Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Осы тарауды оқып шығып, білетін боласыздар



Pdf көрінісі
бет223/244
Дата13.12.2021
өлшемі34,93 Mb.
#100184
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   244
Байланысты:
Бишаева Дене шынықтыру

Осы тарауды оқып шығып, білетін боласыздар:

  қандай әдеттер пайдалы, ал қандай зиянды болып келетінін

  не себепті темекі тарту мен алкоголь дене шынықтыру және спортпен үйлеспей
-
тін ұғымдар екенін;   

  зиянды әдеттермен қалай күресуге болатынын.
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ
ОЛАРМЕН КҮРЕСУ 
15  
Бөлім


280
Алайда студенттік жылдары да талай зиянды әдеттер пай
-
да  болады:  дұрыс  қойылмаған  күн  тәртібі  және  рационалды 
тамақтанбауы,  сабақтарға  уақытылы  дайындалмауы  және  т.б. 
Бірақ, ең зиянды әдеттер темекі тарту және спиртті ішімдіктер
-
ге салыну болып табылады. Осы әдеттер байқаусыз адамның 
өмірін бұзатын кемтарлыққа өсуі мүмкін.    
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын шақыратын қа
-
уіп-қатер факторларының арасында әлемнің алдыңғы қатарлы 
кардиологтары үшінші-төртінші орынға темекі тартуды жатқы
-
зады.  
Қазіргі  уақытта  темекі  түтінінің  құрамына  кіретін  30  улы 
химиялық  заттар  анықталды.  Олардың  ішіндегі  ең  күштісі  – 
никотин, иіс газы немесе көміртек тотығы, канцерогенді заттар, 
мысалы бензпирен және т.б. 
Барлығының ішінен темекі түтінін никотинмен жиі байла
-
ныстырады. Ол қанға 20 секунд ішінде барады, жүйке тамыр
-
ларының орталық және шеткі жүйесіне белсенді әсер етеді. Те
-
мекі тартып болған адамда бірінші минуттарда ми тамырлары 
ұлғаяды, осының салдарынан ақыл-ойдың қабілеттілігі уақыт
-
ша жақсарады. Бірақ тез арада ми тамырлары тарылып, ақыл-
ой әрекетінің сапасы нашарлайды, темекі тарту қажеттілігі қай
-
тадан  пайда  болады.  Ұзақ  уақыт  бойы  темекі  тартып  жүрген 
адамдардың ми тамырларында созылмалы булығу құбылыста
-
ры байқалады. Сонымен қатар никотин жүйке жүйесінің сез
-
гіштігіне теріс әсер етеді.     
Никотин жүрек бұлшықетінің май басуына әсер етеді. Ни
-
котин  гипоталамусты  қоздыру  арқылы  вазопрессин  гармоны
-
ның бөлінуін күшейтеді, яғни жүрек тамырларының тарылуын 
шақырады. Нәтижесінде оның жұмыс істеуі нашарлайды.    
Никотин тыныс алу жүйесіне зиянды әсер етеді. Бронх ша
-
рышты қабықпен жанасқан кезінде ол оның  қорғау функция
-
ларын жояды, өкпе көпіршіктеріне оттегінің баруын азайтады. 
Темекі тартатын студенттер дене шынықтыру бойынша норма
-
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Сарапшылар комитеті ста
-
тистикалық  деректер  негізінде  темекі  тарту  салдарынан  адам  өмірінің 
ықтимал ұзақтығы қанша жылға қысқаратынын болжаммен анықтауға бо
-
латын кестені әзірледі. Осы кестеге сәйкес күніне 9 шылым шегетін 20-25 
жастағы  адам  өз  өмірінің мерзімін 4,6  жылға,  10-19  шылым шегетін  5,5 
жылға қысқартады.  
ЗИЯНДЫ 
ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ 
ОЛАРМЕН 
КҮРЕСУ 


281
тивтерді тапсыру кезінде темекі тартпайтындарға қарағанда жү
-
гіруден нашар нәтижелер көрсетеді. 
Никотин  асқорыту  жолының  шарышты  қабығына  зиянды 
әсер етеді. Ауыс қуысына түскенде қызыл иектер босай бастай
-
ды,  тістің  эмалін  зақымдайды,  тісжегінің  пайда  болу  қауіпіне 
себеп болады.  
Денсаулыққа иіс газы немесе көміртек тотығы қауіпті болып 
келеді. Қан тамырларында холестерин қартыстарын күшейтіп, 
ол ондағы склероз өзгерістерінің тез дамуына әсер етеді. Қанда 
иіс газы гемоглобинмен қосылып, карбоксигемоглобинге айна
-
лады, ол тінге оттегінің баруына кедергі жасайды. Осының сал
-
дарынан темекі тартатын адамдарда дененің барлық қуыстары
-
ның оттегімен қамтамасыз етілуі нашарлайды.      
Адам ағзасына темекі түтінімен бірге эфир майлары кіреді, 
олар жүрек жұмысының ырғағын бұзады. Сонымет қатар темекі 
түтінінде 2 до 7 % - ға дейін көмірқышқыл газы бар, оның ауа
-
дағы 0,1% - концентрациясы қауіпті болып саналады.
Темекі  тартуға  салынған  адамдар  темекі  тартпайтын 
адамдарға  қарағанда  жүректің  ишемиялық  ауруының  әртүрлі 
формаларымен ауырады. Танымал кардиолог О.Г. Оганов темекі 
тартантындардың  арасында  миокард  инфарктыдан  кенеттен 
болған өлім темекі шекпейтіндерге қарағанда 5 рет жиі болаты
-
нын белгілейді. Сонымен бірге темекі тартатындарда біршама 
жастық шақта инфаркттер болады.  
Темекі  тартатындарда  ертерек  гипертониялық  аурулар,  сте
-
нокардия  байқалады.  Осы  ауруларға  шалдығатын  студенттер 
арасында 78,4 % шылымқорлар екені анықталды.   
Темекі тарту – бірқатар ауыр сырқаттардың пайда болуына 
негізгі себептерінің бірі болып табылады. 
Темекі  тартатын  адамдар  салқын  тигеннен  болатын  ауру
-
ларға, созылмалы демікпеге, өкпе эмфиземасына бейімді болып 
келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Сарапшылар 
комитеті осы аурулардан қайтыс болатын адамдардың 90 % те
-
мекі  тартатын  адамдар  екені  туралы  қорытынды  жасады.  Со
-
нымен қатар темекі түтінінің улы заттарының әсерінен асқазан 
сөлінің қышқылдығы жоғарлайды, гастриттер, ойық жара ауру
-
лары пайда болады.   
Темекінің түтіні бауырға, ішкі секреция бездеріне, сондай-ақ 
жыныстық функцияға зиянды әсер етеді. Көбінесе ер адамдар
-
да болатын белсіздік жиі темекі тартумен байланысты болады. 
Әйел адамдарда никотин аналық бездерінің функцияларына қы
-
сым береді. 
ЗИЯНДЫ 
ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ 
ОЛАРМЕН 
КҮРЕСУ 


282
Денсаулық үшін ең қауіпті пассивті темекі тарту, яғни темекі тартпайтын
-
дардың темекі тартатындардың арасында болуы.
Өз 
ерік-жі
-
геріңді  қолыңа 
алып,  осы  жа
-
ман 
әдеттен 
арыл.
73
ЗИЯНДЫ 
ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ 
ОЛАРМЕН 
КҮРЕСУ 
Темекі жанған кезде пайда болатын және темекі тартатыдар
-
дың өкпесіне бармайтын түтінде одан да көп зиянды заттар бо
-
латыны белгіленді. Мысалы, түтін құрамына көміртек тотығы 5 
есе, темекі шайыры мен никотин 3 есе, бензипрен 4 есе, аммиак 
46 есе кіреді.   
Темекі тарту дене шынықтырумен және спортпен уақытылы 
айналысумен үйлеспейді. Өйткені бұлшықетке түсетін ауырт
-
палықтар ағзаға темекі тартудың теріс әсерін күшейтеді.
Темекі  тартатын  спортшыда  артық  күш  жұмсау,  шамадан 
тыс жаттығу, жаттығудан кейін қалпына келтіру процестердің 
қауіпі пайда болады.
Жаңа  қимыл-қозғалыс  дағдыларын  меңгеруі  нашарлайды, 
жылдамдық дене сапалық қасиеттері төмендейді. 
Барлық  әлемде  темекі  тартуды  тастау  әдістері  әзірленуде. 
Топтық  психикалық  терапия,  дәрігерлік  консультация  қолда
-
нылады, жаңа медициналық дәрі-дәрмектер, никотинге қарсы 
сағыздар және т.б. шығарылуда. Алайда бәрінен дұрысы өз ер
-
кін қосу, өзін темекі тартудың керек еместігіне және зияндығы
-


283
ЗИЯНДЫ 
ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ 
ОЛАРМЕН 
КҮРЕСУ 
на сендіру (73 сурет). Ең шылымқор адамның 8-10 күн ішінде 
көңіл-күйі тұрақтанады, жұмысқа қабілеттілігі артады.  
Алкогольді  (этил  спирті)  қолдану  кез-келген  түрінде  (арақ, 
шарап, сыра және т.б. ) одан да зор зиян әкеледі. Адамның био
-
логиялық  табиғатына  теріс  әсер  етуінен  басқа,  алкоголь  оның 
әлеуметтік  болмысына  қатты  әсер  етеді.  Алкогольді  ішімдік
-
терді үнемі қолдану кезінде тұлға тоқырауына әкеледі, қызмет
-
тік жағдайы жойылады, отбасы бұзылады.
Қанда  спирттің  болуын  қарау  реакциясында    жеке  айыр
-
машылықтарына қарамастан, оның әсер ету негізгі заңдылықта
-
ры едәуір нақты қаралады. Нәтижесінде 100-150 г. арақты қол
-
данған кезде алкогольдің қандағы құрамы 0,04-0,05 %-ға жетеді. 
Мидің жоғары бөлімі қызметінің әлсіреуі басталады, адам «ішкі 
тежеуіштерінен»  босатылады,  импульсивті  ықыластарды  қа
-
нағаттандыра алады. Жалған еркіндік, өз мүмкіндіктерін қайта 
бағалау, өзін-өзі қорғау түйсігінің жойылу жағдайы пайда бола
-
ды.   
Қанда алкоголь концентрациясының 0,1% - ға дейін көбеюуі 
(200 – 300 г арақты қабылдаған кезде) орта ауырлықтағы маста
-
нуды тудырады. Бұл кезде мидың ең терең құрылымдары басы
-
лады, адамның эмоционалды жағдайы өзгереді: себепсіз қуану, 
жөнсіз  мазасыздық,  жылауықтық.  Қозғалыс  функцияларының 
нашарлауы жиі байқалады: адам ақырындап қозғалады, сөйлеуі 
шатасады.   
Алкогольдің қандағы концентрациясы 0,15 - 0,2% жеткен кез
-
де мидың ең терең бөлімдерінің функциялары басылады. Ауыр 
мас күйіне түседі. Бұл кезде қабылдау, мидың қозғаушы орта
-
лықтарының және тепе-теңдік мүшелерінің қызметі бұзылады.   
 
Қарапайым  сезімдер  бақылаудан  шығады.  Мұнымен 
жүгенсіз ашу қысудың, жоғары агрессиялықтың пайда болуын 
түсіндіруге болады.  
Қанда алкоголь 0,4-0,5 % болған кезде (800—1000 г арақ қа
-
былдаған кезде) адам шок күйге түседі. Рефлекстер әрекетсіз бо
-
лады, сақиналы бұлшық еттер босаңсып қалады, сезімталдығы 
кенет төмендейді, тыныс алу орталығы жабылады, өліп кетуі де 
мүмкін.
Алкогольдің  органдарға  физиологиялық  әсер  етуі  қандай 


284
ЗИЯНДЫ 
ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ 
ОЛАРМЕН 
КҮРЕСУ 
болуы мүмкін? Оған бас миі ең сезімтал болып келеді, әсіре
-
се нейтрондар. Нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің қызметі 
бұзылады. Алкогольді ішімдіктерді жиі қабылдайтын адамдар
-
да ми тіндері негізгі тамақтану көзі – глюкозаны сіңіру қабілеті 
төмендейді.  Алкоголь  ақыл-ой  қабілетінің  нашарлауына,  есте 
сақтау  және  ойлау  сапасынының  төмендеуіне  ықпал  ететіні 
дәлелденген.
Алкогольдің жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер ету зиян
-
дылығы кем емес: жүректің жиырылу күші төмендейді, ал ұзақ 
уақыт қабылдаған кезінде жүрек бұлшық еттерінде құрылым
-
дық өзгерістер пайда болады. Алкогольді ішімдікті қабылдаған
-
нан кейін бірден қан ұйығыштығы жоғарлайды, осы себептен 
миокард инфаркті болған жағдайлар аз емес.  
Алкоголь  сопақша  мидың  тамыр  қозғалтқыш  орталығын 
ұзақ қоздыру қалпына әкеледі. Қан тамырлары тарыла бастай
-
ды,  олардың  қабырғаларында  алмасу  бұзылады.  Мұндай  құ
-
былыстар  артериялық  қысымның  жоғарылауына,  сондай-ақ 
атеросклероздық  өзгерістерге  себеп  болады.  Сонымен  қатар 
қылтамырларда  қызыл  қан  түйіршіктері  жабысады  –  эритро
-
циттер, олар қылтамырлардың бұзылуына, ұсақ қан тамырла
-
рының (артериол) үлкен бөлігінің бітеліп қалуына әкеп соғады. 
Әсіресе осындай процесстер мида белсенді болады.
Алкоголь ішкі органдарда болатын май заттарға (липидтер) 
әсер  етеді.  Липидтер  спиртте  жақсы  ериді,  сол  себепті  алко
-
гольді  ішімдіктерді  үнемі  қабылдайтын  адамдардағы  осы  ор
-
гандардың  жасушалары  жойыла  бастайды.  Ең  ауыр  сырқат  – 
бауыр циррозы басталуы мүмкін. Бұл сырқат өлімге әкеледі.  
Алкоголь жыныс бездері қызметінің бұзылуына әкеп соға
-
ды, тұқымына зиянды ықпал етеді: маскүнемнен туылған бала
-
лар жиі ақыл-есі кем болып келеді. 
Спиртті ішімдіктерді жиі қабылдағаннан көп адамдарда ас 
қорыту органдарының аурулары пайда болады. Алкоголь асқа
-
занға, сосын ішектерге барғаннан кейін ас қорыту бұзылады, 
асқазан сөлінің құрамы өзгереді. Маскүнем адамдардың асқа
-
зандарында шырыштың жоғары болуы байқалады. Ол тамақты 
тұмшалап, оның дұрыс қорытылуына кедергі болады. 
Спиртті ішімдіктердің азғантай мөлшері тәбетті жақсартады 


285
Алкоголь  өңеш,  бауыр,  асқазан  жасушаларын 
жойып,  олардың  қарқынды  бөлінуіне  әкеп  соғады. 
Бұл қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соғуы мүм
-
кін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет