Қарау. Эндокринді бұзылыстардың диагностикасында қарау өте бағалы әдіс, көбіне диагноз пациентке бір қарағанда қойылады, оның жалпы келбеті бойынша немесе бөлек белгілері бойынша. Диффузды токсикалық жемсаудың белгілері: науқас түрі шошынғандай, көздері бақырайған, қозған, беті қызарыңқы. Гипотиреозда - беті ісінген, амимикалық /қимылсыз/ бозғылт, көздері сығырайған, тежелген. Акромегалияда- маңдай , төменгі жағы ,шүйде терісі үлкейген, синдром Иценко-Кушингасында- ай тәріздес бет; Аддисон ауруында - беті, дененің ашық жерлері қола түсті.
Мойынның алдыңғы жағын қарау.Мойынның түрі өзгереді /жуандайды/, қалқанша бездің үлкеюі мүмкін. Бұл өзгерістер қалқанша бездің үлкеюінде мүмкін. Бұл өзгерістер қалқанша бездің ауруларын білдіреді.
Иценко- Кушинга ауруымен синдромында іштің алдыңғы қабырғасының терісінде жүктілік кезіндегіндей тыртықтар - стриялар, ісініп үлкейген іш, ал аяқтарында ісінулер жоқ.
Гигантизм адам бойы өте биік-195см-ден артық болу- өте жиі гипофиз ауруында болады.
Ергежей- адамның бойы 135 см-ден төмен болады гипофиздің алдыңғы бөлігінің соматотропин гормонының жетіспеуінде. Бұл жағдайда дененің барлық пропорциялары сақталып, тек қана жыныс бездері толық дамымайды және жарыместік, идиотизмге дейін болады.
Шаш өсудің өзгеруі- диагностикалық маңызды белгі: кестірілген ер адамдарда әйел типімен шаштың өсуі, ал акромегалияда әйелдерде ер адамдардай шаш өсу байқалады. Микседемада бастың шашы, мұрты, кірпіктері түседі.
Тиреоидті семіруде тері асты май денеде бір келкі жайылған, гипофизарлы және жынысты семіруде - көбіне бел аймағында Иценко-Кушинга синдромына тері асты майы көбіне бетке және денеге жиналады.
Жүдеу қант диабетімен тиреотоксикалық жемсауда байқалады. Кахексия гипофизарлы жетіспеушілігінде байқалады.
Пальпация. Қалқанша бездің пальпациясында беткей түрін жүргізіп болғаннан кейін арнайы тәсілге көшеді. Фельдшер екі қолының бүгілген төрт саусағын төс бұғана еміздік тәріздес бұлшық етінің артына орналастырып, ал үлкен саусақты оның алдыңғы бетіне орналастырып науқастың жұтынуын сұрайды. Бұл әдіспен қалқанша бездің аздап үлкеюінде байқау болады.
Пульстің пальпациясы: тахикардия диффузды жемсауда, брадикардия- гипотиреозда, аритмия.