Таблеткалар дәрілік түр ретінде келесі үш негізгі талаптарға сэйкес болуы тиіс: 1) дәл дозалануы, мұны таблетканың өз салмағының дүрыстығы және оның қүрамына кіретін дәрілік затгардың салмағының дүрыстығы деп түсіну керек.
2) механикалық беріктігі - таблеткалар үгітіліп кетпеуі жэне беріктігі жеткілікті болуы керек;
3) ыдырағыштық - таблетканың белгілі мерзімдер аралығында ыдырау немесе еру қабілеті.
Дәрілік заттарды стандарттау-дәрілік препараттардың сапасын сипаттайтын сандық көрсеткіштерді анықтау және сыналатын үлгілерді белгіленген стандарттарға жеткізу. Көп жағдайда дәрілік заттарды стандарттау зерттеудің химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік Фармакопея таблеткалар бетінің тегіс, жылтыр, шеттерінің бүтін, дақсыз, коспасыз, кетіксіз болуын талап етеді.
Таблетка сапасын бағалаудагы негізгі көрсеткіштер:
Сыртқы түрі (беті, таблетканың биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 30-40% болуы керек)
Сақтау кезіндегі заттардың өзгермейтіндігі (тұрақтылығы).
Дозаланған дәрілік препарат бірлігіндегі белсенді зат құрамының біркелкілігі (МФ деректері бойынша).
Кейбіреулер үшін стерильділік (жараға арналған ұнтақтар, жаңа туған нәрестелер үшін)
Капсула – құрамында бір немесе бірнеше белсенді ингредиенттерден, қосымшазаттар қосылған немесе қосылмаған, қатты немесе жұмсақ желатинді немесе кейде агар қабығынан тұратын дәрілік форма.