Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет228/244
Дата13.12.2021
өлшемі34,93 Mb.
#100184
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   244
Байланысты:
Бишаева Дене шынықтыру

(ағыл. body — дене және building — құрылыс) 
—  мақсаты  спортшының  барлық  бұлшық  топтарын  барынша 
дамыту және дененің стандартты пропорцияларын құру болып 
табылатын  спорттық  гимнастика.  Ол  жарыстарда  бағаланады 
(дене салмағы бойынша). Жарыстар бірнеше раундқа бөлінеді 
және  міндетті,  еркін  позаны  қамтиды,  оның  барысында 
қатысушылар  (топта  және  жеке  түрде)  белгілі  бір  бұлшықет 
топтарын:  екі  еселенген  бицепс,  трицепс,  пресс,  жамбас  және 
МЕДИЦИНА
-
ЛЫҚ ЖӘНЕ 
СПОРТТЫҚ 
ТЕРМИНДЕР 
СӨЗДІГІ


294
т.б.  көрсетуі  керек.  Судьялар  спортшылардың  жұмысын 
бірнеше  критерий  бойынша  ұпаймен  бағалайды,  содан  кейін 
жалпы санын есептейді.
Меньера ауруы 
— 
ішкі құлақтың ауруы, қуыстағы сұйықтық 
мөлшерінің  ұлғаюына  апарады  және  тепе-теңдік  сезіміне 
және  естуге  әсер  етеді.    Бұл  буын  қысымының  өзгеруі,  есту 
және  вестибулярлық  функцияларды  орындайтын  жүйке 
перифериялық  бөліктерінің  бұзылуымен  тікелей  байланысты. 
Басқаша айтқанда, аурудың  себебі -  ішкі құлақтың  сұйықтық 
қысымының жоғарылауы. 
Рейно  ауруы 
— 
ұсақ  артерия  мен  артериолалар  зақымдалуымен 
жүретін  ангиотрофоневроз  негізінде  жүретін  дерт.  Көп  жағдайда 
жас  әйелдерде  кездесіп,  айқын  микроциркуляторлы  бұзылыстармен 
көрінеді.  Аяқтың  бақай,  табан,  қолдың  саусақ  артериоллалары 
зақымдалады.  Аурудың  негізгі  көрінісі  болып  соңғы  бөлімдегі 
артериялардың  генерализденген  спазмы,  олардың  дистрофиялық 
өзгерістері, тромбозбен көрінеді. Ауру саусақ және аяқ тамырларының 
спазм  тудырып,  сирек  жағдайда  құлақ  пен  мұрын  тамырларында 
байқалады.  Процесс  басым  көп  жағдайда  қолда  кезесіп,  екіжақты, 
симметриялы түрде көрінеді.
Үлкен ми 
— 
адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары 
басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. 
Бронхиалды  астма 
(грек.  bronchos  —  тыныс  жолы  және 
asthma  —  тұншығу)  — 
бұл  бронхиалдық  өткізгіштіктің 
бұзылуымен сабақтас кезең сайын туындайтын экспираторлық 
ентігу  (тұншығу)  ұстамаларымен  сипатталатын  созылмалы 
кесел.  Адамда  аллергияны  (жоғары  сезімталдықтықты)  және 
оған  байланысты  әр  түрлі  кеселдерді  шақыруға  қабілетті 
көптеген заттар қоршаған ортада жеткілікті. Бірақ оларға жоғары 
сезімталдық барлық адамдарда бола бермейді. Кейбір адамның 
организмінің бұл қабілетін кейде “аллергиялық конституция” 
деп атайды. Ол вегетативтік нерв жүйесінің жоғары қозуымен, 
ұсақ  қан  тамырларының  (капиллярлардың)  арта  түскен 
сіңіргіштігімен және адам организміндегі зат алмасудың кейбір 
ерекшеліктерімен  сипатталады.  Аллергиялық  кеселдерге  жас 
организм көбірек бейім.
Бронхит 
(грек.  Bronchos  -  тыныс  жолы)  — 
бұл  өкпеге 
ауа  баратын  тыныс  жолдарындағы  немесе  түтікшелердегі 
инфекция.  Бронхит  болғанда  жөтелде  шуыл  болады,  көбіне 
сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда 
болады.    Бронхиттің  жедел  және  созылмалы  түрі  бар.  Жедел 
Бронхитпен  ауырғанда  науқас  тоңады,  жиі  есінейді,  басы 
ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, 
кейін  қақырық  араласқан  жөтел  жиі  пайда  болады.  Дене 
температурасы  көбіне  қалыпты  жағдайда  сақталады.  Жедел 
Бронхит  негізінен  1-3  аптада  толықтай  жазылып  кетеді.  Жас 
балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, 
МЕДИЦИНА
-
ЛЫҚ ЖӘНЕ 
СПОРТТЫҚ 
ТЕРМИНДЕР 
СӨЗДІГІ


295
тез  ем  қолданбаса,  созылмалы  түрге  айналады.  Созылмалы 
Бронхит  —  ұзақ  уақыт  шаң-тозаң,  улы  газ  жұтқаннан,  темекі 
тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп 
уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды.
Бронхопневмония 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет