Кіріспе
Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі грамматикалық
категория. Етістік күрделілігі оның лексика — семантикалық сипатымен, бай
лексика-грамматикалық
тұлғаларымен,синтаксистік
қызметімен
тығыз
байланысты.
Етістік сөйлемде көп жағдайда предикат болады. Сонымен бірге
етістіктің сөздерді меңгеру қабілеті де өте жоғары. Сондықтан орыс тілді
оқушыға етістік оқытудың тиімді жолдарын анықтау грамматикалық
сөйлеуге дағдыландыруда маңызы зор.
Қазақ
тілінде
оқытпайтын
мектептерге
арналған
қазақ
тілі
бағдарламасында етістік сөз табына қатысты төмендегідей грамматикалық
тақырыптар берілген: етістік туралы жалпы түсінік, оның болымды,
болымсыз түрлері, негізгі, көмекші етістік, дара, күрделі етістік, етістік
шақтары, бұйрық, шартты, қалау рай, тұйық етістік.
Жұмысымызда етістіктің түрлері және оларды оқыту жолдарына
тоқталмақпыз.
Қазақ
тілінің
жеке
пән
ретінде
оқытылуы
оның
методикасының да жасалуына негіз болды яғни қазақ тілі методикасын жете
меңгермей тұрып, мұғалімдер оқушылардың ой-өрісі, сана сезімін, білім
дәрежесін арттыруы, әрине қиын болар еді. Сондықтан бұл жұмысымызда
қазақ тіліндегі етістіктің түрлерін оқытуда кейбір басты міндеттерді қойып
отырмыз.
1. Қазақ тіліндегі етістік және олардың түрлері және олардың негізін
анықтау.
2. Қазақ тіліндегі етістік және олардың түрлерін талдап, оларды
оқытуда қолданылатын бірнеше әдіс, амалдар бар. Оқушыларға білім көлемін
6
өте жеңіл толық меңгеруге мынадай әдістер күнделікті сабақ барысында
қолданатын әдістер есептеледі.
1. Сұрақ-жауап әдісі
2. Салыстыру әдісі
3. Түсіндіру әдісі
4. Байқау әдісі
5. Жаттығу әдісі
6. Кітаптан не оқулықтан пайдалану әдісі
7. Көрнекі құрал пайдалану әдісі
8. Сөз парақ тарату әдісі
9. Талдау әдісі.
1. Сұрақ-жауап әдісіне мұғалім оқушыларға жаңа сабақты шақ
категориясын түсіндіргенде сұрақ-жауап арқылы түсіндірген дұрыс. Сонда
оқушылар мұғалімнің сұрағына орай жауап беруге тырысады.
2. Салыстыру әдісі арқылы мұғалім шақ категориясы түрлерінің өзіндік
ерекшеліктерін, олардың өзара ұқсастығын бір-бірімен салыстыра отырып
түсіндіреді.
3. Түсіндіру әдісінде мұғалімнің ең басты міндеті түсіндірген
материалды толық дәлелдеу. Мұнда қазақ тіліндегі шақ категориясын,
олардың түрлерін, ұғымдары мен ережелерін логикалық заңдарды
басшылыққа ала отырып, ғылыми тұрғыда белгілі бір жүйесін оқушыларға
айтып береді.
4. Байқау әдісінде мұғалім мына мәселелерге көңіл аударады.
а) Өтілген материалдардан оқушыларда белгілі теориялық білімнің
болуы.
б) Шақ категориясының морфологиялық белгілерін байқата оқыту
жолдары, ондағы өзгерістерді басқа категориялармен салыстыра үйрету
тәсілдері.
7
5. Жаттығу жұмысының тапсырмасы және олардың мақсаты мен міндеті
тақырыптың мазмұнына қарай түрленіп отыруға тиіс. Жаттығу құрастыруда
сөйлемнің байланысын аңғарту, сөздердің морфологиялық құрамын талдата
білу, емлені таныту, т.б. мақсатпен міндеттер қойылады. Жаттығу
жұмыстарын орындау оқушылардың теориялық материалды, қағидалар мен
ережелерді қаншалықты игере білгендігін көрсетеді.
6. Кітаптан, оқулықтан пайдалану әдісі арқылы оқушылардың шақ
категориясынан алған білімдерін өз беттерінше іздендіруге, өз бетінше
анықтамалар мен ережелердің есте сақталуына мүмкіндік береді.
7. Көрнекілік әдісі. Қазақ тілі сабағында көрнекілік әдісін қолдану
берілген материалды оқушылардың тиянақты қабылдап, оның ғылыми-
практикалық негізін дұрыс түсінуге көмектеседі. Сабаққа арналған 45
минуты оқушылардың ұтымды меңгеруіне, баланың тәртіпті отыруына
мүмкіндік туғызады, олардың бар зейінін өткелі отырған тақырыпқа бұрады.
Көрнекіліктің түрі көп. Оларға сынып тақтасы және оқулық, картиналар
мен
суреттер,
таблицалар,
схемалар,
техникалық
құралдар
және
дидактикалық материалдар жатады. Көрнекілік сабақ процесінің барлық
бөлімінде пайдаланылады.
8. Сөз парақ әдісі. Қазақ тілі сабағында сөз парақпен жұмыс жүргізу
сабақты түрлендіру, оқушылардың өз бетінше еңбектенуін ұйымдастыруда
тиімді.
9. Талдау әдісі. Бұл қазақ тілінде екі түрде, яғни шақ категориясын
талдауда, мұғалім оқушыларға олардың түрлерін жеке-жеке талдатады.
Жалпы қазақ тілін оқытудағы бұл әдістер оқушылардың шақ
категориясын теориялық жақтан толық меңгеруге, оны практикада қолдана
білуге, оқушылардың сөз байлығын күшейтеді.
8
Сонымен жұмыста етістіктің түрлері, олардың анықтамасы, жасалу
жолдары, зерттеушілер және жаңа интерактивті технология негізінде сабақ
өту жолдары жайлы сөз етіледі.
Етістіктің түрлерін оқытудағы жаңа педагогикалық технологияға сай
деңгейіне қарай дамыта оқыту әдісінен пайдалана отырып жарыс сабақ
жолдары көрсетіледі. Ең алдымен интерактивті әдістердің не екендігіне,
соның ішінде оқулық элементіне түсінік беріліп, одан соң оның орындалу
кезеңдері көрсетіледі. Бұнда семантикалық карта, инсерт жүйесі, деңгейлік
тапсырмалар, т.б. жаңаша сабақ өту жолдары көрсетіледі.
Сабақ нәтижесінде оқушының теориялық білімдері толығып, оны
практикалық түрде тапсырмалар орындау нәтижесінде меңгеруге ие болады.
Сабақты өту арқылы оқушы ұғымына жеткере білу жолдары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |