Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет84/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

221


–  араларыңда маған алғаш қауышатынның қолы 

ең ұзының, – дейді. Кейіннен естеріне осы сөз түсіп, 

бір  жерге  жинала  қалса  қолдарын  созып  бір-бірімен 

салыстыратын.

Осы оқиғаны риуаят еткен айша анамыз (р.а.):

–  Біз  пайғамбарымыздың  әйелі  Зейнеп  қайтыс 

болғанға  дейін  ол  сөздің  мәнісін  түсінбеппіз.  Қолы 

ұзын  дегені  көп  садақаны  білдіреді  екен.  Бірақ, 

ол  арамыздағы  бойы  ең  ұзын  емес  болатын.  Бір 

ерекшелігі, қолымен іс тігіп, жиған қаражатын үнемі 

садақаға тарататын

360


Тағы бірде айша анамыз сафияның бойы қысқа 

екенін айтып: 

–  сафияға сонша көңіл бөлгенді доғарсаңызшы, 

– деп қалды. ашуланған жары:

–  сен сондай бір сөз айттың, егер бұл сөз теңізге 

тасталса, бәрін былғар еді, – деді. анамыз да өкінді. 

мақсаты  алланың  елшісін  ренжіту  де,  сафия  ана-

мызды кемсіту де емес еді. сондықтан да: 

–  мен тек оны сырттай сипаттадым, – деді. сонда 

пайғамбарымыз:

–  мейлі  дүниені  тұтас  берсе  де  ешкімнің  оның 

сыртынан солай дегенін ұнатпаймын

361


, – деді. 

Бұдан былай сафия айша анамыз үшін алланың 

елшісінің  аманатындай  көрінді.  Көңілін  жағымсыз 

ойлардан арылтып, сафияны қасына ертіп, ең қиын 

сәттерде де екеуі бірге жүрді. 

360


 Бұхари,  Зекет  10  (1354);  мүслим,  фадаилус  сахаба  101  (2452); 

нәсәи, Зекет 59 (2541); Ибн Хиббан, сахих 8\108 (3314) 

361

  Әбу Дәуіт, Әдәб 40 (4875); Тирмизи, сыфатул қияма 51 (2502) 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

222

сұлулығы  әрі  тамақты  дәмді  пісірумен  көзге 



түскен

362


 сафия анамыз қайтыс болған кезде артын-

да  жүз  мың  дирхам  қалдырған.  Оның  үште  бірін 

сіңлісінің  баласына  арнады.  сонда  бұл  баланың 

иудей  екенін  айтып,  ақшаны  бергісі  келмегендерін 

естігенде, айша анамыз дереу іске араласып, оларға 

былай деді:

–  алладан қорқыңдар, өзіне өсиет етіп қалдырған 

нәрсені беріңдер!

363

Бір  нәрсеге  ренжігенімен  оны  тез  ұмытып 



кететін.  аналарымыздың  қай-қайсысының  да 

қарапайымдылығы мен пәктігі адам қызығарлықтай 

еді. Бірде Үммү Хабиба айшаға:

–  Бір  кісінің  жары  емеспіз  бе,  екеуміздің  ара-

мызда біраз түсініспеушіліктер өткен болуы мүмкін, 

алла тағала сені де, мені де кешірсін, – дейді. 

алайда, тарих кітаптарында, табақат кітаптарында 

да  Үммү  Хабиба  мен  айша  анамыздың  арасын-

да  болған  келеңсіздік  туралы  айтылмайды.  соның 

өзінде  бұған  мұқият  қарайтын.  Өйткені,  олар  алла 

елшісінің әйелі болу бақытына ие болған жандар еді. 

ақыретке  реніш  арқалап  кетуді  қаламайтын.  «алла 

кешірсін» деген сөзге сонда айша анамыз:

362


  нәсәи, Ишрәтун ниса 4 (3957). Бір жолы айша анамыз оның әкелген 

табағын сындырып, тамағын төккенін және оның өтемінің не екенін 

расулалладан сұрағанын айтады. «Табаққа табақ, тамаққа тамақ» 

деген жауап алады. Қараңыз: Тирмизи, ахкәм 23 (1359); ахмад 

ибн Ханбал, мүснәд 6\148 (25196); нәсәи, Ишратун ниса, 4 (3957) 

нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\286 (8905)

363

  Ибн сағд, Табақат 8\128




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

223


–  Бәрі үшін алла сені де кешірсін, кемшіліктеріңді 

кешірсін және бұлардың жайсыздығынан сақтасын, – 

деп дұға етеді. Үммү Хабиба анамыз разы кейіпте: 

–  сен мені қуанттың ғой, алла да сені қуантсын!

364

 

– дейді.



Осы сөзді мәймуна анамыздан естиміз: 

–  Ол  біздің  арамызда  ең  тақуа,  алладан  ең 

көп  қорқатын  және  туыстарын  қолдауда  ең  алда 

тұратынымыз еді!

365

 

Бәрі  ізгі  жандар  болғандықтан  араларындағы 



қатынас  та  әрдайым  осы  ізгілікке  негізделген.  Тағы 

қайталап айтатын болсақ, қызғаныш деп қабылдауға 

болатын, алайда біз қызығу деп атайтын бұл жағдайлар 

олар  үшін  тұрақты  емес,  бір  сәттік  мінез  болатын. 

сабаға түскен мезет жағдайды ушықтырмайтын.

Бір күні сәуда анамыздың үйінде расулалланың 

айшаға  деген  сезімі  әңгіме  болды.  ұзақ  әңгімеден 

кейін бір шешімге келіп: 

–  Үммү сәләма, ант етейік, жұрт сыйлық беретін 

кезде де айшаның күнін күтетінін білесің, бірақ ай-

шадан  басқамыздың  да  пейіліміз  дұрыс  қой.  Барып 

білдірші, жұртқа сыйлықты тек  айшаның кезегінде 

емес  кез-келген  басқа  уақытта  да  әкеле  берсін  деп 

айтсын, – дейді.

Бәрінің  ойы  осы  болғандықтан,  Үммү  сәләма 

анамыз барып жағдайды алла елшісіне айтты. алайда, 

күйеуі  бұл  өтінішті  жақтырмай,  жүзін  басқа  жаққа 

364


 Хаким, мүстадрак 4\24 (6773), Ибн сағд, Табақат 8\100; Зәһәби, 

сиәр 2\223; Ибн Хәжар, Исаба 7\653 

365

  Хаким, мүстадрак 4\34 (6799); Ибн сағд, Табақат 8\138; Әбу нуайм, 



Хилия 4\97; Зәһәби, сияр 2\244; Ибн Хажар, Исаба 8\128 


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

224

қаратты. мұңайып қайтып келген Үммү сәләма (р.а.) 



жағдайды аналарымызға айтқанда, олар тағы баруын 

өтінді. Екінші рет те осы жағдай қайталанды. Үммү 

сәләма үшінші рет барғанда, алла елшісі (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) ашуланып:

–  Үммү сәләма, айшаны айтып мені қинамаңдар! 

Уаллаһи,  одан  басқа  әйелдің  қасында  маған  уаһи 

келген емес, – деді. 

мұны көріп талабынан бас тартқан Үммү сәләма:

–  сізді  қинағаныма  өкініп  тәубе  етемін,  – 

деді.  негізі  бәріне  ортақ  қасиет  сол,  істің  ақиқатын 

түсінгенде өз пікірінен бас тарта білетін. сондықтан 

алған  жауабын  жеткізіп,  енді  бұл  іске  араласқысы 

келмейтінін білдірді.

аналарымыз  жауапты  тыңдауын  тыңдағанымен 

әлі  де  ойымызды  анық  жеткізе  алмаудамыз  деп 

ойлады. Бәрі енді фатиманы араға салып:

–  Әкеңе  барып  Әбу  Бәкірдің  қызымен  басқа 

әйелдеріңді  де  тең  көрсеңші  деп  біздің  сәлемімізді 

жеткіз, – деді.

Әуелгі жайттан хабарсыз фатима (р.а.) аналары-

мызды  ренжітпейін  деп  естігендерін  әкесіне  барып 

айтты.  алайда,  пайғамбарымыз  оған  да  ашулана 

қарап: 

–  Қызым,  менің  жақсы  көргенімді  сен  жақсы 

көрмейсің бе? – деді.

Бұл жауабы белгілі сұрақ болатын, еш кідірместен:

–  Жақсы көремін, – деді. Бұл сөздер соншалықты 

қатқыл  естілгендіктен,  фатима  анамыз  алғашында 

сілейіп тұрып қалды, іле дереу кейін шегінді. Барып 

жағдайды  аналарымызға  айтқанымен,  олар  тағы  да 




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

225


барып  жолық  десті.  Бірақ  фатима  анамыз  енді  бұл 

іске араласқысы келмейтінін кесіп айтты.

Ендігі  кезек  Зейнепте  еді.  Қанша  дегенмен 

басқалардан  артықшылығы  жоқ  емес,  некесі  аятпен 

қиылмап  па  еді?!  Жанындағылардың  қыспағымен 

Зейнеп те барып:

–  Әйелдерің  сенен  айшаны  бөлектемей  бәріне 

тең  қарауыңды  қалайды,  –  деді.  мұны  біраз  дауы-

сын  көтеріп  айтты,  мұны  сол  жерде  отырған  айша 

анамыз  да  естіді.  Оның  да  бұл  мәселеден  хабардар 

болғанын көрген пайғамбарымыз бір жағынан айша 

анамыздың әрекетіне көзінің қиығын салды. Өз ара-

ларында  сөйлесе  бастады.  айшаның  артықшылығы 

айқын  түсті.  Зейнеп  анамыз  райынан  қайтып  кері 

шегінді.  мұны  көрген  пайғамбарымыз  тағы  да 

айшаның артықшылығын білдіріп:

–  Қанша  дегенмен,  Әбу  Бәкірдің  қызы  ғой,

366


  – 

деді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет