1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ОРТАЛЫҒЫ
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
_____________________________________
Әдістемелік ұсынымдар
Астана
2013
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
Пікір жазғандар:
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
А. И. Омарбекова
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
А.Ж. Салиева
Астана қ. №38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері
Қалдыбаева Ш.С.
12 жылдық
білім беруге көшуде мектепалды даярлық топ балаларын
психологиялық-педагогикалық қолдау:
әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2013.
– 33 б.
Аталған әдістемелік құрал 12 жылдық білім беруге көшуде 5-6 жастағы балаларға
мектепалды даярлықты ұйымдастыру бойынша ұсынымдардан тұрады.
Құрал мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына, әдіскерлері мен психологтарына
арналған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2013
3
КІРІСПЕ
12 жылдық білім беруге көшуде мектепалды даярлықтың басты мақсаты –
болашақ мектеп оқушыларының старттық мүмкіндіктерін теңестіру. 12 жылдық
оқытуға көшуге даярлық мектепке дейінгі білім жүйесіне әсер етпей қоймайды:
мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепалды даярлыққа, шағын орталықтарға –
себебі осы жаста ғана мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасының басты базисі
қаланады және формаланады. Алайда, бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы
балалардың «старттық позициялары» «жасаруда»: бес жастағы балалардың өзі
мектепалды даярлықты меңгеруде. Мектептің 12 жылдық жалпы орта білімге
көшуі мақсат пен міндеттерге, мектепке дейінгі ұйымдарда оқытуға қажетті
түзетулер енгізеді.
Мектепалды даярлық қана баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасында
рухани-адамгершілік құндылықтар, интеллект, таным белсенділігі, іс-
әрекеттерінің іргетасын қалауға бағытталған. Оқытудың алғашқы сатысының
жетекші идеясы - сыйластық пен сенім жағдайында ғана жүзеге асырылатын
тұлғаның толық дамуы, баланың жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне
көңіл аудару болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы
сатысы ретінде заманауи өзгеріп отыратын әлемге бейімделе алатын бала
тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар құрады. Ғалымдардың
көп жылдық зерттеулері мектепке дейінгі жас адамның интеллектуалды, жеке,
әлеуметті және эмоцианалды даму жағдайларын анықтаушы болып табылады.
Біздің еліміз алты жастағы балаларға мектепалды даярлықты меңгертудің үлкен
тәжірибесіне ие, алайда ол алты жастағы балаларға арналған. Бұл тәжірибе
мазмұнын бес жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту, дамыту
ерекшеліктеріне бейімдеу сұрағы туады, себебі 5 жастағы балалардың өзіндік
психологиялық-физикалық ерекшеліктері болады: көрнекі-бейнелі ойлау, есте
сақтау, қабылдау, көңіл бөлу және т.б.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы ұлттық даму
стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемлекеттік саясаттың бөлінбейтін
бөлігі болып табылады. Және 12 жылдық білім беруге көшуде мектепалды
даярлық топ балаларына психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша
әдістемелік ұсынымдар әзірлеу қажеттігі туындайды.
Біздің мақсат - 12 жылдық білім беруге көшуде 5-6 жастағы балаларға
мектепалды даярлықты ұйымдастырудың ұсынымдарынан құрылатын
әдістемелік құрал әзірлеу.