқу, кітап зерттеу мәселелері көтеріледі.
«Графикалық құжаттарды консервациялау ғылыми-зерттеу орталығы»
баспасөз өнімдерін консервациялау, реставрациялау, сақтау сияқты ғылыми
жұмыстармен айналысады.
«Полиграфия өнімдерінің ғылыми-зерттеу институты» полиграфия
саласындағы ғылыми жұмыстармен айналысады. Мұның өзінен Францияның
баспа ісі сала-салаға бөлініп, зерттеу жұмыстары атқарылатынын байқаймыз.
Францияда баспа өнімдерін тіркеу біздің елдегідей тегін міндетті
даналарды алумен тікелей байланысты болып келеді. Кітап және кітап
басылымы туралы анықтамалықтар, басылым статистикасы міндетті
даналардың негізінде жасалатынын көруге болады.
Библиографиялық
көрсеткіштерден
«Франция
библиографиясы»
анықтамалығы, «Француз тіліндегі кітаптар. Баспагерлер репертуары»
анықтамалықтары бар. Сонымен бірге «Кітап таратушылар мен баспагерлер
одағы» екі анықтамалық шығарды. «Француз баспагерлерінің халықаралық
репертуары» мен «Баспа және жарнама жылнамасы» деген анықтамалықтар.
[3, 130-132]
Достарыңызбен бөлісу: |