Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет12/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

15
ІІ. БЕЛОКТАР
2.1. Белоктар туралы жалпы түсінік
Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – бе-
лок. Ф. Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір 
дегеніміз – белокты денелердің тіршілік ету тəсілі» деген. Демек 
белок барлық тірінің негізі, ал олардың тіршілік ету тəсілі - өмір 
болып табылады. 
Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер 
(protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық 
қосылыстардың 50-85% құрайды.
1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қыл-
дарынан тұратынын анықтады.
Белоктар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар та-
биғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі. 
Белоктардың элементтік құрамы (К. Сағатов бойынша):
Көміртегі – 50-55%
Оттегі – 21-24%
Азот – 15-18%
Сутегі – 6-7%
Күкірт – 0,3-2,5%
 
Кейбір белоктік заттардың құрамына фосфор кіреді, аз мөл-
шерде кейде темір, мыс, йод, хлор, бром, кальций, мырыш жəне 
т.б. элементтер де кездесуі мүмкін.
Белоктардың басқа полимерлерден өзгешелігі – олар құры-
лысы жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мүлдем басқа моно-
мерлерден құралған.
Белоктың молекулалық массасы оның құрамындағы амин 
қыш қылдарының санына байланысты. Мысалы, инсулин бело-
гінің құрамында 51 амин қышқылдарының қалдығы бар, екі 
полипептидтік тізбектен тұрады, молекулалық массасы 5733, 
ал гемоглобиннің құрамында 574 амин қышқылдарының қал-


16
дығы бар, молекулалық салмағы 64500. Əртүрлі белоктардың 
құра мындағы амин қышқылдары қалдықтарының саны əртүрлі- 
жүзден бірнеше мыңға дейін. Белоктың молекулалық массасын 
əртүрлі физикалық жəне химиялық əдістермен анықтауға болады, 
солардың ішінде кең тарағаны: электрофорез, молекулалық тор 
əдісі, ультрацентрифугалау т.б.
Нақтылы нəтиже алу үшін бір ғана əдісті емес, əртүрлі əдіс-
терді пайдаланады. Осы əдістерді қолдана отырып, белоктың 
молекулалық массасы өте кең аралықта ауытқитыны анықталған: 
6 мыңнан бірнеше миллион Дальтон аралығында.
Адам ағзасында белоктар үлесіне дене салмағының ¼ бөлігі 
келеді. Қазіргі кезде адам ағзасында 100000 астам белоктар бола-
тыны белгілі, олардың атқаратын биологиялық қызметтері алуан 
түрлі:
1. Катализаторлық, ферментативтік қызмет атқарады. Фер-
менттер химиялық құрамы жағынан – белоктар. Олар ағзадағы 
əртүрлі химиялық реакциялардың, процестердің жүру қарқынын 
реттейді.
2. Тасымалдаушы қызмет атқарады. Айталық қан құрамын-
дағы гемоглобин деген белок оттегін өзіне байланыстырып
əртүрлі мүшелердегі ұлпалар мен жасушаларға тасымалдаса, 
екінші бір қандағы альбумин деген белок май қышқылдарын та-
сымалдайды.
3. Ағзаның қозғалуын қамтамасыз ететін белоктар, оларға 
бұлшық еттегі актин мен миозин белоктарын жəне жасуша 
мембранасындағы тасымалдаушы белоктарды т.б. жатқызуға бо-
лады
4. Қорғаныштық қызметі, ондай белоктар ағзаның иммундық 
қасиеттерін жүзеге асырады, қанның ұюы қан сары суының құ-
рамындағы фибриноген белогінің фибринге айналуына байланы-
сты. Бұл да белоктың қорғаныштық қасиетін көрсетеді.
5. Көптеген белоктар биологиялық активті заттар. Солардың 
ішінде гормондар, токсиндер т.б.
6. Белоктар құрылымдық қызмет атқарады. Олар кез кел-
ген жасуша мембранасының құрамында, цитоплазмасының не-
гізі бола отырып, құрылымдық элементтерін түзеді. Жоғарғы 
сатыдағы жануарлардағы талшықты коллаген, ретикулин деген 


17
белоктар жасушааралық матриксте болады, ал α - кератин белогі 
шаш, тырнақ, жүн, қауырсындардың негізін құрайды. Белоктар 
жасушадағы липидтермен байланыса отырып, жасушалардың
жасуша ішіндегі органеллалардың мембранасын құрайды.
7. Қор ретінде жиналатын белоктар: сүт құрамында - казеин, 
жұмыртқа белогі – альбумин, өсімдік дəніндегі көптеген əртүрлі 
қор белоктары т.б.
8. Белоктардың рецепторлық қызметі. Көптеген белоктар, 
əсіресе, гликопротеидтер, таңдамалы түрде белгілі бір заттармен 
байланысады. Жүйке импульсін жасушаларға жеткізу қызметін 
атқарады.
Белоктардың қызметі жоғарыда көрсетілген функциялары- 
мен шектеліп қоймайды. Айталық реттеуші белоктарға фер-
менттер мен гормондардан басқа да белоктарды жатқызуға бо-
лады. Мысалы, ферменттердің белсенділігін реттейтін белоктар. 
Белоктардың халық шаруашылығында да маңызы зор екендігін 
айту керек.
Адам тамағының жəне жануарлардың азығының негізін бе-
локтар құрайды. Жем-шөп құрамындағы белоктың сапасы мен 
мөлшері ауыл-шаруашылық жануарларының өнімін анықтайды. 
Көптеген өнеркəсіптердің технологиясы белоктардың қасиетте-
рін өзгертуге негізделген, атап айтқанда, теріні, табиғи жібек -
терді өндеу. Нан пісіретін өндірістерде ұнның құрамындағы 
белоктың қасиеті мен сапасы өте маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет