Буын ауруларында кездесетін синдромдар
Себептері: буындар қабыну(ревматикалық аурулар,гепатовирустар)және дегенеративті аурулары, синовиомалар, зат алмасу бұзылыстарындағы артропатиялар, генетикалық бейімдеушілік,түртікті факторлар-салқын тию,гиперинсоляция,уланулар,эндрокоринопатиялар,стрестер.
Симптомдары:
-ауырсыну;
-ісінуі(дифигурация)
-деформациялануы;
-жергілікті қызуының көтерілуі буын қозғалысының шектелуі;
-жергілікті гиперемия.
Буындардың қабыну ауруларындағы болатын ауырсыну ерекшілігі: ауырсыну түннің екінші жартысында және таңертен күшейеді,буындардың таңертеңгілік сіресуі қоса болады,біртіндеп жүре келе ауырсыну азаяды.
Дегенеративтік ауруларында болатын ауырсыну ерекшілігі:(деформациялаушы остеоатроз)механикалық ауырсынулар:физикалық күш түскенде, кешке қарай,түннің бірінші жартысында күшейеді, демалғанда азаяды.Старттық ауырсыну-науқас бірінші қадам жасағанда ауырсыну пайда болып, бірнеше минут ішінде жүре келгенде қайтады,буындарадың дегенаративтік зақымдануында екіншілік синовит дамуын көрсетеді.
Аллергоздар
Аллергоздарда кездесетін негізгі синдромдар:
1.Есекжем синдромы
2.Квинке ісігініңсиндромы
3.анафилактикалық шок синдромы
Есекжем синдромы
Себептері:
Аллергиялық реакциялардың бір түрі
Симптомдар:
-теріде күлдіріктердің кенеттен пайда болуы және жойылуы,терінің қышуы;
-кейде күлдіріктер бір-біріне қосылып аса үлкен көлемді күлдіріктерге айналады;
-күлдіріктер кілегейлі қабаттарда пайда болса жөтел, стридорозды тыныс, диарея,іштің ауырсынуы,артралгиялар дамиды;
-жиі бастың ауырсынуы, қызба, жалпы мазасыздану пайда болады.
Квинке ісігінің синдромы
Себептері:
Аллергиялық реакциялардың бір түрі
Симптомдар:
-жедел дамиды,аллерген әсері басталғанан бірнеше секундтан кейін терінің, тері асты шелінің және кілегей қабаттардың өтпелі ісінуі пайда болады;
-ісік жиі бетінде орналасады (еріндерде, ұрттарда, көздің айналасында);
-әсіресе көмейдің (асфексия), асқазан ішектің кілегей қабаттарының (өткір іш бейнесі) ісіну қауіпті;
-ісік көлемдері әр түрлі, бірақ адам алақанынан үлкен болмайды (сирек);
-ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше секундқа дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |