ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНДЕ СПОРТТЫҚ ІРІКТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ƏДІСТЕМЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ
Р.А.
Нуржакиев
‒ 1-курс магистранты, Қазақ спорт және туризм академиясы
А.Т.
Құлбаев
– ғылыми жетекші, PhD докторы
Аңдатпа.
Мақалада грек-рим күресінде спорттық іріктеуді ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері туралы
айтылады. Грек-рим күресіне іріктеулер кезінде спортшының, біріншіден, денсаулығы өте жақсы қалыпта болуы,
спортшы психологиялық тұрғыда өте ұстамды болуы, грек-рим күресінде спортшы физикалық, тактикалық және де
техникалық саласында өте жоғары деңгейде болуы тиіс. Грек-рим күресі басқа күрес түрлеріне қарағанда физикалық
күшті өте талап етеді, спортшының функционалды дайындығы да жақсы болуы тиіс. Басқа күрес түрлеріне қарағанда
грек-рим күресінің техникалық әдістері де өзгеше келеді. Грек-рим күресі белден жоғары күресетін күрес түрі. Грек-
рим күресінің техникалары жоғарғы амплитуда да орындалады. Сондықтанда спортшылардың икемділігі,
жылдамдығы, шапшаңдық сапаларына көп көңіл бөлу керек. Аса мән беретін жайттардың бірі ‒ спортшының білек,
қол, аяқ, бел бұлшықеттерінің мықты болу сапаларына өте жақсы көңіл бөлу. Грек-рим күресінде үш жас
ерекшеліктеріне бөлінеді. Олар: жасөспірімдер, жастар, ересек болып [1]. Қай жас ерекшеліктерін алмасақ та, үш жас
ерекшелігінде үлкен жарыс іріктеулері бар. Бірінші ол ‒ Ел біріншілігі. Ел біріншілігінен өз салмақ дәрежесінде
жеңімпаз болып шыққан спортшы, әрі қарай Халықаралық жарыстарға жолдама алады. Ол Халықаралық турнирлар,
Азия чемпионаты, Əлем біріншіліктері. Ел біріншілігінен іріктеліп шыққан спортшыларымыз, Халықаралық
жарыстар алдында жоспарлы түрде, оқу-жиын жаттығуларынан өтуге тиісті. Оқу-жиын жаттығу кезінде де кейбір
спортшылардың денсаулығы сыр береді, осындай жүйелі түрде өтетін жаттығулар кезінде де, бапкерлердің
көзқарастарымен бірге шешкен кейбір спортшылардың іріктеуден өтпей қалуы да мүмкін. Спортшының спорттық
қабілеті қалыпта болмауына да байланысты. Сондықтанда, спортшыларды іріктеу кезінде өте мұқият көңіл бөлу әр
бапкердің міндеті болып есептеледі. Мұндай қатаң іріктеулер арқылы еліміздің халықаралық ареналарында Ел
намысын қорғайтын мықты спортшыларды іріктеуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |