Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы
мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына
қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі
міндетті
шарттары
–
оқушылардың
тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар
алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен
(критерий) таныс болулары қажет.
Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын,
яғни шығарма, эсселерін бағалауға қолданылады.
Мұғалім, оқушыларға сыныптастарының жұмыстарын
тексеруді ұсынады. Мақсаты - өзгені бағалау арқылы
өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз
кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.