Жұмыстың құрылысы мен ізбе-ізділігі:
Жұмыс кіріспе, екі тарау,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне, зерттеу объектісіне және
етістіктің шақ категориясы жайлы азын-аулақ теориялық, әрі әдістемелік
түсінік жасалды.
Бірінші тарауда етістік сөз табын оқыту әдістемесінің өзіндік
ерекшеліктері, етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері, етістікті
оқытудағы әдіс-тәсілдер туралы мәліметтер берілді.
Екінші тарауда қазіргі таңдағы заманға сай білім саласындағы сабақ
өтудің жаңа интерактив әдістері жайлы сөз етілді. Етістіктің грамматикалық
категорияларын
интерактивті
жүйемен
оқыту,
жаңа
педагогикалық
технологиялар арқылы көсемшені оқыту, шақ категориясының түрлерін
оқытудағы жаңаша әдістер көрсетілді.
Қорытындыда зерттеуіміздің нәтижелеріне толық тұжырым жасалды.
Ғылыми басшы: А.Оразымбетов
Студент: Е.Абдуалиев
|