Биотехнологиялық процестердің артықшылығы.
Химиялық технологиямен
салыстырғанда биотехнологияның мынадай негізгі артықшылықтары бар:
-
химиялық синтездеу жолымен алуға келмейтін бірқатар спецификалық жəне ерекше
табиғи заттарды (ДНҚ, ақуыздар) алу мүмкіншілігі;
-
биотехнологиялық процестердің салыстырмалы түрде төменгі температура мен
қысымда жүргізілуі;
-
басқа ағзалармен салыстырғанда микроағзалардың өсу қарқыны жəне жасушалық
массаның жинақталуы едəуір жоғары жылдамдықта жүреді.
-
биотехнология процестерінде шикізат ретінде ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің
арзан қалдықтарын пайдалануға болады;
-
биотехнологиялық процестер химиялық процестермен салыстырғанда экологиялық
жағынан таза, зиянды қалдықтар аз, табиғатта жүретін табиғи процестерге жақын;
-
əдетте, биотехнология өндірісіндегі технология мен қондырғылар арзан да
қарапайым.
Достарыңызбен бөлісу: |