3
1.
Пастер эрасына дейінгі
(1865 жылға дейін). Бұл кезеңде биотехнологиялық
тəсілмен шарап, сыра, нан, айран, қатық, əртүрлі ферменттелген тағамдар
алынған.
2.
Пастер эрасы
(1865-1940жж). Продуцент-микроағзалар белгілі болып этанол, бу-
танол, ацетон, глицерин, лимон қышқылы, көптеген вакциналардың өндірісін
жүргізу жəне ағынды суларды аэробты микроағзалар арқылы биологиялық тазарту
процестерін ұйымдастыру мүмкіндігі туды.
3.
Антибиотиктер эрасы
(1940-1960 жж). Пеницилин, стрептомицин ж.т.б. анти-
биотиктер табылды. Жануарлардың жасушаларын культивациялау технологиясы
жасалды,
вирустық
вакциналар
алынды
жəне
стероидты
гормондар
биотрансформациясының технологиясы ашылды.
4.
Постантибиотикалық
эра
(1960-1975
жж).
Аминоқышқылдардың,
микробиологиялық ақуызды мұнай парафиндерінен алу, кір жуатын ұнтақтарда
пайдаланылатын ферменттердің технологиялары ашылды. Глюко-жемістік сироп-
тарды алу үшін ферменттерді иммобилизациялау технологиясы жасалды. Ағынды
суларды аэробты өңдеуге биогаз алу арқылы қатты қалдықтарды анаэробты өңдеу
қосылды. Полисахаридтерді алудың микробиологиялық тəсілі ашылды. В
2
жəне
В
12
дəрумендерін, сонымен қатар еттің орнын баса алатын мицелалды
микроскопиялық саңырауқұлақтың - микропротеинінінің микро-биологиялық
алыну тəсілі ашылды. Биометаллургия – кендерден мырыш пен мысты бактериал-
ды сілтілеу осы кезеңге тура келеді.
5.
Жаңа биотехнология эрасы
(1975 жылдан кейін). Микроағзалардың гендік
жиынтығын мақсатты бағытталған түрде өзгерте отырып, оларға өсімдіктер мен
жануарлардың жақсы қасиеттерін көшіруге мүмкіндік беретін гендік
инжененрияның дамуымен сипатталады. Бұл адам инсулинінің, интерферонның,
соматотропты жəне өсу гормондарының жəне т.б. микробиологиялық
технологияларының туындауына мүмкіндік берді.
Диагностикалық препараттардың алуан түрлі негізі болатын моноклональді
антиденелерді алуға мүмкіндік беретін гибридомды технология ашылды. Гендер
жиынтығының мақсатты бағытталған құрылымы жүретін «трансгенді» өсімдіктер
мен жануарлар пайда болды.
Жасалынған биотехнологиялық өндіріс негіздері биотехнологияның көмегімен
қазірден бастап көптеген өнімдерді алуға мүмкіндік тудырады жəне бұл аймақта
атқарылатын істер қарқынды дамып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: