Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата04.01.2022
өлшемі480,68 Kb.
#109005
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
MP21 KAZ

 

 

 


24 

 

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ  



АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС 

 

Мектепалды  даярлық  тобының  қызметін  ұйымдастыруды  жүзеге  асыруда 

әр  баланың  отбасымен  тығыз  ынтымақтастықтың  жасалуына  айрықша  назар 

аударған жөн. Егер ата-аналары үйде балаларымен ойнаса, сөйлессе, тек сонда 

ғана  баланы  жан-жақты  дамыта  аламыз,  бұл  ретте  кәсіби  педагогтардың 

ұсыныстары мен кеңестерін пайдалану керек.  

Балалардың мектепалды даярлығының барысында ата-аналармен жұмысты 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  ата-аналардың  адекватты  ұстанымдарын, 

олардың 

белсенділіктерін 

жоғарылатуға, 

меңгерген 

білімдерінің 

маңыздылығын  арттыруға  және  мектепалды  даярлық  ұйымдары  туралы 

түсініктерін қалыптастыру болып табылады. 

  Мектепалды  жастағы  балалары  бар  отбасын  педагогикалық  қолдаудың 

мақсаты  құрылуы  керек  және  мұндай  бағдарламаларға  қолдау  көрсетіліп, 

тәрбиеленушілердің  сұраныстары  мен  мұқтаждықтарына  қарай  бейімделу 

керек.  Бұл  бағдарламалар  бала  тәрбиелеудегі  және  дамытудағы  негізгі 

мәселелер  бойынша  ата-аналардың  педагогикалық  құзіреттіліктерін  дамытуды 

ұсынады.  

    Ата-аналармен  жұмыстың  әртүрлі  формалары  өзара  тығыз  байланысты 

болуы және бірыңғай дұрыс жүйесін ұсыну қажет.  

    Ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формаларының  бірі  әңгімелесу  болып 

табылады,  мектепке  дайындық  барысында  туындайтын  мәселелерде  ата-

аналарды  балаларға  көмек  көрсетуге  әзірлеу,  сонымен  қатар  балалар  мен  ата-

аналарға арналған бірлескен сабақтар өткізу, әсіресе, бұл педагогикалық-түзету 

көмектеріне мұқтаж балалар үшін маңызды. 

     Мектепке бару-әр баланың өмірінде өзгерісті кезең. Мектепте білім алу 

алғашқыда  оның  өмірін  түбегейлі  түрде  өзгертеді.  Көптеген  «болады», 

«болмайды»,  «керек»,  «тиісті»,  «дұрыс»,  «дұрыс  емес»  деген  сөздердің 

барлығы  бірінші  сынып  оқушысына  ауырлық  түсіреді.  Себебі  бала  күнде 

мектепке барады, жүйелі және ауыр еңбектенеді, күн режимін сақтайды, түрлі 

ережелер  мен  тәртіпке  бағынады,  ата-анасы  мен  ұстаздардың  талаптарын 

орындайды,  сабақта  және  өзге  де  жұмыстарда  жақсы  нәтижелерге  қол 

жеткізеді.  Жаңа  талаптарға,  тәртіптерге,  ережелерге  бейімделу  керек.  Бірінші 

сынып  оқушыларының  тең  жартысы  бұл  тапсырмаларды  орындайды.  Алайда 

жаңа  шарттарға  дағдылану  кезеңі  балаларда  жиі,  тоқсан  бойына,  ал 

кейбіреулерінде    барлық  бірінші  оқу  жылына  созылады.  Психологиялық 

көмекке  ата-аналар  үнемі  мысалы,  мынадай  мәселелермен  жүгінеді,  бала 

шектен тыс ақылды және қалыпты психикалық дамыған, мектепке барудан бас 



25 

 

тартады,  мұғалімдермен,  құрдастарымен  дауласады  және  т.б.  Мұндай 



мәселелерді  үлкендер  өздерінің  әдістерімен  шешуге  тырысады:  баланы  сабақ 

оқуға  мәжбүрлейді,  талапшылдық  деңгейін  жоғарылатады.  Бұл  дәстүрлі 

әдістердің әсері ереже сияқты, маңызды әсер етпейді. Ең алдымен бейімделудің 

шиеленіскен себебін табу керек. Ата-аналармен балалар үшін мектептегі жаңа 

жағдаяттармен  кездесу  дайындығына  қалай  көмектесуге  болатыны  жөнінде 

ойлана  келіп  «Мектеп  өмірінің  қарсаңында»  деп  аталатын  мектепке  дейінгі 

жастағы  балалармен  олардың  ата-аналарына  арналған  психологиялық 

тапсырмалар бағдарламасын әзірлеуге алып келді.  

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет