II бөлім. Дидактика 133
бейнені және көрнекі ойлаудан дерексіз, сөздік-логикалық ойлауға көшуді
қамтамасыз етеді.
Окытудағы саналылык және белсенділік үстанымы -
қазіргі
дидактикалық жүйенің ең басты үстанымы болып табылады. Оқушылар
белсенділік танытқанда, өз бетінше білім алу үрдісіне қосылғанда ғана оқыту
үрдісінің нәтижесі байқалады. Бүл оқушылардың оқу мақсатын үғынудан, өз
жүмыстарын жоспарлап, үйымдастырудан өз-өздерін тексере білуден, білімге
деген қызығушылық танытудан, мәселе қойып, оның шешімін таба білуден
байқалады.
Оқушылар оқудың маңызын түсінуі керек; оку жүмыстарының, оқу әреке-
тінің баламалы жағдайларда білімді қолдана білу тәсілдерін меңгеруі керек.
Оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен саналылығына қол
жеткізуге болады, егер:
- оқушылардың қызығушылықтарына сүйене отырып, оқудың себептерін
қалыптастыру. Олардың ішіндегі бірінші орында түрғаны - танымдық ынта
мен кәсіби бейімділік;
- оқушыларды білімдік және практикалық мәселелерді іздеу және шешу
үрдісіне мәселелік жағдайларды шешуге тарту;
- дидактикалық ойындар, пікірталастар сияқты оқыту тәсілдерін пайда-
лану;
- үжымдық жүмыс түріне, оқушының оқуға қатынасына (әрекеттестігіне)
жағдай жасау.
Осы қаралған үстанымның жүзеге асуы тек қана балалардың ары қарай
дамып, олардың білімінің қалыптасуына ғана емес олардың тәрбиесіне және
әлеуметтік дамуына мүмкіндік туғызады.
Беріктік үстанымы білім оқушының жадында қалуын, олардың санасы-
ның бір бөлігі болуын, мінез-қүлқы мен әдеттерінің негізі болуын талап етеді.
Психология есте сақтау мен еске түсіру тек материалга ғана емес, оған деген
қарым-қатынасқа да байланысты дейді. Сондықтан да жақсы меңгеру үшін
бүл үстанымның басқа да ережелері бар:
-оқушы интеллектуалдық, танымдық белсенділік көрсетсе, білімді терең
меңгеруге қол жеткізеді;
-оқу материалын берік меңгеру үшін материалды қайталаудың жаттығу-
ларын, оларды өткізу саны мен уақытын дүрыс үйымдастыру керек, оқушы-
лардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек;
-білімнің беріктігі материалдың ең негізгісін боліп, логикалық байланыс-
тарын көрсетіп қүрылымдағанда қамтамасыз етіледі;
-білімнің беріктігі оқытудың нәтижелерін жүйелі бақылау, тексеру және
бағалаумен іске асады.
Білімнің беріктігі үстанымы, ең алдымен, ойда сақтау, яғни оқытуда оқу-
шының меңгерілген білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын оқушының жеке
тәжірибесінің қүрылымына еңгізу арқылы бүлардың санада қалып сенімге
айналуымен байланыстырылады.
Оқытудың беріктігі үстанымын педагогикалық практикада білімдер,
іскерліктер мен дағдыларды пайдалануда, пікірталастар мен талқылаударды,
уәждер мен дәлелді сөйлеулерде іске асыру мүмкін болады.