Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата04.01.2022
өлшемі480,68 Kb.
#109005
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
MP21 KAZ

Педагог-психолог 

жұмысын 

тәрбиелеу-білім 

беру 

үдерісінде  

психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету:  

1.  Баланы  дамыту  мен  тәрбиелеудегі  қиындықтардың  психологиялық 

себептерін анықтау. 

2.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тәрбиеленушілерді  эмоционалды-жеке 

тұлғалық  дамытуды  жалғастыру    (өзіне  және  құрбыларына  жағымды  қарым-

қаитынас қалыптастыру; қарым-қатынас дағдыларына оқыту, тұрмыстық және 

ойын қызметінде ынтымақтастыққа қабілетін дамыту). 

3.  Өзінің  функцияларын  жоғары  деңгейде  орындауға  және  баланың  жеке 

тұлғалық дамуына ықпал етуге дайын педагог боп қалыптасуына әрекеттену.  

4. 


Бала-ата-ана  қарым  –  қатынасы  шеңберінде  ата-аналардың 

психологиялық мәдениет деңгейін арттыру.  

Біз ұсынған қолдау моделдері білім беру мазмұнын өзгерістер енгізіп қана 

қоймайды,  сондай-ақ  мектепке  дейінгі  ұйымда  өмір  әрекеттерінің  барлық 

үдерістерін ұйымдастыруды қамтиды. 

Моделді  іске  асырудың  келесі  шарты  –мектепке  дейінгі  жастағы 

балалардың  жүйке  жүйесінің  жағдайын  жағымды  фунциялауды  қамтамасыз 

ететін жайлы психологиялық жағдайлар құру.  

Мұндай жағдай келесілердің көмегімен құрылады: 

– баланың денсаулық жағдайын және оның жеке-тұлғалық ерекшеліктерін 

ескеретін  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың  қолданыстағы  бейімдеу 

моделдерінің бар болуы; 

–  физикалық  жаттығулардың  және  ойлау-дамыту  ойындарының 

байланысты тіркесуі.  




30 

 

Модельді  іске  асырудың  келесі  шарты  –  бұл  балаға  мамандандырылған 



көмек көрсетуге арналған қолдау қызметін ұйымдастыру.  

Медициналық  қызметкер,  педагогтар,  психологтар  бала  тұлғасының 

үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  етеді  және  оның  физикалық,  психикалық 

денсаулығын сақтау мен бекітуді кепілдейді. Мұндай үштұғырлылық дамуында 

бұзушылықтары  бар  балалардың  жүйке-психикалық  ортасы  жағынан 

ауытқулары 

болуына 

байланысты 

(жоғары 

жүйке-рефлекторлық, 

психологиялық  дамуында  кейін  қалушылық)  қажет.  Себебі  психологиялық-

педагогикалық  қолдау  тек  қана  медициналық  емес,    бұл  кезеңде  жұмыстың 

әртүрлі түрлері мен формаларын ұсынады. 

Балалармен жұмыс 

1. Диагностика: мектепке даярлық көрсеткіштерін диагностикалау. 

2.  Түзету-дамыту  жұмысы:  мектепке  даярлықты  қалыптастырудың 

бағдарламасын жүзеге асыру. 



Ата-аналармен жұмыс 

1.  Диагностика:  аса  белсенді  балалардың  барлығын  анықтау  мақсатында 

ата-аналарға  сауалнама    жүргізу,  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  даму 

көрсеткіштерін зерттеу, бала мен отбасы туралы алғашқы ақпараттар жинағы. 

2. Түзету-дамыту жұмысы: ата-аналар құрған жеке түзетулер. 

3.  Кеңес  беру:  оқу  әрекетін  қалыптастыру  мен  танымдық  мотивацияны 

дамыту бойынша жеке және топтық кеңес беру.   

4.  Ағарту  жұмысы:  жаднамалар,  бюллетень  және  оның  мектепке  баланың 

даярлығын үйлестіру бойынша әдістемелік ұсынымдар тарату. 

Педагогтармен жұмыс 

1.  Кеңес  беру:  оқу  әрекетін  қалыптастыру  мен  болашақ  бірінші  сынып 

оқушыларының  танымдық  мотивациясын  дамыту  бойынша  жеке  және  топтық 

кеңес беру  

2.  Ағарту  жұмысы:  жаднамалар,  бюллетень  және  оның  мектепке  баланың 

даярлығын  үйлестіру,  сондай-ақ  ата-аналармен  тиімді  өзара  қарым-қатынас 

қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар тарату.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет