9
І ТАРАУ. Етістік сөз табын оқыту әдістемесінің өзіндік
ерекшеліктері
1.1 Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-
тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін
ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін,
қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ
тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар
үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың
формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп
пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Сондықтан
жаңа кезеңнің талабына сай «білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін
оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің
қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік компетенциясы, қарым-
қатынас жасау біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу»
алға қойылды. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында
қалмай, баланың өмірлік танымының, айналамен тіл табысуының басты
базасына айналуы қажет екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың логикалық
ой жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің маңызын айқындайды. Тілдің
ғылыми негізін меңгерту оның қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани
құндылығымен қоса берілгенде ғана жас ұрпақ бойында пәнге деген шынайы
құрмет сезімін тәрбиелеуге болатыны бағамдалған. Өз ана тілінің даралық
ерекшеліктеріне көз жеткізу ғана тілдің эстетикалық талғамын арттыруға
негіз қалайтыны дәйектелді. Тілдің адам болмысымен байланысы, санаға
қатыстылығы туралы тұжырымдардың білім жүйесінен орын алуы –
коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі.
Міне осы түйіндеулер қазақ тілін оқытудың тұғырнамалық негізі етіп
алынған. Әрі олар қай сыныпта, қай саланы оқыту кезінде де ескерілуге тиіс.
10
Сондықтан морфологияны оқыту, соның ішінде көсемшені оқыту етістік
тарауын өткенде осыған сәйкестендіріле отырып анықталады. Жаңа
бағдарламаға сәйкес морфологияның ғылыми негіздері 6 және 7 –
сыныптарға бөлініп берілген.
6-сыныпта сөздің түрлері мен сөз құрамы жайында мағлұмат
берілгеннен кейін сөз таптары оқытылғанда етістік, оның түрлері және
категориялары туралы тақырыптар оқытылады. Мұнда етістікті мағыналық
жағынан қарастырса, ал 7- сыныпта оның түрлену жүйесі, сөйлемдегі
синтаксистік қызметі туралы білім беріледі.
Сонымен 6- 7-сыныпта морфология тарауы бойынша білім берудің
мақсаты - оқушыларға морфорлогияның үлкен бір күрделі де өте жиі
қолданылатын саласы - етістік екенін, оның орны мен рөлін таныту, оның
қазақ тіліндегі алатын орнын, етістіктің жасалу жолдарын, жіктелу
ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін айыруды үйрету және осы білімді
оқушылардың
қарым-қатынас
қабілеті
мен
сөйлеу
мәдениетін
қалыптастырудың негізі ретінде игерту.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
-
етістіктің және оның категорияларының өзара байланысы мен
ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік машықтарын арттыру;
-
оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып,
олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;
-
етістікті
оқыту
барысында
оқушылардың
логикалық
ойлау
қабілеттерін шыңдау;
-
етістіктен алған білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда
қолдана білуге үйрету;
-
етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде
орынды қолдануға төселдіру;
-
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
11
-
оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Мектепте қазақ тілі грамматикасынан оқушылардың игеретін
білімдері екі деңгейге бөлініп анықталады: міндетті және мүмкіндік
деңгейлер. Міндетті деңгей оқушылардың білім дәрежесінің ең төменгі
қажетті мөлшерін белгілесе, мүмкіндік деңгей баланың шығармашылық
бағыттағы белсенді іс-әрекетіне бағдар болатын білім көлемін көрсетеді. Бұл
екі деңгей көлемі бойынша қазақ тілінің оқытылу процесінде етістік
бойынша мынадай болып белгіленеді:
1.
Міндетті деңгей:
-
етістікті өзге сөз таптарынан ажырата білу;
-
етістіктің және оның категорияларының сөйлеудегі атқаратын ролін
тану;
-
етістікті сөйлеу тілінде орынды жұмсай білу;
-
етістіктің жіктік формаларын айыру, қызметін білу, оларды
қатыстырып сөйлемдер құрау;
2. Мүмкіндік деңгей:
-
етістік және оның категориялары мен үстеудің, етістік және оның
категориялары мен еліктеуіш сөздердің арақатынасын сөйлеу тілінің
мақсатына сай айқындай алу;
-
етістік және оның категорияларының сөйлемдегі қызметін зат
есімдермен, сын есімдермен салыстыра талдап, түрленуіндегі өзгешеліктерді
айқындау:
Осы мақсаттар мен міндеттерді айқындау арқылы етістікті
мектепте оқытуды тиімді жүзеге асыруға болады.
Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – мектепте етістіткті
оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындап, етістікті қазақ тілінің
заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті оқытудағы әдіс-
тәсілдер мен жаңа технологияларды іріктеп, оларды оқушылардың жас және
12
дербес ерекшеліктеріне сай таңдап алу арқылы етістікті оқытудың тиімділігін
пайымдау.
Достарыңызбен бөлісу: |