Түзулердің параллельдік белгілері Бірінші белгі:Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші бір түзуге паралелль болса, онда бұл екі түзу өзара паралелль болады.
Екінші белгі: Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде айқыш бұрыштары тең болса, онда берілген екі түзу өзара паралелль болады.
Үшінші белгі: Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде сәйкес бұрыштары тең болса, онда берілген екі түзу өзара паралелль болады.
Төртінші белгі: Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде тұтас бұрыштардың қосындысы 180 0 – қа тең болса, онда берілген екі түзу өзара паралелль болады.
4. Егер қайсыбір түзу параллель екі түзудің біреуін қиса , онда ол екіншісін қиюы мүмкін бе ?
Есептің шарты:үшінші түзу параллель екі түзудің біреуін қиып өтеді.