Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет226/244
Дата13.12.2021
өлшемі34,93 Mb.
#100184
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   244
Байланысты:
Бишаева Дене шынықтыру

291
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ
СПОРТТЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ 
Адаптация 
(латын  тілінен  аударғанда    adaptation  — 
бейімделу) — 
организмнің, оның функционалдық жүйелерінің, 
ағзалардың  ішкі  ортасының  салыстырмалы  тұрақтылығын 
сақтауға бағытталған сыртқы орта жағдайына бейімделу процесі 
- гомеостаз.
Адекватты 
(лат.  Adaequatus-теңестірілген)  - 
тең,  әбден 
лайықты.
Акупрессура 
(лат. acus— нүкте және pressum— қысым) — 
биологиялық  белсенді  нүктелерде  саусақтармен  (қысу,  басу) 
рефлексотерапия әдісі.
Альвеол 
(лат.  alveolus—  жасуша,  құты)  — 
өкпенің, 
бронхтың ең жіңішке тармақтарының соңында дөңгелек немесе 
сопақ құты. Альвеоли капилляр желісімен қапталған.
Анализаторлар 
— 
шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, 
ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни 
ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық 
бөлігімен  байланыстырып  түрған  рефлекторлық  доганың 
сезімтал  бөлігі.  Кинестетикалық  (қозғалыс)  анализаторы
 
— 
дененің  және  оның  бөліктерінің  қозғалысы  мен  жай-күйі 
туралы рецепторлардың мәліметтерін талдау және синтездеуді 
жүзеге  асыратын  сенсорлық  жүйе;  проприоцепторлардан,  тері 
рецепторларынан,  вестибулярлық  аппараттан,  визуалды  және 
мотор  орталықтан  сигналдарды  біріктіреді.  Адам  қозғалысын 
модельдеу,  орындалған  қозғалыстың  бейнесін  жасайды. 
Вестибула  анализаторы  орталық  жүйке  жүйесіне  дене  және 
оның бөліктерінің кеңістіктегі орны туралы үнемі ақпарат беріп 
отырады.
Антагонист 
(грек.  antagonistes—  қарсылас)  — 
екі  қарсы 
бағытта  бір  мезгілде  немесе  кезекпен  әрекет  ететін  бұлшықет 
немесе бұлшықет тобы.
Антиципация 
(лат.  anticipatio—  болжау)  — 
бұл  жүйенің 
мүмкіндігі  оқиғаларды,  құбылыстарды  және  іс-қимылдың 
нәтижелерін болжау.
Психологияда  бұл  түсініктің  екі  мағыналық  аспектісі 
ажыратылады:       1) тұлғаның іс-әрекеттің ықтимал нәтижесін 


292
іске асырардың алдында елестету және мәселені нақты шешу 
үшін шімін болжау қабілеті;             2) организмнің кез-келген 
оқиғаға алдын-ала реакциясы. Ол әдетте белгілі бір дене тұрысы 
немесе қимыл-қозғалысы арқылы белгілі болады. Антиципация 
шығармашылық пен ғылыми-зерттеулерде маңызы зор. 
Антропометрия 
(грек.  Athropos  -  адам  және    metron  - 
өлшем) — 
адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене 
құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне 
жан-жақты  анықтамалар  беретін  антропологиялық  зерттеудің 
негізгі тәсілдерінің бірі. рамында минералды заты көп сүйектер 
иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді. Адамның 
антропометриялық  сипаттамалары  адам  денесінің  және  жеке 
бөліктерінің  өлшемдерімен  анықталады.  Ол  мәліметтер 
анағұрлым  рациональді  еңбек  жағдайларын  жобалау 
үшін  пайдаланылады.  Олар  жұмыс  орнының  кеңістіктік 
ұйымдастырылуын есептеуге, көру және қол жету аймақтарын 
орнатуға,  жұмыс  орнының  конструктивтік  параметрлерін 
анықтауға  көмектеседі,  сонымен  қатар  қолайлы  әрі  қауіпсіз 
еңбек жағдайларымен қамтамасыз етед
і.     
Армрестлинг 
(ағылш. arm wrestling - қол күресі) —
 биіктігі 
104,14 см, ұзындығы 92,71 см және ені 64,77 см-лік үстелдегі 
қол күресі. Балуандардың қол бұлшықеттеріне арналған арнайы 
«контейнерлер»  бірдей  қашықтықта  үстелдің  шеткі  жағынан 
және перпендикуляр орналасады. 
Артрит 
(грек.  аrthron  -  буын)  —  ж
ұқпалы  туындаған 
артикулалық  аурулардың  тобы  немесе  буынның  созылмалы 
қабыну  процесінің    нәтижесінде  дамиды.  Бұл  буынның 
қабынуынан немесе басқа аурулардың көрінісі болуы мүмкін. 
Артроз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет