Қан жүйесі ауруларында кездесетін синдромдар
Анемиялық синдром
Себептері: әр түрлі генезлі анемиялар,гемобластоздарды қоса.
Жалпы белгілері:
—Бұлшықеттік әлсіздік,еңбекке жарамдылықтың төмендеуі;
—Бастың айналуы,көз алдында шыбындардың ұшуы;
—естен тану ;
—журген кезде демікпенің болуы және жүректің қатты соғуы;
—тері және кілегей қабаттардың,склералардың (қан кетуде алебастр түсті,хлорозда жасыл реңді,В12—дефицитті анемияда лимон—сары
реңді) бозаруы;
—тахикардия,журек ұшында,өкпе артериясы үстінен систолалық функциональды шу естілуі;
—эритроциттер,гемоглобин,ретикулоциттер мөлшерінің төмендеуі, эритроциттердің өзгерген түрлерінің пайда болуы (микро,макроциттер,пойлоциттер,гипо,гиперхромия және т.б)
Миелопластикалық синдром
Миелопластикалық синдром (МПС)—сүйек кемігі қызметінің бұзылу нәтижесінде қан жасушаларының (тромбоциттер,лейкоциттер,эритроциттер)бір немесе бірнеше түрінің түзілуінің бұзылуымен жүретін гемолитикалық аурулар тобы.МСП пен сырқаттанған науқас сүйек кемігі талақта жойылатын қан жасушаларын қажетті мөлшерде шығара алмайды.Нәтижесінде инфекцияның даму қауіпі қансырауға бейімділік жоғарлайды,анемия дамиды.
Шағымдары: әлсіздік,шаршағыштық,демікпе куш түскенде,бастың айналуы немесе журек жетіспеушілік белгілері болады.Арықтау,себебі белгісіз қызба,ауырсыну синдром болса МСП жайлы күдіктену керек. Кейде бұл синдром химиператтар,сәулелік терапия қолданғанда даму керек. Екіншілік түрі сирек кездеседі және емі қиыншылық тудырады. Екіншілік түрі 60жастан асқан адамдарда жиі кезеседі.
Диагнотикасы:
—Қанның толық клиникалық анализі;
—Сүйек кемігі цитологиялық және гистологиялық зерттеулері;
—Перифериялық қанның цитогенетикалық анализі;
Геморрагиялық синдром
Геморрагиялық синдром—тері геморрагияларында және кішігей қабаттарының қансырағына бейім болуы.
Себептері:тамыр қабырғасының зақымдануы,тромбоцитер мөлшерінің қызметінің,құрылымның бұзылуы,геморрагиялық васкулит,тромбоциттердің агрегациясын (антигреганттар) және қан ұюын (антикоагулянттар) бұзатын дәрілер,А және В гемофилясы,телеангиоэктазиялар.
Клиникасында 5 типін ажыратады:
—гематомдық (А және В гемофилясына тән);
—петехиялды-(бөртпелік тромбоцитарларда);
—аралас (антикогулянттар дозасын жоғары болуы);
—васкулитті-(пурпуралы жұқпалы және иммунды васкулиттерде);
—ангиоматозды (телеангиоэктазияда,ангиомаларда,артериовенозды шунттрада);
Симптомдар:
—Қанталаулар,қанды сүйелдер;
—теріде және кілегейлі қабаттарда петехиалды бөртпелердің болуы;
—қан қақыру;
—мұрыннан, қызыл иектерден,асқазан ішектен, зәр және жыныс жолдарынан қан кету;
—бұрау,шымшу, Кончаловский—Румпель—Леде симптомдары оң болу және т.б
Диагностикасы: перифериялық қанда тромбоциттерді санау,қарапайым когуляциялық тестілеу жүргізу.Геморрагиялық синдром жедел көмекті қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |