Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет81/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Қызғаныш па, қызығу ма?

айша  анамыз  бен  пайғамбарымыздың  әйелдері 

арасында  болған  әңгімелерге  қарағанымызда, 

олардың бір-бірін қызғанғаны, әсіресе айша анамызға 

қатысты  жайттар,  кей  кездері  айшаны  басқалардан 

қызғанғаны сөз етіледі. Бұл дұрыс, бірақ түсіндіруді 

талап ететін мәселе, ол былай:

Ең  әуелі  толықтай  мағынада  мұны  қызғаныш 

деуге  келмейді.  неге  десеңіз,  бұл  сөздің  бізде 

беретін  мағынасы  онша  жағымды  емес,  басқаның 

қолындағыға көз алартуды бідіреді. алайда, аналары-

мызда басқада бар нәрсеге іштарлану болмаған, олар 

сондай жағдайға өздері де қол жеткізгенді қалайтын. 

Бұған  қоса,  олар  әлі  үкімі  белгісіз  мәселелерде  өз 

білгендерінше  әрекет  жасап,  басқалардың  жаңа 

мәселелерді  үйренуіне  себеп  болған.  Ендеше,  мұны 

қызғаныш емес, қызығу деп атаған жөн. Өйткені, олар 

басқада болмасын демеген, өзі де соған жеткісі келген. 

Осы тұрғыдан аналарымыздың өзара байланыстарын 

көрсетуге қызығу сөзі анағұрлым келіңкірейді. 

Пенде болған соң араларында қызығушылықтың 

болуы  қалыпты.  Өйткені,  «мүминдердің  анасы» 

дәрежесіндегі  жандар  мен  алла  елшісінің  арасын-

да  өткен  оқиғалар  осындай  жағдайларда  Құран  мен 

сүннет аясында не істеу керектігін білуде кейінгілерге 

өнеге.  ақиқатты  анықтау  мақсатында  олардың  да 

арасында осындай оқиғалардың болып тұруы табиғи 

нәрсе.  Бұл  тұста  айшаның  басқа  аналарымызға 

қызығуы  және  басқа  әйелдердің  айша  анамызға 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

214

қызығуы  түрінде  екі  жақты  қызығушылық  туралы 



айтуға болады. 

Тағы  бір  назар  аударатын  тұс,  бұл  жағдай  жай 

бір  адамға  қатысты  емес,  өзімен  бір  сәтті  болса  да 

бөлісуді әрбір мүмин арман еткен алланың ең сүйікті 

құлы пайғамбарымызға қатысты. алайда, босағасын 

аттаған әр әйелмен Пайғамбарымыздың жұбайларына 

арнаған күндері бөліске түсетін. анығырақ айтқанда, 

алланың  елшісі  хижреттің  үшінші  жылы  Хафса 

анамызбен  үйленгенге  дейін  сәуда  және  айша 

аналарымызға  екі  күнде  бір  кезек  келсе,  бұл  үйге 

басқа аналарымыздың келуімен оларға кезек тек тоғыз 

күнде  бір  келетін.  Әсіресе,  айша  анамыз  уақытты 

бөлісуге сараң қарағаны белгілі.

мәселеге  сырттай  әрі  әйел  табиғатын  ескере 

отырып қарағанда, алла елшісін (саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм) өзінен төрт жыл бұрын некелескен сәуда 

анамыздан қызғануы керек-ті. Бірақ, басқа әйелдерге 

қарағанда  айша  (р.а.)  осы  сәуда  анамызбен  жақсы 

түсініскен. Тіпті ол кісі туралы:

–  Қандай  асыл  әйел!  сәудадан  асқан  әйелді 

көрмедім

348


, – дегені де бар. 

айша анамыздан кейін келген әйелдердің жанын-

да ол жол көрсетуші болатын. 

айша  мен  Хафса  анамыз  көп  араласқан.  Хафса 

(р.а.) хазірет Омардың қызы еді. Әкелерінің достығы 

қыздарына да өткен секілді еді. анда-санда отырып 

кеңесетін, бір-бірінің пікірін құрметтейтін. 

348


  мүслим, рада 47 (1463); Ибн Хиббан, сахих 10\12 (4211); Байһақи, 

сүнән 7\74 (13211); нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\301 (8934); Исхақ 

ибн рахуайх, мүснәд 2\207 (712)



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

215


Үммү сәләма анамыз ақыл-ой, зеректігімен оқшау 

тұрған.  Әсіресе,  Хұдайбия  күні  болған  қақтығысты 

шешуде зеректігін байқатқан

349


Хазірет  Жүбәйрияның  қаншалықты  жақсы  кісі 

екенін: 

–  Қауымына  дәл  Жүбәйриядай  пайдасы  тиген 

адамды білмеймін

350


, – дегенімен білдірген.

Хазірет  айша  (р.а.)  басқа  аналарымыз  үшін 

де  мақтау  сөздер  айтқан.  Бірақ  әрбірі  анамызды 

алланың елшісінен бір-бір күнге алыстатқан жандар 

еді. Қалыпты жағдайда алланың ең сүйікті құлынан 

өзін  алыстатқан  адамға  басқаша  қарау  керек  болса 

(ұсақ-түйек  оқиғаларды  қоспағанда)  хазірет  айша 

бұлай  жасамаған.  алланың  елшісінің  таңдауына 

қиналмастан көнген. Өйткені, ол пайғамбардың үйінен 

сабақ  алған  шәкірт  болатын.  Күйеуінің  мақсатын 

айтқызбай  сезетін.  Өйткені,  пайғамбарымыздың 

үйленуі жайдан-жай емес, исламды жаю мақсатында 

екенін  жақсы  білетін.  Біреуімен  үйлену  арқылы 

меккеліктерді  бері  қаратса,  біразы  арқылы  үлкен 

қауымдар  мен  тайпаларды  исламға  шақырғысы 

349


  сол күні меккеліктермен келісімшарт жасалған. Умра жасай алмай 

кері қайту сахабаларға ауыр тиіп, Хұдайбиядан кеткісі келмейді. 

ренжігендері соншалық, алла расулының талаптарына да бірден «иә» 

дей алмай абдырап қалды. Бұл жағдай туралы пайғамбарымыз анала-

рымызбен ақылдасқанда, Үммү сәләма анамыз оған өз құрбанын ша-

луы керектігін айтады. шынында да барып құрбанын шалғанда, арты-

нан сахабалар да дәл солай жасай бастады, мәселе осылайша шешілді. 

Қараңыз: Бұхари, шурут 15 (2581); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 4\323 

(18930); Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\383 (36840) 

350


  Әбу Дәуіт, ′Итық 2 (3931); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\277 (26408), 

сондай-ақ, оның сұлулығы мен сүйкімділігін де айтады. Қараңыз: 

Хаким, мүстадрак 4\28 (6781)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет