Тексеруші балаға
«Мен саған бір затты айтамын, сен оның көпше түрін айт» . Мысалы:
қарындаш- қарындаштар. Берілген зат есімдер: кітап, қаламсап, шам, үстел, терезе, қала,
орындық, құлақ, аға, жалау, бала.
4.
Суретті әңгіме
Баланың алдына балаға таныс әңгіме желісі бойынша ретсіз қойылған 4 сурет көрсетіледі.
Тексеруші балаға суреттерді әңгіме желісі бойынша ретімен қоюын сұрайды. Сонымен
қатар бала неге олай қойғанын түсіндіруі керек.
Нәтижені бағалау:
Орындалған әр бір тапсырма «+», «-» белгілерімен бағаланады.
1 тапсырма: «+», «-» белгілерімен
2 – 4 тапсырма: «+», «+», «-»
3 тапсырма : 2 қате «+»; 7 қате – «-»; аралас нәтиже- «+» деп белгіденеді. Ойлау мен
сөйлеудің қорытынды деңгейін «жоғар» деп, егер барлығы «+» болса, « нашар» деп, егер
барлығы «-», немесе 4 суреттің үшеуі, 2 тапсырма «-», 2 тапсырма «+» болса, аралық есеп
«орташа» деп бағаланады.
5. Ойлау
1.
«Қима суреттерді құрастыру»
Мақсаты: Топшылауға үйрету
Балаға бөліктерден сурет құрау тапсырылады. Тексеруші балаға « байқайсың ба сурет
сынып қалыпты, құрастырып көрші деп айтады. Не бейнеленіп тұрғанын айтуға
болмайды. Егер бала құрастыра алмаса одан жеңіл нұсқа беріледі.
Нәтиже бағасы.
Дұрыс орындалған 1 тапсырмаға «+», егер 2 тапсырма «+». Егер дұрыс құрастырылмаса «-
» деп бағаланады.
2.
«Лабиринт»
Мақсаты: баланың шартты белгілермен, схеманы қолдана білуін, бейнелі-схемалық
ойлауын тексеру
Материал: ашық алаңқайда жолдар мен бекіністер көрсетілген және «хат» өзінің қай
бекіністегі үйшікке бағытталған. « Алдарыңда алаңқай көрстеілген, онда жолдар мен
бекіністер көрсетілген. Қай үйге келу қажеттігін «хаттан» көруге болады.»
Нәтиже бағасы.
1-6 тапсырманың әр қайсысындағы дұрыс бұрылыс 1 ұпай (жоғары баға 4 ұпай) 7-10
тапсырма 2 ұпайдан (жоғары ұпай: 7,8- 4 ұпай, 9,10-6 ұпай). Барлық баға қосындысы - 44
ұпай.
|