Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уәзірлігі әжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата04.01.2022
өлшемі459,31 Kb.
#109199
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary

 

Әдіс  - 

А.Байтұрсыновтың  сөзімен  айтқанда,  кезекшіліктен  шығатын 

нәрсе-әдістің  жақсы,  жаман  болғаны  жұмсалатын  орнының  керек  қылуына 

қарай. 


 

Көрнекі 


педагогтар 

анықтап, 

мұғалім 

мен 


оқушылардың 

тәжірибесінде  әбден  қалыпқа  түскен,  сыннан  өткен  әдістер  мыналар:  1/ 

мұғалімнің  баяндау  не  түсіндіру  әдісі;  2/  әңгіме  әдісі;  3/  көрнекілік  әдісі;  4/ 

кітапты  пайдалану  әдісі;  5/  жаттығу  әдісі;  6/  байқау  әдісі;  7/  грамматикалық 

талдау әдісі т.б. 

 

Әдіс  дегенді  тек  оқушымен  ғана  байланысты  түсінбей,  оның  басты 



мазмұны  ғылыми  ізденістің  өзіндік  бір  жолы  екендігін  танып,  педагог 

ғалымдар дидактикадағы тиімді әдістерді саралап көрсетті.  

Мысалы, В.Оконь оқыту әдістерін былайша жіктейді: 

1/  репродуктивті  сипатқа  бағытталған  танымдық  қызметті  қамтамасыз 

ететін әдістер тобы; 

2/ оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық 

әдістер,  олар  проблеманы  шешу  барысында  оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттерін ұштауға бағытталады; 

3/ оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер 

тобы; 



 

20 


4/  оқушылардың  меңгерген  білімдерін  өздері  қоршаған  ортаны  тани 

түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы. 

 

Оқушыларға  қазақ  тілі  сабағында  етістіктен  саналы  білім  беруді 



қамтамасыз  ететін  оқыту  әдістерінің  ең  негізгілерінің  бірі  – 

байқау

  әдісі. 

Мұның  мәні  бұрынғыға  қарағанда  қазір  мектептің  өмірімен  байланысын 

нығайту,  оқушылардың  белсенділігін  арттыру  талап  етілген  кезде  күшейе 

түсті. 

 

Етістікті    оқытқанда,  байқау  әдісі  жақсы  нәтиже  беру  үшін, 



мұғалімнің  оқушыларды  байқауға  дайындау  жұмысы  мына  мәселелерді 

қамтиды: 

1/  оқушылардың  байқайтын  нәрсесін  аңғара  алу  үшін,  оның  өткен 

материалдардан теориялық білімінің болуы; 

2/ кейде байқайтынына қатысы бар кейбір деректерді алдын ала білдіру; 

3/ нені, не үшін байқау керектігін алдын ала ескерту. 

 

Сондықтан  да  мұғалім  оқытудың  байқау  әдісіне  қойылатын  мына 



талаптарды білуге тиіс: 

1/  Оқушылардың  нені  байқайтынын  дұрыстап  түсіндіру.  Мәселен, 

мұғалім  тақтаға  етістіктің  түрлеріне  мысал  жазғанда,  етістіктің  қай  түрлері 

келетінін  байқап  отыр  деп  тапсырма  береді.  Немесе  соның  көрнекі  құралын 

тақтаға  ілгенде,  қызылмен  жазылған  объект  нені  көрсететінін  байқауды 

тапсырады. 

2/.  Байқағанда,  оқушы  назары  алдымен  не  нәрсеге,  сонан  кейін 

қайсысына  аударылатынын  айту,  яғни  байқаудың  жоспары  мен  жүйесін 

үйрету. 

3/. Байқаудың мақсатын және оның пайдасын таныту. Мысалы, етістікті 

жазуда  да,  сөйлеуде  де  дұрыс  қолдана  білу  үшін,  оның  мағынасы  мен 

формаларын білудің міндет екенін аңғару  /келып емес кел +  іп, кел – а емес 

кел – е екенін дұрыс қолдана білу/. 



 

21 


4. Байқалғандарынан ненің басты, ненің қосымша фактор екенін аңғару. 

5. Байқалған фактілерінің негізінде дұрыс ой қорытындысын шығару. 

6.  Ой  қорытындысының  дұрыстығын  байқаған  фактілермен  дәлелдеп 

беру. 


 

Байқау  аз  уақыттық  та,  көп  уақыттық  та  болып  келеді.  Аз  уақыттық 

байқау  сабақтың    әр  кезеңінде  бола  береді.  Ал  көп  уақыттық  байқау  тіл 

сабағында қазір онша көп орын алмайды. 

 

Қазақ  тілі  сабағында  етістіктен  білім  беруде  ең  тиімді  байқау  –  аз 



уақыттық  байқау.  Байқаудың  тым  ұзаққа  созылғаны  /3-4  сағатта  бір  ғана 

объектіні  байқау/  оқушыларды  жалықтырады.  Соның  салдарынан  басқа 

сабақтарда  олардың  байқауға  ықыласы  болмайды.  Сондықтан  да  етістікті 

оқытқанда, аз уақыттық байқау әдісі тиімді. 

 

Осындай талаптарға сай ұйымдастырылған, қолданылған байқау әдісі 



оқушыларға  тілдік  фактілерді  тануға,  соның  негізінде  етістік  жөнінде  ереже 

/ой  қорытындысын/  айтуға  және  сол  ережені  фактілер  арқылы  берік,  саналы 

түрде  еске  сақтауына,  белсенділігін  арттыруға,  өздігінен  жұмыс  істеу 

қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. 

 

Қазақ  тілі  сабағында  етістіктен  берілетін  білімнің  бірі  бірдей 



оқушылардың  байқауы  арқылы  меңгеріле  бермейді.  Сондықтан  да  тілдік-

теориялық  материалдар  оқушыларға  мұғалімнің  түсіндіруі  арқылы  да 

меңгертіледі. 

 

Қазақ тілінде етістік материалдарын мұғалімнің түсіндіруі дегеніміз – 



оның  ұғымдары  мен  ережелерін  логика  заңдарын  басшылыққа  ала  отырып, 

ғылыми  тұрғыда  белгілі  бір  жүйемен  оқушыларға  айтып  беруі.  Түсіндірудің 

негізгі  өзіндік  ерекшелігі  –  дәлелдеу.  Мұғалімнің  түсіндіруінде  үнемі 

пайымдау, ой қорытындысын шығару, дәлелдеу дегендер болып отырады.  

 

Оқу  материалдарын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет