Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата25.12.2021
өлшемі1,69 Mb.
#104931
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Ферменттер классификациясы. 

Жасушаның  жеке  құрылымдық  элементтеріндегі  əрекеттер  де,  сондай-ақ  бүтіндей 

жасушаның  өзіндегі  əрекеттер  де  ферменттердің  қатысуымен  ғана  өтеді.  Сондықтан 

жасушадағы  барлық  биохимиялық  процестер  ферментативтік  болып  есептеледі. 

Катализдейтін реакцияның түріне сəйкес ферменттер алты негізгі топқа бөлінеді: 

1)   оксиредуктазалар, 2) трансферазалар, 3) гидролазалар, 4) лиазалар, 5) изомеразалар, 

6)

 

лигазалар. 



Оксиредуктазалар. 

Сутегі  атомының  немесе  электрондардың  тасымалдануын 

катализдейді. Дем алу жəне ашу процестеріне қатысады. Олардың іс əрекетінің нəтижесінде 

органикалық заттардан энергия бөлінеді. Бұл топқа дегидрогеназалар жатады: 1) анаэробты 

дегидрогеназалар,  олардың  белсеңді  тобына  НАД  жəне  НАДФ  кіреді,  мысалы, 

глицератдегидрогеназа,  лактатдегидрогеназа  жəне  2)  аэробты  дегидрогеназа,  олардың 

тобына  НАД  немесе  НАФ,.  Мысалы,  малатдегидрогеназа,  кето-глутурутдегидрогеназа. 

Сонымен  қатар,  осы  топқа  оксигеназа  –  субстрат  молекуласына  оттегі  атомдарының  енуін 

катализдейтін ферменттер жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет