2.2. Дене тәрбиесi бойынша сабақтарды ұйымдастыру Оқу басталғанға дейін бірінші курста студенттер медицина
-
лық тексеруден (диспансеризациялау) өтеді. Дене құрылысы
-
ның дамуын, дайындығын, негiзгi функционалдық жүйелерінің
жағдайын тексеру әр студенттің қозғалыс белсенділігінің түрі
мен көлемін және оның медициналық тобын анықтауға мүмкін
-
дік береді. Ол келесі топтарға бөлінеді: негізгі топ, дайындық
тобы, арнайы топ.
Негiзгi медициналық топқа денсаулығында ауытқулар жоқ,
дене құрылысы жақсы дамыған және дене шынықтыруға дай
-
ындығы жоғары студенттер жатады.
Дайындық медициналық топқа дене құрылысы толық
дамымаған, денсаулығында ауытқушылықтары жоқ немесе
35 ОКББ
МЕКЕМЕЛЕРІН
-
ДЕГІ ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІ
уақытша ауытқушылықтары бар студенттер жатады.