П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р



Pdf көрінісі
бет244/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2
29-сабақ. Туынды табу ережелері 27.02.2023ж. 10-сынып
II бөлім. Дидактика
приборларды, жиыстырады, белгіленген ретпен қажетті қимыл әрекетін орын- 
дайды, жүмыс нәтижелерін белгілейді. Біртіндеп зерттеушілік сипаттағы жүмыстың 
үлес салмағы арта түседі.” (Дидактика средней школы. 2-е изд. - М., 1982. с. 238).
Нашар оқитын оқушыларға мынадай тапсырмалар жүйесін беру керек: 
тапсырмалар мен есептер шешу үлгісі, эр түрлі алдын ала жазылған 
алгоритмдер, - теорияны анықтайтын эр түрлі теориялық мәліметтер, қүбы- 
лыс, үрдіс, үрдіс тетіктері жэне т.б. Осындай етіп оқу жүмысын үйымдастыру, 
жүргізудің нәтижесінде әр оқушының өз мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды 
орындатып, олардың білімдерін тереңдетіп, бекіттіріп, дағдылар калыптас- 
тырады. Даралық форманың артықшылыктары да осында жатыр. Сонымен 
қатар бүл форманың үлкен кемшілігі де бар. Оқушылардың дербестігін тәрбие- 
леу, үйымдастыруға, көздеген мақсатына үмтылу кезінде баланың басқалармен 
қарым-қатынасы шектеледі, өзінің ойын басқалармен бөлісе алмайды, үжым- 
дық жүмыстарға катыса алмайды.
Окушылардың оқу жүмысын үйымдастырудың топтық формасы.
Оқушылардың сабақтағы топтык жүмысының негізгі белгілері:
- сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау 
үшін топтарға бөлінеді;
- эр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мүға- 
лімнің басқаруымен шешеді;
- топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін дара бағалай- 
тындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүмкіндіктері ескеріледі.
Топ қүрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүмкіндіктерін 
тиімді жүзеге асыруына сай топтың қүрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан куры- 
лады. Топ қүрамы түрақты емес. Ол келешек жүмыстың мазмүны мен сипатына 
байланысты өзгеріп отырады. Бүл жерде топтың жартысы дара жүмыспен 
айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар қүрамы түрлі оқу пәндерінде түрлі 
болуы мүмкін жэне олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін- 
бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын қүралады, 
осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпарагты білуі, оқушылардың бір- 
бірімен бірігіп жүмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі үнатпай- 
тындар болмау керек.
Біркелкі топта барлық оқушыға бірдей тапсырманы оқушылардың шағын 
топтары орындайды. Жүмыс барысында топ мүшелері жүмыстың барысы мен 
нәтижесін талқылайды, бір-бірінен кеңес алады.
Тек осындай жағдайдарда “топ қүрамында жүмыс жасай отырып, оқушылар өз 
тәжірибесінде бірлесіп жоспарлаудың, міндеттерді бөлісудің, өзара араласу- 
дың пайдасына көзі жетті”, - дейді М.А.Данилов. Оқушылар бір-бірімен 
жақындаса түсті, келісімді және үйлесімді әрекет жасауға, бірлескен жүмыс- 
тың нәтижесі үшін үжымдық жауапкершілікті алуға үйренетін болды. Жүмысты 
үйымдастырудың топтық формасы тағы да, әрбір оқушының қабілеттерін 
шығармашылық жарыстарды табиғи түрде дамытуға эсер етті” (Урок в 
восьмилетней школе. /Под ред. М.А.Данилова. - М., 1968). Оқушылардың топ- 
тардағы бірлескен жүмысы жеке оқушының тапсырманы дара орындауынан 
нәтижелі болды. Өйткені топ мүшелері бір- біріне көмектеседі. Үжымдық жауап- 
кершілікті өздеріне алады, қайсыбір сүрақтарды оқып үйренгенде, олардың 
алға жылжу қарқынын реттегенде әр оқушының жүмысы қөзге анық түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет