12-бап. Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының
үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және
кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |