300
Изотониялық режим
(грек тілінде isos — бірдей, тең, tonos —
ширығу, деген мағына береді) жиырылу (ширықпай жиырылу)
кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның
ұзындығы қысқарады. Тәжірибе жағдайында изотониялық
жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр
тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.
Иммобилизация
(латын. immobilis—қозғалыссыз)
— түрлі
жарақатттар мен ауруларда қозғалыстың жасалуына жол
бермеу.
Иммунитет
(латын. immuitas— босау, арылу) — организмнің
антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде
заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп
шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті
және оларға қарсы тұру қабілеті.
Иннинг
—бейсбол ойынының 9-дан бірі.
Инфаркт миокарда
— жүрек бұлшық етінің қанмен
қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз)
ошағының пайда болуы. Миокард инфарктысының пайда
болуына атеросклерозбен зақымданған тәждік артерия қан
тамырларының қуысының тарылуы себепші болады. Миокард
инфарктысына қан қысымы ауруы, қант диабеті, психикалық
күйзеліс, семіздік, көп шылым шегу, т.б. әсер етеді.
Кинестезия
(грек. kinesis— қозғаллыс және aisthesis
—
сезім)
— адамның практикалық әрекетімен байланысты бұлшық-
буын сезімдері.
Колит
(грек. kolon— тоқ ішек)
— бұл тоқ ішектің шырышты
қабығының жекелей немесе жалпы қабынуымен ерекшеленетін
ауру. Оны әртүрлі инфекциялар (бактериалды немесе вирусты),
тағамдық улану, нашар тамақтану, сондай-ақ кейбір басқа
аурулар тудыруы мүмкін. Колит белгілі себептерсіз туындайтын
созылмалы болады (жаралы колит, Крон ауруы). Алайда осы
ауруды туындататын барынша жиі себебі ұзақ психикалық не
физикалық күйзеліс жағдайы болып табылады.
Лопинг
(ағылш. looping the loop— жабық шеңбердегі өлі
цикл)
— вестибулярлы аппарат жаттығуларына арналған
спорттық жабдық.
Максималды тест (МТ)
— орындалған жаттығулардың
қорытындысы бойынша максималды көрсеткіштері.
Медбол
— салмағы 2-5 кг құрайтын үрмелі медициналық
доп.
Қанның минуттық көлемі
— жүректің өкпе өзегі мен аортаға
1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа
минуттық көлем 3- 5 л құрайды.
Миозит
Достарыңызбен бөлісу: