Кахексиясиндромы Кахексия синдромы-ағзаның шектен тыс зорығуынан жалпы әлсіздік,салмағының күрт төмендеуі,физиологиялық үрдіс белсенділігінің төмедеуі,науқастыңмпсихикалық жағдайын өзгеруі байқалады.Ағзаға қуат қажеттілігін қамтамасыз ететін қоректік заттардың жеткіліксіз түсуіне гипопротеинемия және ісіктер дамуына әкеліп соқтырады.Гипофизарлық кахекси-әр түрлі себептер әсерінен гипофиз бүрісіп,атрофияланады.Нәтижесінде гипофиз гормондарының секрециясы төмендейді немесе толық тоқтайды.
Себептері: -өңештің зақымдануынан асқазан тағам түсуі қиындайды;
Тағамның қорытылуы және сіңірілуі бұзылуымен өтетін асқазан ішек аурулары (созылмалы энтероколит)
-ашығу;
-ұзақ уақыт дұрыс тамақтанбау;
-психогенді анорексия;
-психикан ынталандыратын дәрілер ұзақ уақыт қолдану;
-амилодиоз;
-дәнекер тіннің диффузды аурулар;
-созылмалы жұқпалы ауруларында болатын ағзаның улануы (Бурцеллез,туберкулез,абцесс,остеомелит)
-жүрек жетіспеушілігінің ауыр түрі;
-қатерлі ісіктер (рактің кахексия);
-бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі;
_қалқанша жетіспеушілігінің ауыр түрі;
-балалар гипотрофиясы.
Симптомдары: -айқын әлісіздік,еңбекке жарамдылығының жойылуы;
-сусыздану белгілерімен қосарланатын тез арада арықтау(50 % салмағын жою мүмкін),тері асты май шелі азаяды немесе толық жойылады;
-гиповитаминоз белгілері дамиды:терісі бозарады, немесе жерсұр түстес болады,әжім басады,шаш тырнақтардың трофикалық өзгерістері,стоматит,қатпа байқалады,әйелдерде аменоррея дамуы мүмкін.
-гипопротеинемия,гипоальбуминемия,В12дефицитті анемия дамиды.
-психикалық бұзылыстар пайда болады:бастапқыда астения науқас ьез ашуланады жылауық болады.
-кахексия және астения дамыса адинамия қосылады.
-кахексия тудырған негізгі ауру өршуінде сананың бұзылыстары пайда болады-бұлыңғыр болуы,кейін апатиялық ступор дамиды,Негізгі ауру нәтижесінде қолайлы болғанын өзінде,астения ұзаққа созылады.