9.
Ес
«Сөзді есіңе сақта»
Мақсаты: ұзақ және қысқа еске сақтауларын анықтау
Әдістеме:
«Қазір мен сөздерді айтамын, сен оларды есіңе сақтап қайталап айтасың».
Асықпай сөздерді айтады: шам, ағаш, қуыршақ, кітап, адам, пальто, стақан, телефон,
теледидар т.б. Осылай 5 рет оқылады, содан кейін әр бала нені есіне қалдырғанын
қайталайды. 10 минутта баладан 6 рет сұралады.
Нәтиже қорытындысы.
10 ұпай- 6 реттен кейін бала 12 сөз айта алды.
8-9 ұпай- 10-11 сөз
6-7 ұпай- 8-9 сөз
4-5 ұпай- 6-7 сөз
2-3 ұпай- 4-5 сөз
0-1
ұпай- 3 және одан да аз сөз
10.
Қарым-қатынас
«Балаларды бақылау»
Мақсаты: баланың үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас деңгейін анықтау
Әдістеме:
Тексеруші бір баланы таңдап алып, оны 1 сағат көлемінде бақылайды.
Мәліметті таблицаға түсіреді.
Нәтиже қорытындысы.
Көрсеткіштер:
→- құрбыларымен бір жақты қатынас
↔- екі жақты құрбыларымен қатынас
↑- үлкендермен бір жақты қатынас
↕- үлкендермен екі жақты қатынас
№ 1 таблица
№
Жасы, аты-жөны
11:05
11:10
11:15
11:20
11:25
11:30
11:35
11:40
11:45
11:50
11:55
12:00
Ата-аналарымен, тәрбиешілермен сауалнама жүргізу
Мақсаты: Үлкендердің көзқарасымен бала қандай қасиеттерге ие.
Әдістем:
Үлгіде көрсетілген қасиеттердің бала бойында бар дегендерінің жанына «+»
белгісін, жоқ дегенге «-»
Белгісін қою қажет.
Үлгі:
1.
мейірім
2.
әуесқой
3.
ұқыпты
4.
жауапкершілік
5.
әділдік
6.
адамға үйір
7.
еті тірі
8.
еңбекқор
9.
қиялшыл
10.
тәртіпті
Нәтиже қорытындысы.
«+» -1 ұпай
«-« - 0 ұпай
10- өте жоғары деңгей
8-9- жоғары
4-7- орташа
2-3- төмен
0-1- нашар
11. Қиял
«Бірдеменің суретін сал»
Мақсаты: баланың қиялы қандай деңгейде, эмоциялы ма, көркемдік дағдыны қалай
игергенін тексеру.
Әдістеме.
Балаға 4 минут уақыт, фломастер беріліп қандай да төтенше бір нәрсенің суретін салу
беріледі.
Нәтиже қорытындысы.
10ұпай- біртума, төтен, қиялының бастамасын көрсететін, бөліктері мұқият жасалған,
түстері ашық, анық
8-9 ұпай- салынған нәрсе соншалықты жаңа зат емес, бірақ түсі ашық әрі эмоцияға бай
5-7 ұпай – бала таныс зат, бірақ аздап қиялы бар, бөліктерін жартылай өзгерткен
3-4 ұпай- қарапайым сурет, қиялы орташа, бөліктерін нақты көрсете алмаған.
0-2- ұпай- суретте жеке сызықтармен штрихтар