II бөлім. Дидактика
221
материалын мүқият талдап, қүрылымын анықтаумен ғана шектелмей, сонымен
катар ол оқушының осы материалды кабылдау, ойлау, талқылау қабілетін
ескереді. Бүндай талдау каншалықты мүқият өткізілсе, соншалықты сабақ
өткізу үрдісінде күтпеген жағдайлардың орын алуы аз болады.
Осындай талдаудан соң, мүғалім сабақтың жоспар-конспектісін жазып
даярлайды. Сабақтың конспектісін, әсіресе жаңа сабақ беріп жүрген мүғалімге
рет-ретімен жасауға тура келеді. Мүндай конспект оған бір емес, бірнеше
сыныппен жүмыс жасағанда көмектесе алады. Ал тожірибелі мүғалімдер керекті
нәрсені ғана түртіп алып, сабақтың қысқаша қолжазбасын дайындаумен
шектеледі. Бүл кей кезде мүғалімді орбір сыныпқа жеке жоспар дайындауға
мәжбүр етеді.
Кейде педагог-ғалымдар мен мүғалімдер арасында сабак жоспары керек пе
деген пікірталас болып жатады. Сабақ жоспары мүғалімнің шығармашылығын
тежемей ме? Сабақ уақытында жоспар-консгіектіні қолдануға бола ма? Бүл
оқушы алдындағы мүғалімнің беделіне жағымсыз эсер етпей ме?
Мүндай таластардың бәрі жөн-жосықсыз. Себебі, мүғалімдер өз жоспар-
ларымен, үлгілерімен оқушыны үйымдастыра алады. Сабақ жосгіары, эрине,
оның балалармен жүмыстагы белсенділігі мен икемділігін тар шеңберге
қыспакка алмауы керек.
Сабақ - бүл шығармашылық акт, сонымен қатар мүғалім жүмысында сабақ
жоспарына ғана мойын үсынуға жол берілмеуі керек. Сабак жоспары әрекет
жасауға бағыт сілтеуші ғана болып табылады, кейде сабақ үстінде басқадай
өзгерістер енгізу кажет болып жатса, оған сабақтың әсерлі өтуі үшін жоспар-
дан ауытқуына тура келеді. Бірақ жоспардан ауытқу бөлек те, ешқандай
жоспарсыз сабақ өткізу басқа нәрсе. Жоспардан ауытқу мүғалімге бар ойлаған
ойын, оқу материалын сабақ уақытында қателік жіберіп алуға итермелейді.
Бүл, бірақ аса қауіпті емес.
Достарыңызбен бөлісу: