299
Динамометрия
(грек. dynamis— күш және metron— өлшем)
— бұлшық еттің, не оның бір тобының өршуінен туындайтын
күшті динамометр көмегімен өлшеу. Бүгілген саусақ бұлшық
еттерінің күшін өлшейтін және тегіс тері бұлшық еттерін
өлшейтін динамометр түрлері болады. Динамометриялық
көрсеткіштер дене салмағына байланысты әртүрлі болып
келеді. Динамометрия адамның физиологиялық даму деңгейін
анықтау үшін спорт және медицина саласында ескеріледі.
Өт жолдары дискинезиясы
(грек. dys— бұзылу және kine-
sis— қимыл)
— өт жолдарының жиырылу қызметінің нервтік,
гуморальдік реттелу бұзылыстарынан дамиды. Дамуына
әкелетін басты себептер: ваго немесе симпатикотония;
катехоламиндер, ацетилхолин, холецистокинин, мелатонин
және басқа гастроинтестициальдік гормондардың арасындағы
дисбаланс.
Дистониялық әсерленіс
— систолалық қысым жүктемеден
соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары,
ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - «шексіз»
дыбыс феномені. Бұл әсерленіс көбіне нейроциркуляторлы
дистониямсы кездесетін .жасөспірімдерде байқалады.
Қозғалыс дифференцировкасы — ең аз қателіктермен
орындалатын кеңістіктегі қимыл (кеңістік дифференцировкасы),
уақыт ағымындағы (уақыттық дифференцировка) және бұлшық
ет күшімен орындалатын қимыл.
Доминанта
Достарыңызбен бөлісу: