Парафармацевтикалық өнім түсінігі және жіктелуі. «. Парафармация»



бет18/20
Дата28.12.2022
өлшемі110,18 Kb.
#164770
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
парафарм рк дайындық
Кровотечения II половина беременности
Капсула технологиясы:
1. Желатинді массаны дайындау. 
Желатинді массаның құрамына желатин, глицерин, консервантгар жэне су кіреді. Массаның құрамына боягыш жэне ароматты заттар кіруі де мүмкін.
Желатин 80- 84°С температурада су мен глицерин қоспасында толық еріп кеткенге дейін араластырады. Массаны осындай жагдайда 2 сағатқа қалдырады. Сонан соң реакторға вакуум-насосты қосып, одан ауаны сорып алады(15-30 мин). Дайын массаны арнайы термостатқа ауыстырып кұйып, 45°С температурада 24 сағатқа қалдырады (термостаттайды).
2. Капсулаларды қалыптау. 
Желатинді масса термостаттан батыруға арналган ваннага беріледі. Батыру алдында қалыптар салқындатылады, шабдалы немесе басқа маймен майланады. Сонан соң олар бір қалыпты ырғақпен ваннага батырылады және дәл осылай шығарылады. Осы кезде бір шеті ашық, сопақша немесе дөңгелек келген капсула қабықшалары алынады.
3. Капсулаларды толтыру. 
Бұл үшін электронды дозаторлар қолданылады. Оның негізгі бөлігі медициналық шприц болып табылады. Поршеньдік насостың көмегімен сұйықтық шприцке сорылады. Кері қарай жүргенде масса шприцтен бос қабықшаларга туседі.
4. Капсулаларды дәнекерлеу.
55-65°С температурага дейін қыздырылган дәнекерлегішті капсула мойнының тесігі бойымен айналдырады, желатинді масса осы жерде балқып, балқытылган қоспа тесікті желімдеп бекітеді.
5. Капсулалардың сапасын бағалау. 
Дәнекерлеудің сапасын тексереді, капсуланың беріктігін, толтырылу дәрежесін анықтайды. Ағатын, кабырғаларының қалындыгы әртүрлі, механикалық қоспалары бар және т.б., капсулалар жарамсыз деп табылады. Жарамсыз капсулалар қайта өңдеуге жіберіледі.
6. Капсулаларды кептіру.
Капсулаларды кептіру 23-26°С температурада ауа күшпен айналып жүретін шкафта 20 сағат бойына жүргізіледі. Кептірілген қабықшалардың ылғалдылығы 10-12% болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет