Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім



Pdf көрінісі
бет15/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz

      15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім

              беретін оқу бағдарламалары

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет

түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі

тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.

      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

      1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып,

мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;



      2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның

даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім

берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.

      3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың,

есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш

білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет