2.4 Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту Модульдік оқыту- оқушының тұлғалық ерекшеліктері мен қажеттілігіне орай мазмұн мен оны игерудегі өзіндігіне негізделеді. Модульдік оқыту барысында мұғалім ақпаратшы және бақылаушы қызметтеріне қоса кеңескерлік және үйлестірушілік қызметтерін атқарады. Модульдік оқытудың басты мақсаты- нәтижелі оқыту. Технологияның басты ерекшелігі- жаңа заман кезіндегі өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделуі. Модульдік принцип біртұтастық пен толық аяқтаушылықты белгілейді. Модуль бойынша құрастырылған оқу материалын меңгеру барысында оқушы төмендегі қасиеттерді жүзеге асыра алады: