Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет33/244
Дата13.12.2021
өлшемі34,93 Mb.
#100184
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244
Байланысты:
Бишаева Дене шынықтыру

Дайындық бөлімінде
 негізгі және дайындық медициналық 
тобының  студенттері  оқиды.  (17-сурет).  Оқу  кәсіби  және  са
-
уықтыру сипатта болады және ол жалпы және кәсіби қозғалыс 
дайындығын жүзеге асыруға бағытталады.
Арнайы бөлім 
денсаулық жағдайы бойынша арнайы меди
-
циналық  топқа  жататын  студенттерге  арналады.  Бұл  топтағы 
студенттерді дене тәрбиесі бойынша оқытудың негізгі міндет
-
тері:  дене  дамуындағы  функционалды  ауытқушылықтар  мен 
кемшіліктердің алдын алу және жою, түзу дене мүсінін қалыпта
-
стыру, денсаулықты қалпына келтіру және нығайту, шаршауды 
жою, еңбекке қабілеттіліктің жоғары деңгейін сақтау, организ
-
мнің мүмкіндіктерін жоғарылату, салауатты өмір салтына деген 
қажететтілікті  қалыптастыру  (шынықтыру,  дұрыс  тамақтану, 
еңбек пен демалыстың тиімді тәртібі, сауықтыру-қозғалыс бел
-
сенділігі).
Орта кәсіби білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі оқудың 
барлық  кезеңдерінде  жүргізіледі.  Оқу  жоспарында  дене  шы
-
нықтыру  пәніне  аптасына  2  сағат  беріледі.  Дене  тәрбиесінің 
негізгі формасы - сабақ беру. Барлық сабақтар міндетті болып 
есептеледі.
Студенттер  мемлекеттiк  стандартты  бақылау  нормативін  
(жеңiл атлетика, шаңғы, жүзу, негiзгi гимнастика) оқу жылын
-
да  функционалдық  және  қозғалыс  дайындығы  кезеңдерінде 
тапсырады.
Дене  шынықтыру  бойынша  тесттерді  дене  шынықтыру 
пәнінің оқытушысы сол мамандыққа сәйкес талаптар бойынша 
таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет