Қалақаша безі қызметінің жоғарылау синдромы(тиреотоксикоз)
Себептері:
Токсикалық зоб (диффузды, түйінді),(Грейвс-Базедов ауруы),қалқанша бездің қатерлі ісігі, тиреоидит, созылмалы Хашимото забы. Йид препараттарын немес қалқанша безінің гормондарын қолдану.
Симптомдары:
-жүйке жүйесінің зақымдалуы: ашуланшақтық, тынышсыздық, жылауық болуы, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, қолдарының және бүкіл денесінің дірілдеуі, «телеграф бағанасының»симнтомы;
-көз симнтомдары: экзофтфльм (офтальмонапия), Грефе Штельваг ,Мебус,Кохер симптомдар оң болуы.
-Тахикардия,журек ырғағының бұзылуы,систолалық артериялдық гипертензия,журек жетіспеушілігінің дамуы.
-асқорту жүйесінің зақымдануы:тәбетінің жоғарлауы,моторика және асқазан сөлінің секретциясының күшеюі, іштің өтуі,арықтау.
-зат алмасу үдірісінің күшеюіне байланысты дамитын симптомдар;дене қызуының көтерілуі,терлегіштік,ыстықтау сезімінің болуы.
-басқа ішкі секреция бездерінің бұзылуы.
-гипохолестеринемия,негізгі зат алмасу көрсеткіштерінің жоғарлауы..
Қалқанша безі қызметінің төмендеу синдромы
(микседема)
Себептері:
Қалқанша безі қызметінің төмендеуімен немесе толық жойылумен сипатталатын ауру. Гипотиреоздың ауру түрі микседема деп аталады. Түрлері:біріншілік және екіншілік. Біріншілік түрі қалқанша безінің зақымдануынан дамиды, ал екінші түрі титропин немесе тиролиберин аз шығарылуына байланысты пайда болады.
Симптомдары:
-жүйке жүйесінің зақымдануына:әлсіздік,ұйқышылдық,тежелу,есте сақтау қабілеттінің төмендеуі,науқас жәй сойлейді,адинамия байқалады;
-брадикардия,жүрек тондары бәсендеуі,ЭКГ-да тісшелер вольтажының және қан қысымының төмендеуі,миокардтың зақымдануы миокардиодистрофия;
-тері және кілегей қабаттарының зақымдануы:терісі құрғақ,салқын,тығыз,қабыршықтанады,алақандары гиеркератозы,тырнақтары сыңғыш,шаштары түскіш болады.Беті ісінеді,(маска) тәріздес,көз саңылауы кішірейеді,еріні,қабақтарық,ұрты,мойыны ісінеді. Ісінген тіндерді басқанда ойық қалмайды.Дауыс желбезектерінің қалындауына байланысты дауыс дөрекі,тілі ісінген,асқорту жүйесінің қызметі бұзылған,іш қатпасы,кекіру болады;
-гиперхолестеринемия,нормохромды анемия,негізгі зат алмасу үдірісінің төмендеуі,гипогликемия,тиреоидты гормондар мөлшері төмендейді;
Достарыңызбен бөлісу: |