Асқазан сөлін зерттеу.
Асқазан сөлі - түссіз, мөлдір, реакциясы қышқыл сүйықтық, құрамында тұз қышқылы, протеаза және басқада ферменттер.
Бос қышқылдық /тұз қышқылы/ - асқазанда водород, хлор иондары түрінде болады.-20-40 ТЕ /титрационды единица/.
Байланған қышқылдық - бұл тұз қышқылының ақуыз молекуласымен байланған түрі: 10 -20 ТЕ.
Жалпы қышқылдық- барлық қышқылдар - 40-60 ТЕ.
Асқазан сөлінің физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда иісі болмайды немесе әлсіз қышқыл. Түсі - мөлдір, түссіз. Ауыз қуысынан түскен аз мөлшерде шырыш кездеседі.
Микроскопиялық зерттеуі: микроскоп арқылы эпителиальды клеткалар, лейкоциттер, тамақ қалдықтары, атипті клеткалар/АК/ анықталады, АК - бұл қатерлі ісіктің клеткалары, асқазан рагінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |