12
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ МӘНІ
Мектепке дейінгі жаста оқытудың өзгешелігі
Оқыту – мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің
маңызды құралы.
Л. Г. Семушинаның анықтамасы бойынша «Оқыту – бұл баланың
танымдық қабілеттерін дамытудың жүйелі, жоспарланған және мақсатқа
бағытталған
үдерісі,
олардың
жүйесін
элементарлық
білімдермен
құралдандыру, балабақшада қарастырылған бағдарламамен шеберлік пен
дағдыларды қалыптастыру». В. И. Логинова, П. Г. Саморукова
«Балабақшада
оқыту үдерісі –
қатынастар
тәрбиесі мен мақсатқа бағытталған және
ұйымдастырылған формалау үдерісін, дидактикалық принциптерге құрылған
дағдылар мен әрекет әдеттерін, арнайы құрылған жағдайдағы нақты
бағдарламаны ұсынады» деген аныұтама береді.
А. П. Усова, А. М. Леушина, А. В.Запорожец, Н. Н. Поддъяков,
Л. А. Венгер, А. А. Люблинскийдің психологиялық-педагогикалық
зерттеулері мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту үдерісін
жылдамдатуға оқытудың ықпалын дәлелдеді.
В. И. Логинова, С. Н. Николаева, Е. Ф. Терентьева, И. А. Хайдурова және
т.б. заманауи зерттеулері оқыту үдерісінде қалыптасатын білім мазмұнының
нақты құрылымы кезінде балалар жүйелі білімді меңгеретінін атап көрсетті.
Бұл жалпы ақыл-ой дамуының жоғары деңгейін және баланың мектепке жақсы
даярлығын қамтамасыз етеді.
Оқыту үдерісінде балалар оқыту әрекетінің маңызды компоненттерін
меңгереді:
-
Оқу тапсырмасын қабылдай білуі;
-
Өзінің қызметін жоспарлау және жоспар мен ересектер тапсырмасы
бойынша әрекеттену;
-
Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалауға алғашқы элементарлық
қабілеттің қалыптасуы;
-
Естуге және ересектер мен жолдастарын тыңдауға үйрену.
А.П.Усованы балабақша дидактикасының негізін қалаушы деп айтуға
болады
:
Ол мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту қызметіне сипаттама
берді;
Оқыту қызметін қалыптастыру ерекшеліктерін қарастырды;
Оқыту мазмұнын ашты;
13
Сабақтарда оқыту әдістемелерін негіздеді.
Заманауи кезеңде ұйымдастырылған оқытудың мәні арта түседі:
- балалардың ақыл-ой дамуын жетілдіру;
- мектептегі жүйелі оқытуға балаларды даярлау.
Барлық балада қабылдау, тілін жаттықтыру, санау және т.б. қабілеттерін
дамыту бірдей деңгейде емес, егер балаларды үйретпесе онда міндеттер қатары
жүзеге асырылмайды, бала дамуы қажетті бағытта болмайды.
Балабақшада білім беру мазмұны – бұл дамудың аталған сатысы –
қоршаған ортаны тану үшін қолжетімді мазмұн. Ол зор тәрбиелік
мүмкіндіктерге ие, себебі
оқыту тәрбиелеу құралы
болып табылады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
мектепке дейінгі
білім саласында мектепке дейінгі жастағы
балалардың жан-жақты дамуы
үшін жағдайлар құруды
ұсынады. Мұнда жетекші орынды оқуға
қызығушылығын қалыптастыруға және балалардың мектепке даярлығына
бағытталған әдістер иеленеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту қызметінің спецификасы:
Бала өмірінің 5 жылына қарай оқыту қызметі қалыптасады.
Оқыту қызметі – бұл білім білік дағдыларын меңгерудегі бала қызметі,
әрекет тәсілдері, ересектердің басшылығымен жүзеге асырылады.
Балалар бойында
білімді меңгерумен қатар
оқу қызметінің негізгі
компоненттерін қалыптастыру оқытудың басты міндеттерінің
бірі болып
табылады.
Алғашқы ептіліктің дидактикалық жағдайлары
:
1)
сабақтың түрлерінде бала қызметінің нәтижелерін бағалау (бұл
нәтижелердің нақты мазмұнын тапсырмалармен салыстыру);
2)
қандай да бір қабылдау объектісі немесе оқиғамен сұрақты дәл
келуі (мысалы, сол әрекет кездегі сұрақ: «Шоқыған кезде құс не істейді);
3)
баланы тексеру немесе жаңарту әрекеттерімен сұрақ-тапсырманың
үйлесуі (мысалы, «Шарды домалат, ал енди шаршыны. Қайсысы жақсы
домалайды?»).
Ортаңғы (ересек) топта практикалық және оқу-танымдық міндеттер бірте-
бірте саралана бастайды.
Оқу міндеттерінің мазмұнына біліммен бірге әрекеттер тәсілін меңгеру де
жатады (көбінесе сабақтың түрлерінде қолданылатын практикалық сипаттама
ретінде). Балалар сабақтың басында ұсынылған ортақ оқу міндеттерін
қабылдайды, алайда оны жүргізу кезінде міндеттерді нақты анықтау, яғни
айқын тапсырмалар мен сұрақтар қатарына бөлу қажеттігі туады.
14
Балаларда одан әрі дамыту жағдайларын қалыптастыру үшін оқу-таным
міндеттерін қабылдай білу болып табылады:
оның нақтылығы мен анықтығы;
практикалық міндеттермен байланыс;
бала тәжірибесіне жақындық.
Ересек жастағы балаларға барлық сабақ бойына оқу міндеттерін толықтай
зердесінде сақтап тұру қиынға соғады.
Балалар бойында дидактикалық жағдайларды қалыптастыру- оқу-
танымдық міндеттерді қабылдау мен қоя білу:
1)
мектепке дейінгі ересек жас кезінде оқу міндеттерін бірте-бірте
логикалық күрделендіру; балаларды бір сипаттағы нақты ұсынымдарды
меңгеруден жүйелі ұғымдарға және элементарлы түсінікті енгізумен білім
жүйесін меңгеруге көшіру.
2)
Оқу міндеттерінде меңгеруге жататын ақыл-ой және практикалық
қызметтердің тәсілдерін айқындау: талдау бағыты, тексеру мен өзгерту
әректтерінің сипаттары; бағыттар және салыстыру; жалпылау және оның
негіздері; жоспарлау мазмұны; өзін-өзі бағалау нәтижелерінің негізгі
критериялары және өзгелердің нәтижелерінің бағалары; дағдылар мен ептілік,
өзінің танымдық қызметінің нәтижелерін баяндап жазу.
3)
Оқу қызметінің нәтижелерін талдау, оларды міндеттерді түсінумен,
қызметтің берілген тәсілдерін қолданумен байланыстыру;
4)
Оқу міндеттерін қою, оған сабақты өткізу кезінде қосымша нақты
оқу міндеттерін бекіту;
5)
Құрылған бала тәжірибесіне тірек болу және бала қызығушылығын
есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |