23
5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепте оқытуға даярлау
жұмысында мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасы мен мектептің
арасындағы әрекеттестік үйлесімділік табады, ол өзімен бірге мамандардың
(педагогтың, психологтың)жүйелі қызметін де ұсынады.
Мектепте мектепалды даярлық ұйымдары бірқатар ерекшеліктерді
меңгереді:
-
Білім беру мекемесінің материалдық базасының игерушілігі;
-
Білікті мамандарды жұмылдыру;
-
Баланың дамуындағы ықтимал мәселенің уақтылы диагностикасы;
-
Мектепке дейінгі балаға қажетті білім деңгейін, икемділіктері мен
дағдыларын қалыптастыру;
-
Толық құрамда, өз мұғалімдерімен бірге бірінші сыныпқа өтетін балалар
ұжымын қалыптастыру;
-
Әлеуметтік қоршаған ортаның өзгеруі, баланың әлеуметтік рөлінің
өзгерісі, есейгендіктің көрінуі;
-
Мектептің дезадаптациясының алдын алуды іске асыру;
-
Мектепалды білімнің мазмұны мектепке дейінгі ұйым бағдарламалары
мазмұнынының көшірмесі болмау керек және бірінші сынып бағдарламасын
күрделендіруге болмайды, әйтпесе, мектептегі оқушылар үшін оқыту үдерісі
танымдық және дамытушы бола алмайды.
-
Білім беру мазмұнының үдерісі оқытуға және білім қорын толықтыруға,
икемділігі мен дағдыларына бағытталып қана қоймай, керісінше балалардың
дамуындағы мектептің маңызды сапалары мен икемділіктеріне (ізденгіштігі,
шығармашылық қиялы, коммуникативтілігі, сөйлеуі, ойлауы, ерікті түрде көңіл
бөлу, есі және т.б.) баса назар аударылуы керек.
-
Мектепте баланың табысты оқуы үшін мектепалды білімнің ролі туралы
ата-аналарды ақпараттандырып, олармен тығыз жұмыс жасау керек.
Ата-аналармен ынтымақтастық бірнеше дәстүрлі бағыттарды қосады: ата-
аналарға педагогикалық-психологиялық білім беру, білім беру процесіне
белсенді қатыстыру, отбасы жағдайында балалардың білім алуы мен сауығуын
анықтау және жағымды тәжірбиелерді тарату. Отбасымен жұмыста ата-
аналардың отбасында балалармен ұйымдастырылған ортақ қызметінің
дайындығына ерекше назар аудару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: