296
доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш)
байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді,
өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды.
Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай
бөлігі реттеп отырады.
Жарылғыш күш
— мүмкіндігінше қысқа уақытқа барынша
күш жұмсау қабілеті. Бұлшық еттің күшті болуын талап ететін
қозғалтқыш әрекеттерінде шешуші мәнге ие.
Діріл ауруы
— адам ағзасына ұзақ уақыт діріл әсер ету
салдарынан пайда болатын ауру. Адамның қолы дірілге
қатты сезімтал болып табылады. Секундына 35 тербелістен
артық діріл әсер етсе, жергілікті діріл ауыруы пайда болады.
Сонымен қатар жергілікті діріл көліктің ішінде келе жатқан
адамдарда болу мүмкін. Діріл ауруларының даму кезеңдері
алты айдан тоғыз айға дейін созылуы мүмкін (діріл күштілігіне
байланысты). Діріл ауруының негізінде жүйке жүйенің әр
түрлі бөліктерінде дами алатын парабиоз процессі жатыр.
Ең алдымен қол рецепторлары зақымдалады. Потологиялық
процесс рецепторлардан перифериялық үйкеге өтеді. Омыртқа
араларында парабиотикалық өзгерістер болуы мүмкін.
Көңіл аудару
— белгілі бір объектіде сананың
шоғырлануында көрінетін психикалық белсенділікті сипаттау.
Оның үш түрі бар: ерікті, еріксіз және еріктіден кейінгі. Еріксіз
немесе пассивті назар аудару кезінде қызмет нысанын таңдау
алдын ала белгіленген мақсатсыз кездейсоқ түрде анықталады.
Мұндай көңіл-күй ешқандай күш-жігерсіз сақталады. Егер
таідау есті түрде іске асса онда ол ерікті немесе активті көңіл
аудару болып саналады. Ерікті назар аудару ерік-жігер актісі
болып саналады және ол тек адамның өзіне еңбек процессіне
қатысты. Кей кезде адамның арнайы күш-жігерін талап етпейтін
де болады, мұндай көңіл бөлулер еріктіден кейінгі көңіл аудару
болып танылады.
Қалыпқа қайта келу
— жұмыс аяқталғаннан кейін ағзада
орын алатын және физиологиялық функциялардың бастапқы
күйіне біртіндеп көшу процесі.
Жұмыс өнімділігінің ұлғаюы
— жұмыстың басында
аталған қызметтің табысты орындалуы үшін қажетті жаңа
функционалдық деңгейге дейін физиологиялық функциялардың
кезең-кезеңмен көшуі.
Буын шығуы
— физиологиялық норма шегінен тыс
сүйектердің артикуляциялық беттерінің толық жылжуы.
Төзімділік
— адамның жұмысты ұзақ уақыт орындауы.
Гастрит
Достарыңызбен бөлісу: