Палман Аяулым Кеңесбекқызы Сыныбы: 4 Туған жылы,айы,күні



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#120790
1   2   3   4   5
Байланысты:
зерттеу

Жер жаннаты – Жуалы
Жуалы-айналасын Алатау мен Қаратау қоршаған,биік жерде орналасқан,ауа райы өзгеше қатал,қасиетті де киелі өңір.Аудан жері таулы келеді.
Жуалы жері негізінен таудың қызыл, қоңыр және қара топырағынан тұрады.Боз, бетеге, жуса, жуа, селеу,кекіре,мия,таусағыз,рауғаш,түймедақ,
бақбақ тағы басқа өсімдіктер өседі.Менің бала кезімнен гүлге деген қызығушылығым артып, түймедақ гүліне қызыға қарап, зерттеуді, деректер жинауды өзіме мақсат тұттым.

Басқаның бәрін қисаң да,
Жуалыны қимайсың
Бөктеріп алып кетер ем,
Ат сауырына сыймайсың.
Асан Қайғы

Зерттеу бөлімі
Түймедақ(Мatricaria) күрделігүлділер тұқымдасына жататын 1 жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда, Алтайда, Жетісу, Жоңғар,Іле,Күнгей Алатау- лары,Жуалының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі:дәрілік (Мatricaria recututa) және кәдімгі (Мatricaria matricauiades) бар..
Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық. Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі.
Түймедақ (Matricаria) – ортасында сары дағы бар ақ түсті гүл. Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар, дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. Түймедақтың табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады. Дегенмен, көбісі түймедақтың пайдасын біліп, шипалық мақсатта қолданбайтыны өкінішті.
Түймедақ тау шалғынында,жол маңайында,бақтарда,үйдің айналасында арам шөп ретінде кездеседі.Сондай-ақ өзендермен бұлақтардың жағалаулрында да өседі.Қазақстанда түймедақ- тың бірнеше түрі бар.Пайдалы өсімдіктің бірі саналады.Гүлінің формуласы мынандай:Тͦ₀К₍₅₎А₍₅₎Ж₍₂₎ Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Сабағы бұтақты.Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген,кезектесіп орналасқан. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.
Түймедақ гүлін флористикада композиция жасауда пайдаланады. Өсімдікті көгалдандыруда гүлзарға жеке немесе топтап отырғызады.
Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді. Сәуір айынан бастап, жауынды күнді ескермегенде, күн ара суғарып тұрған жөн.
Аула ерте көктемнен күзге дейін тұрақты гүлдеп тұрсын десеңіз, сүмбілшаш, құртқашаш, алтыншар, бақытгүлі, қашқаргүл т.б. гүлдермен бірге араластырып қатар-қатар егуге болады. Нәтижесінде, ауладағы өсімдіктер маусымнан қазанға дейін кезек-кезек гүлдеп адам жанын қуанышқа бөлейді. Мектеп пен балабақшаны көгалдандыруда да аталған гүлдерді егуге болады. Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.
Көбейтілуі
Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің арақашықтығы
биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет