|
Тексерудің физикалық тәсілдері
|
бет | 143/153 | Дата | 11.01.2022 | өлшемі | 235,3 Kb. | | #110826 |
| Байланысты: Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығыТексерудің физикалық тәсілдері.
Қарау. Эндокринді бұзылыстардың диагностикасында қарау өте бағалы әдіс, көбіне диагноз пациентке бір қарағанда қойылады, оның жалпы келбеті бойынша немесе бөлек белгілері бойынша. Диффузды токсикалық жемсаудың белгілері: науқас түрі шошынғандай, көздері бақырайған, қозған, беті қызарыңқы. Гипотиреозда - беті ісінген, амимикалық /қимылсыз/ бозғылт, көздері сығырайған, тежелген. Акромегалияда- маңдай , төменгі жағы ,шүйде терісі үлкейген, синдром Иценко-Кушингасында- ай тәріздес бет; Аддисон ауруында - беті, дененің ашық жерлері қола түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|