ерекшеліктерін анықтайды. Бұл позицияда қолдау баланың қажеттілігі мен
біртұтас жол табу, жеке функциялар мен қасиеттерден талдауды алып тастау
21
-
Балалар психикалық және психологиялық денсаулығының концепциясы
-
білім беру саласындағы практикалық психологты жұмыс пәні ретінде
қарастыру, баланың психологиялық денсаулығына ықпал ету, туындаған
мәселенің мониторинг және білім беру кеңістігінің параметрлерін коррекциялау
арқылы психологиялық алдын-алу басымдығын беру.
-
Дамытушы білім парагидмасы
балаларды тек білім мен дағдыға
үйрететін емес, сондай-ақ олардың бойына адамгершілік қабілеттер мен жеке
қасиеттерін дамытуды қамтамасыз ететін, педагогикалық практикада шынайы
"психологизацияны" ұсынатын білім беру жүйесін жобалау қажеттігін бекітеді.
-
Педагогикалық қолдау теориясы
тұлғаны жекелендіру үдерісінде қолдау
қажеттігін, оның «өзіндігін» дамытуды, субъект-субъектілік қарым-қатынас
арқылы өзін-өзі анықтау, өзін-өзі өзектендіру, және өзін-өзі іске асыру үшін
жағдайлар құруды, әріптестікті, өзара тиімді жеке ойлар және тәжірибе
алмастыратын ересектер мен балалар арасындағы шығармашылықты бекітеді.
-
Психологиялық-медициналық-әлеуметтік қолдауды ұйымдастырудың
жобалық тәсілі
мәселелік жағдайларда білім беру үдерісінің барлық
субъектілерін кооперациялау үшін білім беру ортасында құруға (жобалауға)
бағдарланады.
-
Ізгілендірушілік, дамытушылық, жеке-бағдарланған білім беру
парадигмасы
білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық қолдаудың
принциптары мен әдістеріне жаңа талаптарды анықтайды.
Қолдау жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің жеткіліксіз ұйымдастырылуы
салдарынан жұмыс жасамау керек. Білім беру үдерісінде «сұраныс бойынша»
жұмыс жүйесі де жеткілікті емес. Бүгінгі күні озық қолдау принциптары
жүйесіне көшу жүзеге асырылуда.
Дамытушы, жеке-үйлестірілген білім беру парадигмасы қолдау жүйесінде
диагностикалық, түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа
тәсілдер ұсынады.
Талдау көрсеткендей, отандық психологияға негізделген «диагностиканы
болжау» және «диагностика бірілігі мен дамытуды түзету» әдіснамалық
қағидалары что, өкінішке орай, педагог-психолог жұмысында барлық уақытта
іске асырылмайды. Психологиялық диагностика нәтижесі бойынша,
психологтан педагогтан алғаны көбінесе сәйкес шешімдер мен практикалық іс-
әрекеттер үшін мүмкіндік бермейді.
Дәстүрлі іріктемелі психологиялық диагностикамен қатар практикада даму
диагностикасының әдістері мен әдістемелерін кеңінен қолдану қажет, бұл
баланың білім беру үдерісінде «бала дамуының ориентаторы» ретінде
көрсетуіне жол ашады. Қолдау жүйесінде «жоғары педагогикалық анықтығы»
22
бар психологиялық диагностикалық әдістерді әзірлеу мен қолдану өзекті
мәселенің бірі.
Қолдау жүйесінде диагностиканың айрықша пәні пайда болады: баланың
даму жағдайы, оқу-тәрбиелеу үдерісінің қатысушылары арасындағы қарым-
қатынас, баланың ересектермен және құрбыларымен ынтымақтастығы.
Диагностика нысанының көлемі бала-ата-ана қарым-қатынасының дәстүрлі
диагностикасынан нақты мекеменің білім беру ортасын кешенді талдауға дейін
өзгеруі мүмкін.
Білім беруді дамыту жүйесінде түзету және дамыту жұмыстарының
айырмашылығы мүмкін болып келеді.
Егер түзету жұмысында қолдау жүйесінің маманында баланы жақындатуға
тырысатын психикалық дамытудың анықталған эталоны болса, онда ол
дамытушы ортадағы жұмысын баланың оптимальды даму деңгейіне жетуіне
көмектесетін даму шарттарын құру үшін дамытудың орта жас нормаларына
үйлестіреді. Коррекциялық жұмыстан соң ауытқуды «түзету» ұғымы, ал
дамытудың соңында баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашу мағынасы
бекітіледі. Сонымен бірге, дамытушы орта нақты қабілеттер тренинг ғана емес,
оқу жұмысында ілгері жылжуды анықтайтын өзге де факторлармен де
үйлестірілген. Дамыту нормасы аталған жастың жоғары жетістіктерінің
көрсеткіштері ретінде қарастырылады: норма – бұл тек бары ғана емес, сондай-
ақ сәйкес жағдайлар кезінде ең жақсылары.
Бүгінгі күні психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінде жоғарыда
қарастырылған әрекет түрлерімен қатар білім беру бағдарламаларын әзірлеу
(жобалау) ретінде кешенді бағыттар іске асырылады.
Осындай мүмкіндіктер оқу және білім беру бағдарламаларының
айырмашылықтарына ашылады. Оқу бағдарламасында акцент білім, дағды,
қабілеттерді меңгеруге беріледі. Білім беру бағдарламасында тұлғаның
когнитивті, эмоциональдық, мотивациялық-қажеттілік сипаттамаларының
жиынтығында қалыптасуы мен дамуына басты көңіл бөлінеді. Сол себептен,
білім беру бағдарламасының оқудан айырмашылығы тек оқытуды орындау
емес, сондай-ақ білім беру үдерісінде баланың старттық мүмкіндіктері мен
дамыту
динамикасын
зерттеуді
ұсынатын
диагностикалық,
түзету
функцияларын да орындайды. Ол білім беру үдерісінің психологиялық-
педагогикалық қолдау жүйесін құруды ұсынады.
Білімнің кез-келген сатысында білім беру бағдарламаларын жобалау үшін
нақты жастағы баланы дамытудың жастық-нормативті моделі негіз болып
табылады. Білім беру бағдарламасы педагог-психологпен және мұғаліммен
біріге жобаланады.
Достарыңызбен бөлісу: