Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім



Pdf көрінісі
бет16/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz

      16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім

              берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

      1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын

қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі

мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік

қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын

дамытуға бағытталған.

      Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - төрт жыл.

      2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың

ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық

қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік

бағдарлануына бағытталады.

      Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.

      Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.

      Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi – бес

жыл.

      Он екі жылдық білім беруге көшкен жағдайда негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн



оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi – алты жыл.

      3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе

отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.

      Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.

      


Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет